Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Қазақстан тарихы пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 10.1.1.1 "Орталық Азия" түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану
  • 10.1.1.2 әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу
  • 10.1.1.3 Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау
  • 10.1.2.1 картаны пайдаланып "Ұлы Дала" тарихи-географиялық аймағын анықтау
  • 10.1.2.2 тарихи дерек көздерді талдау негізінде "Ұлы Дала" ұғымының мәнін түсіндіру
  • 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру
  • 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау
  • 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
  • 10.1.2.6 "Өркениет" ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау
  • 10.1.2.7 әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау
  • 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау
  • 10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау
  • 10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдалану
  • 10.2.1.2 этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағында этногенездің кезеңдерін айқындау
  • 10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа", "жүз", " ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдалану
  • 10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау
  • 10.2.2.3 қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар)
  • 10.2.2.4 қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру
  • 10.2.2.5 қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлін түсіндіру
  • 10.2.2.6 қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдалану
  • 10.2.2.7 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру
  • 10.2.2.8 туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде "мәдени-генетикалық код" ұғымын қолдану
  • 10.3.1.1 Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін "мемлекет", "билік", "саяси ұйым" ұғымдарын пайдалану
  • 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру
  • 10.3.1.3 Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
  • 10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау
  • 10.3.2.2 ерте және дамыған ортағасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау
  • 10.3.2.3 түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау
  • 10.3.2.4 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы ұлыс жүйесінің дамуын зерттеу
  • 10.3.2.5 XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау
  • 10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау
  • 10.3.3.2 Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау
  • 10.3.3.3 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін зерттеу
  • 10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау
  • 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу
  • 10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу
  • 10.3.4.4 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін "автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдалану
  • 10.3.4.5 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау
  • 10.3.4.6 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау
  • 10.3.4.7 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып, Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау
  • 10.4.1.1 қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін "мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдарын пайдалану
  • 10.4.1.2 қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін анықтау; - Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын талдау
  • 10.4.1.3 қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін "әдет-ғұрып" "рәсім", "салт-дәстүр", "діл (менталитет)" ұғымдарын пайдалану
  • 10.4.1.4 қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру
  • 10.4.1.5 дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу
  • 10.4.1.6 типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау
  • 10.4.1.7 қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау
  • 10.4.1.8 халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау
  • 10.4.1.9 фольклор және зерттеушілер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениеттің бастаулары мен ерекшеліктерін анықтау
  • 10.4.2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды анықтау
  • 10.4.2.2 кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай келе, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау
  • 10.4.3.1 Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау
  • 10.4.3.2 халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру
  • 10.4.3.3 ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау
  • 10.4.3.4 халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде "Туған жер" ұғымын қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Өркениет: даму ерекшеліктері

Тақырып Оқу мақсаттары
Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері 10.1.1.1
Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы 10.1.1.2
Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары 10.1.1.3
"Ұлы Дала": тарихи-географиялық сипаттамасы 10.1.2.1, 10.1.2.2
Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) 10.1.2.3, 10.1.2.4, 10.1.2.5
Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті 10.1.2.6, 10.1.2.7
Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 10.1.3.1, 10.1.3.2
Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала

2-тоқсан

Этникалық және әлеуметтік процестер

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер 10.2.1.1, 10.2.1.2
қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 10.2.2.1, 10.2.2.2, 10.2.2.8
қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері 10.2.2.3, 10.2.2.4, 10.2.2.5
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері 10.2.2.6, 10.2.2.7
Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы

3-тоқсан

Мемлекет, соғыс және революциялар тарихы нан

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы 10.3.1.1, 10.3.1.2, 10.3.1.3
Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері 10.3.1.2, 10.3.2.1, 10.3.2.2, 10.3.2.3
Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері 10.3.1.2, 10.3.2.4, 10.3.2.5
Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі 10.3.1.2, 10.3.3.1
Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру 10.3.3.2, 10.3.3.3
Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі 10.3.4.1, 10.3.4.2, 10.3.4.3
Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі 10.3.1.2, 10.3.4.4, 10.3.4.5
Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 10.3.1.2, 10.3.4.6, 10.3.4.7
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы

4-тоқсан

Мәдениеттің дамуы

Тақырып Оқу мақсаттары
Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері 10.4.1.1, 10.4.1.2
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы 10.4.1.3, 10.4.1.4
Тарихи және мәдени ескерткіштер 10.4.1.5, 10.4.1.6
Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы 10.4.1.7, 10.4.1.8, 10.4.1.9
Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 10.4.2.1, 10.4.2.2
Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы 10.4.3.1, 10.4.3.2, 10.4.3.3, 10.4.3.4
Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.