Оқу бағдарламалары
Қазақстан тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Әлеуметтік қатынастардың дамуы
1.1 Этникалық қатынас тар
- 8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау
1.2 Әлеуметтік қатынас тар
- 8.1.2.1 қазақ зиялылары ның қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау
- 8.1.2.2 соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау
2-бөлім. Мәдениеттің дамуы
2.1 Дүние таным мен дін
- 8.2.1.1 мемлекеттің діни саясатының мақсаты мен салдарын анықтау
2.2 Өнер мен әдебиет
- 8.2.2.1 қазақ зиялылары ның шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру
- 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау
- 8.2.2.3 өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау
- 8.2.2.4 Ә. Қашау баев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру
- 8.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау
2.3 Білім және ғылым
- 8.2.3.1 ұлттық баспасөз дің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
- 8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау
- 8.2.3.3 XX ғ. бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау
- 8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру
3-бөлім. Мемлекеттің дамуы
3.1 Мемлекеттің ішкі саясаты
- 8.3.1.1 қазақ зиялылары ның Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру
- 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық–саяси процестер ге баға беру
- 8.3.1.3 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс тің тарихи маңызын анықтау және тұлғалар дың рөліне баға беру
- 8.3.1.4 "Алаш" партиясы ның ұлттық мемлекет тілікті жаңғырту саясатын талдау
- 8.3.1.5 Әлихан Бөкейхан ның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру
- 8.3.1.6 Қазақстан да құрылған ұлттық автономия лардың маңыздылығына баға беру
- 8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 –жылдар дағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясаты ның зардаптарын талдау
3.2 Мемлекеттің сыртқы саясаты
- 8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау
- 8.3.2.2 Б. Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау
4-бөлім. Қазақстанның экономикалық дамуы
4.1 Шаруашылық
- 8.4.1.1 деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау
- 8.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясаты ның ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау
4.2 Өндіріс тік қатынастар және сауда
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы Зерттеу сұрағы: Не себепті А. Байтұрсынов: "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", - деп санады? | 8.3.1.1, 8.3.1.2 |
| Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс Зерттеу сұрағы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды? | 8.3.1.2, 8.3.1.3 |
| 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты? | 8.3.1.2 |
| "Алаш" қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы Зерттеу сұрағы: Неліктен "Алаш" партиясы халық қолдауына ие болды? | 8.1.2.1, 8.3.1.4, 8.2.3.1 |
| XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері Зерттеу сұрағы: Қазақ зиялылары ұлттық мүдделерді қалайша қорғады? | 8.1.2.1, 8.2.2.1, 8.3.1.5 |
2-тоқсан
Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар) Зерттеу сұрағы: Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды? | 8.3.1.2 |
| Қазақстандағы ұлттық автономиялар Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады? | 8.3.1.6, 8.1.2.1 |
| Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде? | 8.3.1.6, 8.1.2.1 |
| Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу Зерттеу сұрағы: Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды? | 8.3.1.7, 8.4.1.1 |
Қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қайталау |
3-тоқсан
Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустрияландыру саясатының қарама-қайшылығы неде? | 8.4.2.1 |
| Қазақстандағы ұжымдастыру Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты "ұлы нәубетке"әкеліп соқтырды? | 8.4.1.2, 8.1.1.1, 8.3.1.7 |
| 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға "халық жауы" деген айып тақты? | 8.3.1.7, 8.1.2.1 |
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Ахмет Байтұрсынов – "ұлт ұстазы" Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай? | 8.2.2.2 |
| XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды? | 8.2.3.2, 8.2.3.3 |
| Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде? | 8.2.3.4 |
4-тоқсан
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы Зерттеу сұрағы: Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты? | 8.2.2.1 |
| XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы Зерттеу сұрағы: Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды? | 8.2.2.4, 8.2.2.1, 8.2.2.3 |
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы Зерттеу сұрағы: Ұлы Отан соғысының қандай батырлары халық есінде сақталды? | 8.3.2.1, 8.3.2.2 |
| Қазақстан – майдан арсеналы Зерттеу сұрағы: "Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!" ұраны қалай жүзеге асты? | 8.4.2.2, 8.1.2.2 |
| Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті Зерттеу сұрағы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды? | 8.2.2.5 |
| Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы Зерттеу сұрағы: Қазақстан қалайша депортацияланған халықтардың өлкесіне айналды? | 8.1.1.1 |
Қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қайталау |