Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақстан тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Әлеуметтік қатынастардың дамуы

1.1 Этникалық қатынас тар

  • 9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау
  • 9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдер мен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру
  • 9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегия сындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау

1.2 Әлеуметтік қатынас тар

  • 9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау

2-бөлім. Мәдениеттің дамуы

2.1 Дүние таным мен дін

  • 9.2.1.1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін талдау
  • 9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім мен ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау
  • 9.2.1.3 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау

2.2 Өнер мен әдебиет

  • 9.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау
  • 9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармалары ның әлем әдебиетіндегі орнын бағалау
  • 9.2.2.3 қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденцияларын айқындау
  • 9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу ("Мәдени мұра", "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалары)

2.3 Білім және ғылым

  • 9.2.3.1 Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау
  • 9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

3-бөлім. Мемлекеттің дамуы

3.1 Мемлекеттің ішкі саясаты

  • 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау
  • 9.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру
  • 9.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституция сын мемлекеттің тұрақты даму кепілі ретінде бағалау
  • 9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау
  • 9.3.1.5 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру
  • 9.3.1.6 Қазақстан ның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау
  • 9.3.1.7 өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып, тәуелсіз Қазақстанның жариялануы ның тарихи маңызын түсіндіру
  • 9.3.1.8 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуын талдау
  • 9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау
  • 9.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н.Назарбаев тың рөліне баға беру
  • 9.3.1.11 Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде айқындау

3.2 Мемлекеттің сыртқы саясаты

  • 9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау
  • 9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық сахнадағы танылуына баға беру
  • 9.3.2.3 Қазақстан ның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланыстарын талдау
  • 9.3.2.4 қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысының маңыздылығын айқындау

4-бөлім. Қазақстанның экономикалық дамуы

4.1 Шаруашылық

  • 9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістер ге баға беру
  • 9.4.1.2 Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік экономикалық мәселелерді талдау
  • 9.4.1.3 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау
  • 9.4.1.4 аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау

4.2 Өндіріс тік қатынастар және сауда

  • 9.4.2.1 өнеркәсіп тің ахуалын анықтап, қорытынды жасау
  • 9.4.2.2 нарықтық экономика ның өндірістік қатынас тарға әсерін талдау
  • 9.4.2.3 Қазақстан ның әлемдік экономикаға кірігуін талдау
  • 9.4.2.4 сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)

Тақырып Оқу мақсаттары
Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы Зерттеу сұрағы: Соғыстан кейінқазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді? 9.1.1.1, 9.4.1.1, 9.4.2.1
Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар алаңына айналды? 9.3.1.1, 9.3.2.1
Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды? 9.2.3.1, 9.3.1.1

Қазақстан "жылымық" кезеңінде (1954-1964 жылдар)

Тақырып Оқу мақсаттары
"Жылымық" кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы Зерттеу сұрағы: "Жылымық кезеңі" қоғамға қандай өзгеріс әкелді? 9.3.1.1
Тың игеру жылдарындағы Қазақстан Зерттеу сұрағы: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Қазақстанға қалай әсер етті? 9.1.1.1, 9.4.1.1
Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы Зерттеу сұрағы: Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді? 9.3.2.1, 9.3.1.1

2-тоқсан

Қазақстан "тоқырау" кезеңінде (1965-1985 жылдар)

Тақырып Оқу мақсаттары
1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы Зерттеу сұрағы: Не себепті 1965-1985 жылдар "тоқырау" кезеңі деп аталды? 9.4.2.1, 9.4.1.1
XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың. екінші жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды? 9.3.1.1, 9.3.1.4, 9.3.1.2
"Тоқырау" жылдарындағы демографиялық процестер Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай факторлар әсер етті? 9.1.1.1, 9.1.1.2

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)

Тақырып Оқу мақсаттары
XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы Зерттеу сұрағы: Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді? 9.2.3.2
XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың екінші жартысында ғылымның қай салалары көбірек дамыды? 9.2.3.2
XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті? 9.2.2.1, 9.2.2.2

Қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
Қайталау

3-тоқсан

Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстан "Қайта құрудың" бастапқы кезеңінде Зерттеу сұрағы: КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па? 9.3.1.1, 9.4.1.2
Қазақстандағы 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғалары Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғаларының сипаты қандай болды? 9.3.1.5, 9.3.1.4
"Қайта құру" жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестер Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті? 9.3.1.1

Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы Зерттеу сұрағы: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы" Конституциялық Заңының тарихи маңызы қандай? 9.3.1.6, 9.3.1.7
Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Зерттеу сұрағы: Саяси көшбасшының мемлекет тарихының бетбұрысты кезеңдеріндегі рөлі қандай болды? 9.3.1.10
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар Зерттеу сұрағы: 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызы неде? 9.3.1.8, 9.3.1.6, 9.3.1.3
Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі Зерттеу сұрағы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты? 9.3.2.2, 9.3.2.3
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы Зерттеу сұрағы: Неліктен нарықтық экономикаға көшу барысында қиыншылықтар орын алды? 9.4.1.3, 9.4.2.2, 9.4.2.3
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшеліктері неде? 9.1.1.3, 9.1.1.2, 9.1.2.1, 9.3.2.4

4-тоқсан

Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстан - 2030" Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең Зерттеу сұрағы: "Қазақстан - 2030" Стратегиясын қабылдау қажеттілігі неден туындады? 9.3.1.9, 9.1.1.3
Қазақстанның 1997 жылдан бастап экономикалық дамуы Зерттеу сұрағы: Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы экономикалық дамуының негізгі бағыттары қандай? 9.4.2.2, 9.4.1.4, 9.4.2.4
Қазақстанның 1997 жылдан бастап әлеуметтік дамуы Зерттеу сұрағы: Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы қалай өзгерді? 9.1.2.1
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай? 9.3.2.3, 9.3.2.2
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы Зерттеу сұрағы: Астананы көшіру неліктен ұтымды стратегиялық шешім болып табылды? 9.3.1.11
"Қазақстан – 2050" стратегиялары Зерттеу сұрағы: "Қазақстан – 2050" Стратегиясы қандай жаңа саяси бағытты белгіледі? 9.3.1.9
Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары Зерттеу сұрағы: "5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам" ұлт жоспары неліктен қабылданды? 9.3.1.9

Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)

Тақырып Оқу мақсаттары
Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы Зерттеу сұрағы: Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның даму тенденциялары қандай? 9.2.3.2
Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің дамуы Зерттеу сұрағы: Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары қандай? 9.2.2.3, 9.2.2.4
Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі Зерттеу сұрағы: Қазақстан қоғамында зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы ұстанымдары қалай үйлесім табуда? 9.2.1.1, 9.2.1.2
"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы Зерттеу сұрағы: "Мәңгілік Ел": идеясының біріктірушілік рөлі неде? 9.2.1.3, 9.2.1.2

Қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
Қайталау
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 9-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.