Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақстан тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 11.1.1.1 Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу
  • 11.1.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктерін "тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі", "қоныстану жүйесі", "экожүйе" ұғымдарын пайдалана отырып анықтау
  • 11.1.1.3 картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін классификациялау
  • 11.1.1.4 этнографиялық материалдар негізінде қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау
  • 11.1.2.1 картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу
  • 11.1.2.2 Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөліне талдау жасау
  • 11.1.2.3 сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесіндегі көшпелі және отырықшы халықтың өзара қарым-қатынасын сипаттау
  • 11.1.2.4 дереккөздер негізінде көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін анықтау
  • 11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану
  • 11.1.3.2 ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау
  • 11.1.3.3 Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдау, олардың ерекшеліктерін анықтау
  • 11.1.3.4 этнографиялық материалдардың қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау
  • 11.2.1.1 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "аграрлық саясат", "көші-қон саясаты", "моноэтностық құрам" ұғымдарын пайдалану
  • 11.2.1.2 Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу
  • 11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "депортация", "арнайы қонысаударылғандар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдарын пайдалану
  • 11.2.1.4 Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру
  • 11.2.2.1 көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін "көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдарын пайдалану
  • 11.2.2.2 Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру
  • 11.2.2.3 мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін бағалау
  • 11.2.2.4 Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау
  • 11.3.1.1 ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын анықтау
  • 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау
  • 11.3.1.3 қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау
  • 11.3.1.4 қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдерінің идеяларын түсіндіру
  • 11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси қызметін талдау
  • 11.3.2.1 "Алаш" ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау
  • 11.3.2.2 қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстыру
  • 11.3.3.1 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау
  • 11.3.3.3 Мәңгілік Ел" – патриоттық актісін" және "Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын" зерттеу негізінде мемлекеттің идеология саласындағы саясатын түсіндіру
  • 11.4.1.1 әртүрлі тарихи кезеңдердегі ғылымның жетістіктерін анықтау
  • 11.4.1.2 ғылымның дамуына Қазақстан ортағасырлық ғалымдардың қосқан үлесін зерттеу
  • 11.4.2.1 XVIII ғасырдағы -ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын түсіндіру
  • 11.4.2.2 XVIII ғасырдағы-ХХ ғасырдың басындағы зерттеушілердің еңбектерін зерделеу негізінде Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесін бағалау
  • 11.4.2.3 XIX-ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында оқу орындарының дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты анықтау
  • 11.4.2.4 XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы білім беру мекемелерін қызметтік ерекшеліктеріне сәйкес жіктеу
  • 11.4.2.5 Кеңестік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін анықтау үшін "сауатсыздықты жою", "қызыл отау", "мұғалімдер институты", "мектептегі білім беру", "кәсіби білім беру", "жоғары оқу орындары" ұғымдарын пайдалану
  • 11.4.2.6 Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесін реформалауды талдау, жетістіктері мен қайшылықтарын анықтау
  • 11.4.2.7 Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым академиясының рөлін анықтау
  • 11.4.2.8 Кеңестік кезеңде ғылымның дамуына Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қосқан үлесін бағалау
  • 11.4.2.9 Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтарын және қарама-қайшылықтарын талдау
  • 11.4.3.1 Қазақстан Республикасының стратегиялары мен бағдарламаларын зерттеу негізінде білім және ғылым жүйесін жаңартудың алғышарттары мен маңызын талдау
  • 11.4.3.2 әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне ену үшін инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдарын құру маңыздылығын бағалау
  • 11.4.3.3 Қазақстан Республикасының "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының елді жаңғыртудағы маңыздылығын талдау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшеліктері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы 11.1.1.1, 11.1.1.2, 11.1.1.3
Қолөнер мен кәсіптер 11.1.3.4
Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 11.1.2.1, 11.1.2.2
Экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынас және өзара әсері 11.1.2.3, 11.1.2.4
ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы 11.1.3.1, 11.1.3.2
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы 11.1.3.3
Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері

2-тоқсан

Саяси-құқықтық процестер

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы) 11.2.1.1, 11.2.1.2
Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы 11.2.1.3, 11.2.1.2, 11.2.1.4
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты 11.2.2.1, 11.2.2.2
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі 11.2.2.3
Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі 11.2.2.4
Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры

3-тоқсан

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы 11.3.1.1, 11.3.1.2
Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы 11.3.1.3, 11.3.1.2
"Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары 11.3.1.4, 11.3.1.2
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары 11.3.1.5, 11.3.1.2
"Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері 11.3.2.1
"Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары 11.3.2.2, 11.3.1.2
"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі 11.3.3.1
Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары 11.3.3.3
Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі

4-тоқсан

Білім мен ғылым ның дамуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы 11.4.1.1, 11.4.1.2
XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер 11.4.2.1, 11.4.2.2
XIX - ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы оқу орындарының қызметі 11.4.2.3, 11.4.2.4
Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары 11.4.2.5, 11.4.2.6
Қазақ КСР Ғылым академиясы – КСРО-ның ірі ғылыми орталығы 11.4.2.7, 11.4.2.8, 11.4.2.9
Қазақстан Республикасы білімімен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы 11.4.3.1, 11.4.3.2, 11.4.3.3
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.