Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақстан тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 6‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Әлеуметтік қатынастардың дамуы

1.1 Этникалық қатынас тар

  • 6.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, олардың аумақтық орналасуын картада көрсету
  • 6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
  • 6.1.1.3 ежелгі және ортағасыр лар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқының қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді анықтау
  • 6.1.1.4 "қазақ" этнонимінің мағынасын түсіндіру

1.2 Әлеуметтік қатынас тар

  • 6.1.2.1 қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау
  • 6.1.2.2 өлкедегі әр түрлі ұлттардың тарихын, салт-дәстүрін сипаттау

2-бөлім. Мәдениеттің дамуы

2.1 Дүние таным мен дін

  • 6.2.1.1 түркілер дің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру
  • 6.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау
  • 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестер дің сабақтастығын сипаттау да "Ұлы Дала Елі" ұғымын қолдану

2.2 Өнер мен әдебиет

  • 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлар дың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
  • 6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіш терінің ерекшеліктерін түсіндіру
  • 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнер жетістіктерін сипаттау
  • 6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн және Ахмет Яссауи еңбектері нің тарихи құндылығын түсіндіру
  • 6.2.2.5 көшпелі лердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
  • 6.2.2.6 жергілікті жер, қала, өзен, көл, тау атауларының шығу тарихын түсіндіру
  • 6.2.2.7 өлкенің дәстүрлі көркем мәдениетін жандандыруға үлесін қосқан шеберлерді айқындау

2.3 Білім және ғылым

  • 6.2.3.1 көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру
  • 6.2.3.2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау
  • 6.2.3.3 "Кодекс Куманикус" сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау
  • 6.2.3.4 Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи-Рашиди" еңбегінің тарихи маңызын түсіндіру

3-бөлім. Мемлекеттің дамуы

3.1 Мемлекеттің ішкі саясаты

  • 6.3.1.1 оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты ның құрылуы ның тарихи маңызын анықтау
  • 6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекетердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
  • 6.3.1.3 X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
  • 6.3.1.4 тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетін дегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру
  • 6.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау
  • 6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
  • 6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауы ның негізгі және жанама себептерін анықтау
  • 6.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
  • 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуы ның тарихи маңызын анықтау
  • 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
  • 6.3.1.11 қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау
  • 6.3.1.12 туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері нің ерлік істері мен еңбегін сипаттау

3.2 Мемлекеттің сыртқы саясаты

  • 6.3.2.1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциялық үдерісін түсіндіру
  • 6.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
  • 6.3.2.3 Атлах шайқасы ның тарихи маңызын талдау
  • 6.3.2.4 қыпшақтар дың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
  • 6.3.2.5 тарихи оқиғалар дың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
  • 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
  • 6.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау

4-бөлім. Қазақстанның экономикалық дамуы

4.1 Шаруашылық

  • 6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшы лар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау
  • 6.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

4.2 Өндіріс тік қатынастар және сауда

  • 6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
  • 6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

VI - IX ғасырлардағы Қазақстан

Тақырып Оқу мақсаттары
Кіріспе сабақ Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады?
Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды? 6.3.1.1, 6.3.1.2, 6.3.2.2, 6.2.1.3
Көне түркі жазуы Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі? 6.3.1.2, 6.2.3.1
Атлах шайқасы Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын "халықтар шайқасы" деп атайды? 6.3.2.3, 6.2.2.3
Оғыз мемлекеті Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай? 6.3.1.2
Қимақ қағанаты Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? 6.4.2.1, 6.4.1.1
Түріктер туралы тарихи деректер Зерттеу сұрағы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? 6.2.2.3, 6.4.1.2, 6.2.1.1
Түркі әлемі қалыптасуының басталуы Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? 6.3.2.1, 6.1.1.1

Өлкетану

Тақырып Оқу мақсаттары
Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (жер-су атауларының тарихы) 6.2.2.6

2-тоқсан

X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан

Тақырып Оқу мақсаттары
X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер Зерттеу сұрағы: X ғасыр - XIII ғасырдың басында саяси карта қаншалықты өзгерді? 6.3.1.3, 6.3.1.7
Қарахан мемлекеті Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? 6.3.1.3, 6.2.1.2, 6.3.1.4
Наймандар, керейіттер және жалайырлар Зерттеу сұрағы: Наймандар, керейіттер мен жалайырлардың ортағасырларлық саяси сахнадағы рөлі қандай болды? 6.3.1.3
Қыпшақ хандығы Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы "Дешті Қыпшақ" деп аталды? 6.3.1.3, 6.3.2.4, 6.2.2.3, 6.2.1.3
Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме? 6.4.2.2
Ортағасырлық Қазақстанның экономика лық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті? 6.4.2.1, 6.4.1.1, 6.2.2.2
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті Зерттеу сұрағы: Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты? 6.2.2.5, 6.2.2.2, 6.2.3.2, 6.2.2.4, 6.2.3.3

Өлкетану

Тақырып Оқу мақсаттары
Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері 6.2.2.7

Қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
Қайталау

3-тоқсан

XIII - XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан

Тақырып Оқу мақсаттары
Моңғол империясының құрылуы Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? 6.2.2.3, 6.3.1.6
Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады? 6.3.1.6, 6.3.1.5
Моңғол шапқыншылықтарының салдары Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 6.1.1.2, 6.3.1.8
Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы Зерттеу сұрағы: Моңғол ұлыстарының құрылуы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды? 6.3.1.6, 6.1.1.2, 6.3.1.7
Ақ Орда Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды? 6.3.1.6, 6.1.1.2, 6.3.2.5
Моғолстан. Әбілқайыр хандығы Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді? 6.3.1.6, 6.1.1.2, 6.3.2.5
XIII - XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті Зерттеу сұрағы: XIII - XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 6.2.2.1
Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері Зерттеу сұрағы: Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады? 6.4.1.2, 6.2.2.5

Қазақ халқының қалыптасуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты? 6.1.1.3, 6.1.1.4

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақ хандығының құрылуы Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады? 6.3.1.9, 6.2.3.4, 6.3.1.10, 6.2.1.3

Өлкетану

Тақырып Оқу мақсаттары
Бір халық – бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары) 6.1.2.2

4-тоқсан

Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: "Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді..." деп жазды? 6.3.1.10, 6.3.2.6
Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының "қайта жаңғыруы" деп атайды? 6.3.1.10, 6.3.2.6
Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы Зерттеу сұрағы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды? 6.3.1.10, 6.3.2.6
Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 6.3.1.10, 6.3.2.6
Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы Зерттеу сұрағы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай? 6.2.2.3, 6.3.2.7
Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі Зерттеу сұрағы: Неліктен А. Левшин Тәуке ханды "Дала Ликургі" деп атады? 6.3.1.10, 6.3.2.6
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? 6.1.2.1, 6.3.1.1

XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет

Тақырып Оқу мақсаттары
XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті Зерттеу сұрағы: XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады? 6.2.2.1
XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті Зерттеу сұрағы: Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады? 6.2.2.5
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде? 6.4.1.2

Өлкетану

Тақырып Оқу мақсаттары
Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері 6.3.1.12

Қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
Қайталау
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 6-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.