Оқу бағдарламалары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тыңдалым
1.1 Болжау
- 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
1.2 Назарын шоғырландырып тыңдау
- 10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру
1.3 Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
- 10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
1.4 Көркем шығармаларды тыңдау
- 10.1.4.1 драмалық, прозалық, поэзиялық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау
1.5 Негізгі ойды анықтау
- 10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау
1.6 Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру
- 10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу
2-бөлім. Айтылым
2.1 Сөздік қорының алуандығы
- 10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану
2.2 Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті
- 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету
2.3 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
- 10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
2.4 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау
- 10.2.4.1 мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтау, оған түсініктеме беру
2.5 Сенімді және еркін жауап беру
- 10.2.5.1 пікірталастың "пікірталас -монолог", "пікірталас-диалог", "пікірталас-полилог" түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу
2.6 Визуалды материалдар арқылы тілді дамыту
- 10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру
3-бөлім. Оқылым
3.1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау
- 10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау
3.2 Стильдік ерекшеліктерді анықтау
- 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау
3.3 Көркем шығармаларды оқу
- 10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
3.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
- 10.3.4.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасау
3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
- 10.3.5.1 мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдарды энциклопедиялардан тауып, ортақ қорытындылар жасау
3.6 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау
- 10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау
4-бөлім. Жазылым
4.1 Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру
- 10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазу
4.2 Эссе жазу
- 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
4.3 Шығармашылық жазба жұмысы
- 10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу
4.4 Мәліметтерді жинақтау
- 10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация)
4.5 Жинақы мәтін құрастыру (компрессия)
- 10.4.5.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастыру
4.6 Орфография және пунктуация
- 10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
5-бөлім. Тілдік бірліктерді қолдану
5.1 Сөз таптары
- 10.5.1.1 тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану
- 10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану
- 10.5.1.3 сан есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану
- 10.5.1.4 есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану
- 10.5.1.5 мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану
- 10.5.1.6 үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану
- 10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану
5.2 Сөйлем
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.