Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Түсіну және жауап беру

1.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

  • 11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

1.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

  • 11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау

1.3 Көркем шығармадағы образ

  • 11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

1.4 Шығарма үзінділерімен жұмыс

  • 11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

1.5 Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу

  • 11.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру

2-бөлім. Анализ және интерпретация

2.1 Әдеби шығарманың композициясы

  • 11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

2.2 Автор бейнесі

  • 11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау

2.3 Көркем шығарманың тілі

  • 11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

2.4 Шығармашылық жұмыс

  • 11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

2.5 Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар

  • 11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау

3-бөлім. Бағалау және салыстыру

3.1 Тарихи және көркемдік құндылығы

  • 11.3.1.1 шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

3.2 Заманауилығы мен жаңашылдығы

  • 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау

3.3 Әдеби эссе

  • 11.3.3.1 шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

3.4 Әдеби сын

  • 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Кеңістік пен уақыт

Тақырып Оқу мақсаттары
О. Бөкей "Атау кере" повесі, Ж. Әбдірашев "Дала, сенің ұлыңмын" өлеңі 11.1.1.1, 11.1.3.1, 11.1.2.1, 11.1.4.1, 11.1.5.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.2.5.1, 11.3.1.1, 11.3.2.1, 11.3.3.1, 11.3.4.1

2-тоқсан

Заман шындығы

Тақырып Оқу мақсаттары
Б. Мұқай "Өмірзая" романы, Ерболат Әбікен "Пәтер іздеп жүр едік" әңгімесі 11.1.1.1, 11.1.2.1, 11.1.3.1, 11.1.5.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.2.5.1, 11.3.1.1, 11.3.2.1, 11.3.4.1

3-тоқсан

Ғасырлық туынды

Тақырып Оқу мақсаттары
М. Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы 1, 2‑том 11.1.1.1, 11.1.2.1, 11.1.3.1, 11.1.4.1, 11.1.5.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.2.5.1, 11.3.1.1, 11.3.2.1, 11.3.3.1, 11.3.4.1

4-тоқсан

Табиғат және адам

Тақырып Оқу мақсаттары
Қ. Мырзалиев "Қызыл кітап" поэмасы, С. Балғабаев "Тойдан қайтқан қазақтар" комедиялық драмасы 11.1.1.1, 11.1.2.1, 11.1.3.1, 11.1.4.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.2.5.1, 11.3.2.1, 11.3.4.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.