Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Түсіну және жауап беру

1.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

  • 11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну

1.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

  • 11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

1.3 Көркем шығармадағы образ

  • 11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

1.4 Шығарма үзінділерімен жұмыс

  • 11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану

1.5 Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу

  • 11.1.5.1 шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

2-бөлім. Анализ және интерпретация

2.1 Әдеби шығарманың композициясы

  • 11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

2.2 Автор бейнесі

  • 11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау

2.3 Көркем шығарманың тілі

  • 11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау

2.4 Шығармашылық жұмыс

  • 11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

2.5 Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар

  • 11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

3-бөлім. Бағалау және салыстыру

3.1 Тарихи және көркемдік құндылығы

  • 11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

3.2 Заманауилығы мен жаңашылдығы

  • 11.3.2.1 көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру

3.3 Әдеби эссе

  • 11.3.3.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

3.4 Әдеби сын

  • 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Тарихтың шертіп пернесін

Тақырып Оқу мақсаттары
С. Сейфуллин "Сыр сандық" өлеңі, І. Есенберлин "Қаһар" романы, А. Сүлейменов "Бесатар" повесі 11.1.1.1, 11.1.2.1, 11.1.3.1, 11.1.4.1, 11.1.5.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.2.5.1, 11.3.1.1, 11.3.2.1, 11.3.3.1, 11.3.4.1

2-тоқсан

Пайым мен парасат

Тақырып Оқу мақсаттары
Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі, С. Елубай "Жалған дүние" романы 11.1.1.1, 11.1.2.1, 11.1.3.1, 11.1.4.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.3.1.1, 11.3.4.1

3-тоқсан

Ғасырлық туынды

Тақырып Оқу мақсаттары
М. Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы 11.1.1.1, 11.1.2.1, 11.1.3.1, 11.1.4.1, 11.1.5.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.2.5.1, 11.3.1.1, 11.3.2.1, 11.3.3.1, 11.3.4.1

4-тоқсан

Әдебиеттегі сын-сарын

Тақырып Оқу мақсаттары
Т. Молдағалиев "Бауырлар" өлеңі, Т.Әсемқұлов "Бекторының қазынасы" әңгімесі, Эрнест Хемингуэй "Шал мен теңіз" повесі 11.1.2.1, 11.1.3.1, 11.1.4.1, 11.2.1.1, 11.2.2.1, 11.2.3.1, 11.2.4.1, 11.2.5.1, 11.3.2.1, 11.3.3.1, 11.3.4.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.