Оқу бағдарламалары
Қазақ әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Түсіну және жауап беру
1.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- 10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну
1.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
- 10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану
1.3 Көркем шығармадағы образ
- 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау
1.4 Шығарма үзінділерімен жұмыс
- 10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
1.5 Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу
- 10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру
2-бөлім. Анализ және интерпретация
2.1 Әдеби шығарманың композициясы
- 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау
2.2 Автор бейнесі
- 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау
2.3 Көркем шығарманың тілі
- 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау
2.4 Шығармашылық жұмыс
- 10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
2.5 Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар
- 10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау
3-бөлім. Бағалау және салыстыру
3.1 Тарихи және көркемдік құндылығы
- 10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау
3.2 Заманауилығы мен жаңашылдығы
- 10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру
3.3 Әдеби эссе
- 10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
3.4 Әдеби сын
- 10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Қалың елім, қазағым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Абай шығармашылығы: "Сегіз аяқ", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Лай суға май бітпес қой өткенге" өлеңдері, Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, "Масғұт" поэмасы | 10.1.1.1, 10.1.2.1, 10.1.3.1, 10.1.4.1, 10.1.5.1, 10.2.1.1, 10.2.2.1, 10.2.3.1, 10.2.4.1, 10.2.5.1, 10.3.1.1, 10.3.2.1, 10.3.3.1, 10.3.4.1 |
2-тоқсан
Қазақтың Қанышы
3-тоқсан
Парасат пайымы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| А. Кемелбаева "Шашты" әңгімесі, Т. Сұлтанбеков "Көшпелі алтын" ғылыми фантастикалық әңгімесі, Оразақын Асқар "Шетте жүрген бауырларға" өлеңі | 10.1.1.1, 10.1.2.1, 10.1.3.1, 10.1.4.1, 10.1.5.1, 10.2.1.1, 10.2.2.1, 10.2.3.1, 10.2.4.1, 10.2.5.1, 10.3.1.1, 10.3.2.1, 10.3.3.1, 10.3.4.1 |