Оқу бағдарламалары
Қазақ әдебиеті пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Түсіну және жауап беру
1.1 Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- 10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну
1.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
- 10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
1.3 Көркем шығармадағы образ
- 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау
1.4 Шығарма үзінділерімен жұмыс
- 10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру
1.5 Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу
- 10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу
2-бөлім. Анализ және интерпретация
2.1 Әдеби шығарманың композициясы
- 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау
2.2 Автор бейнесі
- 10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау
2.3 Көркем шығарманың тілі
- 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау
2.4 Шығармашылық жұмыс
- 10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
2.5 Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар
- 10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту
3-бөлім. Бағалау және салыстыру
3.1 Тарихи және көркемдік құндылығы
- 10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
3.2 Заманауилығы мен жаңашылдығы
- 10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру
3.3 Әдеби эссе
- 10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
3.4 Әдеби сын
- 10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Өлең – сөздің патшасы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Абай шығармашылығы"Сегіз аяқ", "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы", "Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да", "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Болыс болдым, мінеки", "Лай суға май бітпес қой өткенге" өлеңдері, он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз, "Ескендір" поэмасы | 10.1.1.1, 10.1.2.1, 10.1.3.1, 10.1.4.1, 10.1.5.1, 10.2.1.1, 10.2.2.1, 10.2.3.1, 10.2.4.1, 10.2.5.1, 10.3.1.1, 10.3.2.1, 10.3.3.1, 10.3.4.1 |