Оқу бағдарламалары
Қазақ әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Түсіну және жауап беру
1.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
1.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
- 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау
1.3 Көркем шығармадағы образ
- 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
1.4 Шығарма үзінділерімен жұмыс
- 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
2-бөлім. Анализ және интерпретация
2.1 Әдеби шығарманың композициясы
- 9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау
2.2 Автор бейнесі
- 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау
2.3 Көркем шығарманың тілі
- 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру
2.4 Шығармашылық жұмыс
- 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу
3-бөлім. Бағалау және салыстыру
3.1 Тарихи және көркемдік құндылығы
- 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
3.2 Заманауи лығы мен жаңашылдығы
- 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
3.3 Әдеби эссе
- 9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
3.4 Әдеби сын
- 9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Атадан қалған асыл сөз
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Ж. Баласағұн "Құтты білік", Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері, Әнет баба "Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?", Төле би "Ердің бақыты –әйел", Әйтеке би "Қасқакөл дауы", Қазыбек би "Кім жақын?Не қымбат? Не қиын?", Сырым Датұлы "Балаби мен Сырым", Бұқар жырау "Тілек", "Әй, Абылай, Абылай", "Асқар таудың өлгені", "Біржан-Сара" айтысы | 9.1.1.1, 9.1.2.1, 9.1.3.1, 9.1.4.1, 9.2.1.1, 9.2.2.1, 9.2.3.1, 9.2.4.1, 9.3.1.1, 9.3.2.1, 9.3.3.1, 9.3.4.1 |