Оқу бағдарламалары
Қазақ әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Түсіну және жауап беру
1.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- 7.1.1.1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
1.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
- 7.1.2.1 әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау
1.3 Көркем шығармадағы образ
- 7.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау
1.4 Шығарма үзінділерімен жұмыс
- 7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,үзінділерді жатқа айту
2-бөлім. Анализ және интерпретация
2.1 Әдеби шығарманың композициясы
- 7.2.1.1 шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру
2.2 Автор бейнесі
- 7.2.2.1 эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
2.3 Көркем шығарманың тілі
- 7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
2.4 Шығармашылық жұмыс
- 7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
3-бөлім. Бағалау және салыстыру
3.1 Тарихи және көркемдік құндылығы
- 7.3.1.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
3.2 Заманауи лығы мен жаңашылдығы
- 7.3.2.1 әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
3.3 Әдеби эссе
- 7.3.3.1 шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
3.4 Әдеби сын
- 7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.