Оқу бағдарламалары
Қазақ әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Түсіну және жауап беру
1.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- 5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
1.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
- 5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
1.3 Көркем шығармадағы образ
- 5.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
1.4 Шығарма үзінділерімен жұмыс
- 5.1.4.1 көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
2-бөлім. Анализ және интерпретация
2.1 Әдеби шығарманың композициясы
- 5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
2.2 Автор бейнесі
- 5.2.2.1 эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
2.3 Көркем шығарманың тілі
- 5.2.3.1 шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
2.4 Шығармашылық жұмыс
- 5.2.4.1 көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
3-бөлім. Бағалау және салыстыру
3.1 Тарихи және көркемдік құндылығы
- 5.3.1.1 шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
3.2 Заманауи лығы мен жаңашылдығы
- 5.3.2.1 кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
3.3 Әдеби эссе
- 5.3.3.1 шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
3.4 Әдеби сын
- 5.3.4.1 оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.