Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат

Оқу мақсаттары

5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым

1.1 Болжау

  • 5.1.1.1 тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау

1.2 Назарын шоғырландырып тыңдау

  • 5.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

1.3 Сөздер мен сөз тіркестері нің мағынасын түсіну

  • 5.1.3.1 күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердіңмағынасын түсіну

1.4 Көркем шығармаларды тыңдау

  • 5.1.4.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну

1.5 Негізгі ойды анықтау

  • 5.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау

1.6 Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру

  • 5.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

2-бөлім. Айтылым

2.1 Сөздік қорының алуандылығы

  • 5.2.1.1 тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу

2.2 Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті

  • 5.2.2.1 қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану

2.3 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

  • 5.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту

2.4 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

  • 5.2.4.1 шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау

2.5 Сенімді және еркін жауап беру

  • 5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

2.6 Визуалды материал дар арқылы тілді дамыту

  • 5.2.6.1 тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау

3-бөлім. Оқылым

3.1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау

  • 5.3.1.1 мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

3.2 Стильдік ерекшеліктерді анықтау

  • 5.3.2.1 хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау

3.3 Көркем шығармаларды оқу

  • 5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

3.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

  • 5.3.4.1 мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру

3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

  • 5.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу

3.6 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

  • 5.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру

4-бөлім. Жазылым

4.1 Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру

  • 5.4.1.1 ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу

4.2 Эссе жазу

  • 5.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу

4.3 Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу

  • 5.4.3.1 жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу

4.4 Мәліметтерді жинақтау

  • 5.4.4.1 мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау

4.5 Орфография және пунктуация

  • 5.4.5.1 жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

5-бөлім. Тілдік бағдар

5.1 Сөз таптары

  • 5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
  • 5.5.1.2 лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
  • 5.5.1.3 сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану
  • 5.5.1.4 жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
  • 5.5.1.5 болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
  • 5.5.1.6 мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
  • 5.5.1.7 ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

5.2 Сөйлем

  • 5.5.2.1 жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Отбасындағы дәстүр мен мерекелер

Тақырып Оқу мақсаттары
М.Мақатаев "Тоқта, ботам!" өлеңі 5.1.1.1, 5.1.3.1, 5.2.3.1, 5.2.2.1, 5.3.1.1, 5.3.3.1, 5.4.5.1, 5.4.4.1, 5.5.1.1

Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала

Тақырып Оқу мақсаттары
Б. Соқпақбаев "Менің атым Қожа" повесі (үзінді) 5.1.2.1, 5.1.5.1, 5.2.2.1, 5.2.5.1, 5.3.2.1, 5.3.5.1, 5.4.1.1, 5.4.2.1, 5.5.1.1

Қазақстандағы жан -жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Тақырып Оқу мақсаттары
Жан - жануарлар туралы ертегілер, жұмбақтар 5.1.4.1, 5.1.6.1, 5.2.6.1, 5.2.5.1, 5.3.3.1, 5.3.5.1, 5.4.3.1, 5.4.4.1, 5.5.1.2

2-тоқсан

Ежелгі көшпелілер мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
Тұмар ханшайым туралы аңыз 5.1.2.1, 5.1.5.1, 5.2.1.1, 5.2.3.1, 5.3.2.1, 5.3.3.1, 5.4.1.1, 5.4.5.1, 5.5.1.3

Су – тіршілік көзі

Тақырып Оқу мақсаттары
Ә.Тәжібаев "Сырдария" өлеңі 5.1.1.1, 5.1.5.1, 5.2.4.1, 5.2.5.1, 5.3.2.1, 5.3.6.1, 5.4.2.1, 5.4.4.1, 5.5.1.4

Әлемдегі ірі кітапханалар

Тақырып Оқу мақсаттары
Абай Құнанбайұлы "Ғылым таппай, мақтанба" өлеңі 5.1.3.1, 5.1.4.1, 5.2.3.1, 5.2.5.1, 5.3.2.1, 5.3.3.1, 5.4.5.1, 5.4.2.1, 5.5.1.5

3-тоқсан

Денсаулық – зор байлық

Тақырып Оқу мақсаттары
"Ең үлкен байлық" ертегісі 5.1.4.1, 5.1.6.1, 5.2.4.1, 5.2.2.1, 5.3.1.1, 5.3.4.1, 5.4.3.1, 5.4.2.1, 5.5.1.6

Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Тақырып Оқу мақсаттары
Қ. Сарин "Тәуелсіздік" өлеңі 5.1.1.1, 5.1.2.1, 5.2.1.1, 5.2.6.1, 5.3.5.1, 5.3.4.1, 5.4.4.1, 5.5.1.7

Аспан әлемінің құпиялары

Тақырып Оқу мақсаттары
Жұлдыздар туралы аңыздар, ертегілер 5.1.1.1, 5.1.3.1, 5.2.3.1, 5.2.6.1, 5.3.4.1, 5.3.6.1, 5.4.2.1, 5.4.3.1, 5.5.1.7

Компьютер дің тілін табу − өнер

Тақырып Оқу мақсаттары
Ы.Алтынсарин"Өнер-білім бар жұрттар" өлеңі 5.1.1.1, 5.1.6.1, 5.2.4.1, 5.2.6.1, 5.3.1.1, 5.3.4.1, 5.4.4.1, 5.4.1.1, 5.5.2.1

4-тоқсан

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Тақырып Оқу мақсаттары
М.Мағауин "Бір атаның балалары" (үзінді) 5.1.2.1, 5.1.6.1, 5.2.3.1, 5.2.5.1, 5.3.2.1, 5.3.6.1, 5.4.2.1, 5.4.4.1, 5.5.2.1

Ұлы Дала табиғаты

Тақырып Оқу мақсаттары
Қ. Мырзалиев "Табиғат – жаратылыс пернесі" өлеңі 5.1.1.1, 5.1.2.1, 5.2.1.1, 5.2.6.1, 5.3.3.1, 5.3.5.1, 5.4.1.1, 5.4.3.1, 5.5.2.1

Ер есімі – ел есінде!

Тақырып Оқу мақсаттары
Ғ. Мүсірепов "Қазақ солдаты" романы (үзінді) 5.1.3.1, 5.1.6.1, 5.2.2.1, 5.2.3.1, 5.3.1.1, 5.3.6.1, 5.4.1.1, 5.4.5.1, 5.5.2.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 5-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.