Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 6‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат

Оқу мақсаттары

6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым

1.1 Болжау

  • 6.1.1.1 тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау

1.2 Назарын шоғырландырып тыңдау

  • 6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау

1.3 Сөздер мен сөз тіркестері нің мағынасын түсіну

  • 6.1.3.1 тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

1.4 Көркем шығармаларды тыңдау

  • 6.1.4.1 әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау

1.5 Негізгі ойды анықтау

  • 6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

1.6 Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру

  • 6.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

2-бөлім. Айтылым

2.1 Сөздік қорының алуандылығы

  • 6.2.1.1 тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу

2.2 Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті

  • 6.2.2.1 тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу

2.3 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

  • 6.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту

2.4 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

  • 6.2.4.1 шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау

2.5 Сенімді және еркін жауап беру

  • 6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

2.6 Визуалды материал дар арқылы тілді дамыту

  • 6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру

3-бөлім. Оқылым

3.1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау

  • 6.3.1.1 мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттар мен байланыстыру

3.2 Стильдік ерекшеліктерді анықтау

  • 6.3.2.1 ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян, түйіндеме)

3.3 Көркем шығармаларды оқу

  • 6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

3.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

  • 6.3.4.1 мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру

3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

  • 6.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау

3.6 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

  • 6.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру

4-бөлім. Жазылым

4.1 Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру

  • 6.4.1.1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу

4.2 Эссе жазу

  • 6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

4.3 Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу

  • 6.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу

4.4 Мәліметтерді жинақтау

  • 6.4.4.1 мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау

4.5 Орфография және пунктуация

  • 6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

5-бөлім. Тілдік бағдар

5.1 Сөз таптары

  • 6.5.1.1 мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
  • 6.5.1.2 лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
  • 6.5.1.3 реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
  • 6.5.1.4 өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
  • 6.5.1.5 етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ,жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
  • 6.5.1.6 сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
  • 6.5.1.7 талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін және себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

5.2 Сөйлем

  • 6.5.2.1 жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Отан отбасынан басталады

Тақырып Оқу мақсаттары
М.Әуезов "Абай жолы" романы, "Қайтқанда" тарауы (үзінді) 6.1.1.1, 6.1.5.1, 6.2.2.1, 6.2.3.1, 6.3.2.1, 6.3.5.1, 6.4.4.1, 6.4.1.1, 6.5.1.1

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Тақырып Оқу мақсаттары
Ә.Дүйсенбиев "Бәтіңке, шұжық, балқаймақ" өлеңі 6.5.2.1, 6.1.6.1, 6.2.4.1, 6.2.1.1, 6.3.2.1, 6.3.4.1, 6.4.1.1, 6.4.5.1, 6.5.1.2

Таулар сыры

Тақырып Оқу мақсаттары
М. Мақатаев "Мен таулықпын" өлеңі 6.1.3.1, 6.1.4.1, 6.2.6.1, 6.2.5.1, 6.3.1.1, 6.3.6.1, 6.4.2.1, 6.4.3.1, 6.5.1.3

2-тоқсан

Қуат көзін үнемдей білеміз бе?

Тақырып Оқу мақсаттары
М. Жұмабаев "От" өлеңі (үзінді) 6.1.2.1, 6.1.5.1, 6.2.2.1, 6.2.5.1, 6.3.2.1, 6.3.6.1, 6.4.4.1, 6.4.1.1, 6.5.1.4

Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада

Тақырып Оқу мақсаттары
Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада 6.1.1.1, 6.1.5.1, 6.2.2.1, 6.2.4.1, 6.3.1.1, 6.3.3.1, 6.4.4.1, 6.4.5.1, 6.5.1.1, 6.5.2.1

Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Тақырып Оқу мақсаттары
Ә. Ысқақ "Күн ұлымын" 6.1.3.1, 6.1.6.1, 6.2.6.1, 6.2.3.1, 6.3.3.1, 6.3.2.1, 6.4.1.1, 6.4.5.1, 6.5.1.5

Қазақстан қорықтары

Тақырып Оқу мақсаттары
Ө.Тұрманжанов "Қарлығаш, дәуіт, жылан" 6.1.1.1, 6.1.4.1, 6.2.4.1, 6.2.1.1, 6.3.1.1, 6.3.4.1, 6.4.2.1, 6.4.3.1, 6.5.1.5

3-тоқсан

Болашақ мамандықтары

Тақырып Оқу мақсаттары
А.Машанов "Жер астына саяхат" 6.1.4.1, 6.1.6.1, 6.2.2.1, 6.2.6.1, 6.3.1.1, 6.3.5.1, 6.5.1.5

Қазақстан және Ұлы Жібек жолы

Тақырып Оқу мақсаттары
Д. Досжан "Жібек жолы" романы (үзінді) 6.1.1.1, 6.1.5.1, 6.2.5.1, 6.2.3.1, 6.3.2.1, 6.3.3.1, 6.4.4.1, 6.4.3.1, 6.5.1.5

Жер байлығына аяулы көзқарас

Тақырып Оқу мақсаттары
Ш. Айтматов "Ана - Жер Ана" 6.1.2.1, 6.1.3.1, 6.2.1.1, 6.2.4.1, 6.3.4.1, 6.3.6.1, 6.4.5.1, 6.4.1.1, 6.5.1.6

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы

Тақырып Оқу мақсаттары
М.Әлімбаев "Шынықсаң, шымыр боларсың" өлеңі, Ә. Дүйсенбиев "Күшті болсам мен егер" 6.1.3.1, 6.1.4.1, 6.2.5.1, 6.2.3.1, 6.3.3.1, 6.3.6.1, 6.4.2.1, 6.4.5.1, 6.5.1.7

4-тоқсан

Абайды оқы, таңырқа!

Тақырып Оқу мақсаттары
Абай Құнанбайұлы Табиғат лирикасы, "Жазғытұры", "Жаз", "Күз", "Қыс" өлеңдері 6.1.2.1, 6.1.5.1, 6.2.6.1, 6.2.1.1, 6.3.3.1, 6.3.4.1, 6.4.3.1, 6.4.1.1, 6.5.1.7

Қазақ ұлттық қолөнері

Тақырып Оқу мақсаттары
О. Бөкей "Апамның астауы" әңгімесінен (үзінді), Ф.Оңғарсынова "Оюлар" өлеңі (үзінді) 6.1.1.1, 6.1.3.1, 6.2.2.1, 6.2.3.1, 6.3.4.1, 6.3.6.1, 6.4.2.1, 6.4.3.1, 6.5.2.1

Өлкені сипаттау өнері

Тақырып Оқу мақсаттары
Өлкені сипаттау өнері 6.1.1.1, 6.1.5.1, 6.2.5.1, 6.2.6.1, 6.3.1.1, 6.3.4.1, 6.4.2.1, 6.4.3.1, 6.5.1.1, 6.5.2.1

Саяхат және туризм

Тақырып Оқу мақсаттары
Шоқан Уалиханов "Жоңғария очерктері" (үзінді) 6.1.4.1, 6.1.6.1, 6.2.4.1, 6.2.1.1, 6.3.1.1, 6.3.2.1, 6.4.4.1, 6.4.1.1, 6.4.5.1, 6.5.2.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 6-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.