Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (орыс тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тыңдалым

1.1 Болжау

  • 11.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу

1.2 Назарын шоғырландырып тыңдау

  • 11.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу) және берілген ақпараттарды жүйелеу

1.3 Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

  • 11.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

1.4 Көркем шығармаларды тыңдау

  • 11.1.4.1 көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау

1.5 Негізгі ойды анықтау

  • 11.1.5.1 мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтау

1.6 Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру

  • 11.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу

2-бөлім. Айтылым

2.1 Сөздік қорының алуандығы

  • 11.2.1.1 ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

2.2 Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті

  • 11.2.2.1 ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монологпен диалогті үйлестіре қолдану, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып,тыңдаушылармен қарым-қатынас орнату

2.3 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

  • 11.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

2.4 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

  • 11.2.4.1 кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау

2.5 Сенімді және еркін жауап беру

  • 11.2.5.1 көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу

2.6 Визуалды материалдар арқылы тілді дамыту

  • 11.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау

3-бөлім. Оқылым

3.1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау

  • 11.3.1.1 мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау

3.2 Стильдік ерекшеліктерді анықтау

  • 11.3.2.1 ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, аннотация, үндеу, очерк, дәріс, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау

3.3 Көркем шығармаларды оқу

  • 11.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру

3.4 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

  • 11.3.4.1 ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, аннотация, очерк, үндеу, дәріс, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (құрылымы, қызметі, мақсатты аудиториясы, оқырманға әсері) талдау жасау

3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

  • 11.3.5.1 қосымша ғылыми-анықтамалық ақпарат көздерінен алынған материалдар негізінде мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасау

3.6 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

  • 11.3.6.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу

4-бөлім. Жазылым

4.1 Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру

  • 11.4.1.1 ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, баспасөз парағы, аннотация, үндеу жазу

4.2 Эссе жазу

  • 11.4.2.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

4.3 Шығармашылық жазба жұмысы

  • 11.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарындакөркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

4.4 Мәліметтерді жинақтау

  • 11.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстыру (тірек-схема, менталды карта, презентация)

4.5 Жинақы мәтін құрастыру (компрессия)

  • 11.4.5.1 ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерден басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастыру

4.6 Орфография және пунктуация

  • 11.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

5-бөлім. Тілдік бірліктерді қолдану

5.1 Сөз таптары

  • 11.5.1.1 ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолдану
  • 11.5.1.2 сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану
  • 11.5.1.3 мәтін құрауда сан есімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану
  • 11.5.1.4 мәтін құрауда есімдіктердің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану
  • 11.5.1.5 мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап,оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану
  • 11.5.1.6 мәтін құрауда үстеудің мағынанылқ түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай орынды қолдану
  • 11.5.1.7 мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану

5.2 Сөйлем

  • 11.5.2.1 оқшау сөздердің қызметін білу,жазба жұмыстарында орынды қолдану
  • 11.5.2.2 айқындауыш мүшелелер (қосалқы, қосарлы, оңашаланған) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Қазіргі қоғамдағыәлеуметтік теңсіздік

Тақырып Оқу мақсаттары
Ерболат Әбікенұлы "Пәтер іздеп жүр едік" әңгімесі 11.1.1.1, 11.1.3.1, 11.2.4.1, 11.2.5.1, 11.3.2.1, 11.3.3.1, 11.4.1.1, 11.4.6.1, 11.5.1.1

Экология.Мұнай және атомдық индустрия

Тақырып Оқу мақсаттары
Гауһар Сейітжан "Қара алтыны халқымның..." 11.1.3.1, 11.1.5.1, 11.2.1.1, 11.2.4.1, 11.3.2.1, 11.3.3.1, 11.4.1.1, 11.4.2.1, 11.4.4.1, 11.5.1.1

Тіл. Өнер. Әдебиет

Тақырып Оқу мақсаттары
Ілияс Жансүгіров "Күй" поэмасы 11.1.2.1, 11.1.4.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.3.4.1, 11.3.6.1, 11.4.3.1, 11.4.6.1, 11.5.1.2

2-тоқсан

Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі

Тақырып Оқу мақсаттары
Ыбырай Алтынсарин "Атымтай жомарт" 11.1.2.1, 11.1.6.1, 11.2.4.1, 11.2.6.1, 11.3.2.1, 11.3.3.1, 11.4.1.1, 11.4.4.1, 11.4.2.1, 11.5.1.3

Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі

Тақырып Оқу мақсаттары
Дүкенбай Досжан "Төрт патшаны көрген кейуана" хикаяты 11.1.4.1, 11.1.5.1, 11.2.2.1, 11.2.5.1, 11.3.2.1, 11.3.1.1, 11.4.3.1, 11.4.5.1, 11.5.1.4

Ұлттық театр –өнер ордасы

Тақырып Оқу мақсаттары
Сәбит Оразбай "Өмірдің өзі театр" әңгімесі 11.1.1.1, 11.1.4.1, 11.2.1.1, 11.2.3.1, 11.3.2.1, 11.3.5.1, 11.4.3.1, 11.4.1.1, 11.5.1.5

3-тоқсан

Туризм: экотуризм

Тақырып Оқу мақсаттары
Сәкен Сейфуллин "Көкшетау" поэмасы, Ілияс Жансүгіров "Жетісу суреттері" өлеңі 11.1.4.1, 11.1.6.1, 11.2.1.1, 11.2.4.1, 11.3.4.1, 11.3.1.1, 11.4.1.1, 11.4.2.1, 11.5.1.5

Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

Тақырып Оқу мақсаттары
Мұхтар Әуезов "Абай жолы" романы 1,2‑кітабы 11.1.1.1, 11.1.3.1, 11.2.3.1, 11.2.5.1, 11.3.4.1, 11.3.3.1, 11.4.2.1, 11.4.5.1, 11.5.1.6

Жастар мәселесі нің түйіткіл дері

Тақырып Оқу мақсаттары
Мұхтар Әуезов "Абай жолы" романы 3,4‑кітабы 11.1.4.1, 11.1.6.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.3.1.1, 11.3.6.1, 11.4.2.1, 11.4.4.1, 11.5.1.7

Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты

Тақырып Оқу мақсаттары
Қабдеш Жұмаділов "Қаздар қайтып барады" 11.1.2.1, 11.1.3.1, 11.2.4.1, 11.2.6.1, 11.3.3.1, 11.3.1.1, 11.4.5.1, 11.4.6.1, 11.5.1.7

4-тоқсан

Толеранттылық – ел бірлігі

Тақырып Оқу мақсаттары
Сайын Мұратбеков "Телі өскен ұл" повесі 11.1.4.1, 11.1.5.1, 11.2.2.1, 11.2.5.1, 11.3.2.1, 11.3.5.1, 11.4.1.1, 11.4.3.1, 11.5.2.1

Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік

Тақырып Оқу мақсаттары
Несіпбек Айтұлы "Бәйтерек" 11.1.1.1, 11.1.3.1, 11.2.1.1, 11.2.4.1, 11.3.3.1, 11.3.6.1, 11.4.2.1, 11.4.5.1, 11.5.2.1

Бос уақыт – қоғам дамуыныңкөрсеткіші

Тақырып Оқу мақсаттары
Мұқағали Мақатаев "Сағатым қайда, сағатым?" өлеңі 11.1.1.1, 11.1.4.1, 11.2.1.1, 11.2.3.1, 11.3.1.1, 11.3.6.1, 11.4.4.1, 11.4.2.1, 11.4.6.1, 11.5.2.2
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.