Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақстан тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Әлеуметтік қатынастардың дамуы

1.1 Этникалық қатынас тар

  • 7.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграция лық процестерді түсіндіру
  • 7.1.1.2 Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау

1.2 Әлеуметтік қатынас тар

  • 7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамын дағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
  • 7.1.2.2 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру

2-бөлім. Мәдениеттің дамуы

2.1 Дүние таным мен дін

  • 7.2.1.1 салт - дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
  • 7.2.1.2 отаршыл дық саясаттың ұлттық құндылықтарға кері әсерін талдау

2.2 Өнер мен әдебиет

  • 7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
  • 7.2.2.2 А. Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі рөлін айқындау
  • 7.2.2.3 ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау
  • 7.2.2.4 қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
  • 7.2.2.5 өлкенің тарихи оқиғалар хроникасын құру
  • 7.2.2.6 түрлі дереккөздер негізінде өз мектебің нің тарихын анықтау

2.3 Білім және ғылым

  • 7.2.3.1 Ш. Уәли хановтың ғылыми зерттеу лерінің тарихи құндылығын анықтау
  • 7.2.3.2 XIX ғ. білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру
  • 7.2.3.3 Ы. Алтын сариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау
  • 7.2.3.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
  • 7.2.3.5 туристік маршруттарды құру жолдарын ұсыну

3-бөлім. Мемлекеттің дамуы

3.1 Мемлекеттің ішкі саясаты

  • 7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқын шылығы на қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру
  • 7.3.1.2 Қазақ хандығы ның ішкі саяси жағдайын талдау
  • 7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясаты ның себеп-салдарын анықтау
  • 7.3.1.4 патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгеріс терді түсіндіру
  • 7.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
  • 7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

3.2 Мемлекеттің сыртқы саясаты

  • 7.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлар дың рөлін түсіндіру
  • 7.3.2.2 қазақ хандығы ның сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
  • 7.3.2.3 Абылай ханның дипломатиялық шеберлігі мен саясатын бағалау

4-бөлім. Қазақстанның экономикалық дамуы

4.1 Шаруашылық

  • 7.4.1.1 жоңғар шапқыншылығы ның қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау
  • 7.4.1.2 отарлау саясаты ның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау
  • 7.4.1.3 өлкені дамытуға қолдау көрсеткен тұлғалар дың қызметіне баға беру
  • 7.4.1.4 өлке дамуы ның маңызды кезеңдерін анықтау

4.2 Өндіріс тік қатынастар және сауда

  • 7.4.2.1 капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау
  • 7.4.2.2 сауда қатынас тарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Қазақ-жоңғар соғыстары

Тақырып Оқу мақсаттары
Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы Зерттеу сұрағы: Не себепті "Елім-ай" бүкілхалықтық әнге айналды? 7.1.1.1, 7.2.2.1, 7.3.1.2, 7.4.1.1
Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды? 7.3.1.2, 7.3.1.1
Қазақ-жоңғар шайқастары Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады? 7.3.2.1

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

Тақырып Оқу мақсаттары
XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы Зерттеу сұрағы: Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың "кілті мен қақпасы" деп санады? 7.3.1.2, 7.3.2.2
Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды? 7.3.1.2, 7.3.2.2
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты Зерттеу сұрағы:Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай? 7.3.1.2, 7.3.2.3

Өлкетану

Тақырып Оқу мақсаттары
Туристік маршруттар 7.2.3.5

2-тоқсан

XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты? 7.2.2.1, 7.2.1.1
XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде? 7.2.2.4

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

Тақырып Оқу мақсаттары
XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды? 7.3.1.3
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді? 7.3.1.5, 7.3.1.6
1822-1824 жылдардағы патша реформалары Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20‑шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді? 7.3.1.4, 7.1.2.1
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі Зерттеу сұрағы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді? 7.3.1.5, 7.3.1.6
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды? 7.3.1.5, 7.3.1.6

Өлкетану

Тақырып Оқу мақсаттары
Жомарт жүрек 7.4.1.3

Қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
Қайталау

3-тоқсан

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

Тақырып Оқу мақсаттары
XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді? 7.3.1.5, 7.3.1.6
Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай? 7.3.1.2, 7.3.2.2

Қазақстан Ресей империясы ның құрамында

Тақырып Оқу мақсаттары
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан "бөліп ал да, билей бер" ұстанымы қалай жүзеге асты? 7.3.1.3, 7.3.1.4, 7.1.2.1
Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді? 7.3.1.5
Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аудару саясаты Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті? 7.4.1.2, 7.1.1.2, 7.1.2.1
Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы Зерттеу сұрағы: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды? 7.4.2.1
Жәрмеңке саудасының дамуы Зерттеу сұрағы: Қазақстанда неліктен жәрмеңке саудасы дамыды? 7.4.2.2
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы Зерттеу сұрағы: "Зар заман" өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты? 7.2.1.2, 7.1.2.2

Өлкетану

Тақырып Оқу мақсаттары
Туған өлкенің шежіресі 7.4.1.4, 7.2.2.5

4-тоқсан

XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті

Тақырып Оқу мақсаттары
XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады? 7.2.1.1, 7.2.2.1, 7.2.2.3
XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды? 7.2.3.2
Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы Зерттеу сұрағы: Неге С. Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын "Аққан жұлдыз" деп атады? 7.2.3.1
Ы. Алтынсарин – жаңашыл –педагог Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады? 7.2.3.3
Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл Зерттеу сұрағы: Неліктен Абай Құнанбайұлын "Хәкім Абай" деп атады? 7.2.2.2
XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы Зерттеу сұрағы: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде? 7.2.3.4

Өлкетану

Тақырып Оқу мақсаттары
Менің мектебімнің тарихы 7.2.2.6

Қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
Қайталау
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 7-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.