Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақ әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып (қазақ тілінде оқытатын мектептерге)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат

Оқу мақсаттары

8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Түсіну және жауап беру

1.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

  • 8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау

1.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

  • 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

1.3 Көркем шығармадағы образ

  • 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу

1.4 Шығарма үзінділерімен жұмыс

  • 8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

2-бөлім. Анализ және интерпретация

2.1 Әдеби шығарманың композициясы

  • 8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

2.2 Автор бейнесі

  • 8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау

2.3 Көркем шығарманың тілі

  • 8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау

2.4 Шығармашылық жұмыс

  • 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу

3-бөлім. Бағалау және салыстыру

3.1 Тарихи және көркемдік құндылығы

  • 8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалар мен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

3.2 Заманауи лығы мен жаңашылдығы

  • 8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

3.3 Әдеби эссе

  • 8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

3.4 Әдеби сын

  • 8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Дананың сөзі – ақылдың көзі

Тақырып Оқу мақсаттары
Қорқыт "Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр", Қорқыттың нақыл сөздері, Ахмет Йассауи "Даналық кітабы", Ақтамберді жырау "Күлдір-күлдір кісінетіп", "Балаларыма өсиет", Шалкиіз жырау "Би Темірге бірінші толғауы" 8.1.1.1, 8.1.2.1, 8.1.3.1, 8.1.4.1, 8.2.1.1, 8.2.2.1, 8.2.3.1, 8.2.4.1, 8.3.1.1, 8.3.2.1, 8.3.3.1

2-тоқсан

Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Тақырып Оқу мақсаттары
Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян", "Сарыарқа", Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік- Кебек" дастаны, "Жастарға" өлеңі 8.1.1.1, 8.1.2.1, 8.1.3.1, 8.1.4.1, 8.2.1.1, 8.2.2.1, 8.2.3.1, 8.2.4.1, 8.3.2.1, 8.3.3.1, 8.3.4.1

3-тоқсан

Махаббат және абырой

Тақырып Оқу мақсаттары
М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы, Б.Момышұлы "Ұшқан ұя" әңгімесі, Д.Исабеков " Әпке" драмасы, М.Мақатаев "Аққулар ұйықтаған да" поэмасы 8.1.1.1, 8.1.2.1, 8.1.3.1, 8.1.4.1, 8.2.1.1, 8.2.2.1, 8.2.3.1, 8.2.4.1, 8.3.1.1, 8.3.2.1, 8.3.3.1, 8.3.4.1

4-тоқсан

Қиял мен шындық

Тақырып Оқу мақсаттары
Т.Ахтанов "Күй аңызы" әңгімесі, Ж.Сахиев "Айдағы жасырынбақ", "Дабыл" фантастикалық әңгімелері, Р. Мұқанова "Мәңгілік бала бейне" 8.1.1.1, 8.1.2.1, 8.1.3.1, 8.1.4.1, 8.2.1.1, 8.2.2.1, 8.2.3.1, 8.2.4.1, 8.3.2.1, 8.3.3.1, 8.3.4.1
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 8-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.