Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Математика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 6‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат

Оқу мақсаттары

6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Сандар

1.1 Сандар және шамалар туралы түсініктер

  • 6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну
  • 6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару
  • 6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару
  • 6.1.1.4 координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу
  • 6.1.1.5 масштаб ұғымын меңгеру
  • 6.1.1.6 бүтін сан ұғымын меңгеру
  • 6.1.1.7 қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу
  • 6.1.1.8 рационал сан ұғымын меңгеру
  • 6.1.1.9 санның модулі анықтамасын білу және оның мәнін табу

1.2 Сандарға амалдар қолдану

  • 6.1.2.1 сандардың қатынасы ұғымын меңгеру
  • 6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу
  • 6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу
  • 6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру
  • 6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану
  • 6.1.2.6 шамаларды берілген қатынаста бөлу
  • 6.1.2.7 шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу
  • 6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру
  • 6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу
  • 6.1.2.10 бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау
  • 6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу
  • 6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру
  • 6.1.2.13 таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау
  • 6.1.2.14 рационал сандарды азайтуды орындау
  • 6.1.2.15 рационал сандарды көбейтуді орындау
  • 6.1.2.16 рационал сандарды бөлуді орындау
  • 6.1.2.17 рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану
  • 6.1.2.18 шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу
  • 6.1.2.19 рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету
  • 6.1.2.20 шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу
  • 6.1.2.21 шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру
  • 6.1.2.22 рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау
  • 6.1.2.23 тура пропорционал тәуелділіктерді танып білу және мысалдар келтіру
  • 6.1.2.24 координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу

2-бөлім. Алгебра

2.1 Алгебралық өрнектер және түрлендірулер

  • 6.2.1.1 алгебралық өрнек ұғымын меңгеру
  • 6.2.1.2 айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу
  • 6.2.1.3 алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу
  • 6.2.1.4 айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтіндіде мағынасы бар болатынын түсіну
  • 6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу
  • 6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу
  • 6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау
  • 6.2.1.8 тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу
  • 6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау
  • 6.2.1.10 теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу
  • 6.2.1.11 |a - b| өрнегінің геометриялық мағынасын түсіну
  • 6.2.1.12 тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу
  • 6.2.1.13 сандармен байланысты есептер шығаруда 6.2.1.13 мақсатының формуласы = 10a + b, 6.2.1.13 мақсатының формуласы = 100a + 10b + c жазуларын қолдану

2.2 Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары

  • 6.2.2.1 тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану
  • 6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу
  • 6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
  • 6.2.2.4 |x ± a| = b түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар
  • 6.2.2.5 тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу және қолдану
  • 6.2.2.6 теңсіздіктерді қосу, азайту, көбейту және бөлуді түсіну және қолдану
  • 6.2.2.7 сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану
  • 6.2.2.8 сан аралықтарды кескіндеу
  • 6.2.2.9 сан аралықтардың бірігуін және қиылысуын табу
  • 6.2.2.10 kx > b, kx ≥ b, kx < b, kx ≤ b түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу
  • 6.2.2.11 алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді kx > b, kx ≥ b, kx < b, kx ≤ b, түріндегі теңсіздіктерге келтіру
  • 6.2.2.12 теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу
  • 6.2.2.13 теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу
  • 6.2.2.14 бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
  • 6.2.2.15 |x| > a,|x| ≥ a,|x|< a,|x| ≤ a теңсіздіктер түрінде берілген нүктелер жиынын координаталық түзуде кескіндеу
  • 6.2.2.16 екі айнымалысы бар теңдеудің анықтамасын және қасиеттерін білу
  • 6.2.2.17 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі туралы түсінігінің болуы
  • 6.2.2.18 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну
  • 6.2.2.19 теңдеулер жүйелесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу

3-бөлім. Геометрия

3.1 Геометриялық фигуралар туралы түсінік

  • 6.3.1.1 координаталық жазықтық ұғымын меңгеру
  • 6.3.1.2 тік бұрышты координаталар жүйесін салу
  • 6.3.1.3 (x; y) реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну
  • 6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу
  • 6.3.1.5 осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру
  • 6.3.1.6 осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату
  • 6.3.1.7 шар мен сфера туралы түсінігінің болуы

3.2 Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

  • 6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу
  • 6.3.2.2 параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату
  • 6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу
  • 6.3.2.4 кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу
  • 6.3.2.5 тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу

3.3 Метрикалық қатыстар

  • 6.3.3.1 координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу
  • 6.3.3.2 шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу
  • 6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану
  • 6.3.3.4 дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану

3.4 Векторлар және түрлендірулер

  • 6.3.4.1 вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу

4-бөлім. Статистика және ықтималдықтар теориясы

4.2 Комбинаторика негіздері

  • 6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару

4.3 Статистика және деректерді талдау

  • 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу
  • 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу

5-бөлім. Математикалық модельдеу мен талдау

5.1 Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару

  • 6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару
  • 6.5.1.2 пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу
  • 6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану
  • 6.5.1.4 рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару
  • 6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару
  • 6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару
  • 6.5.1.7 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу

5.2 Математикалық тіл және Математикалық модель

  • 6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу
  • 6.5.2.2 пропорцияны оқу және жазу
  • 6.5.2.3 шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану
  • 6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру
  • 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару
  • 6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу
  • 6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу
  • 6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру
  • 6.5.2.9 формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу
  • 6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу
  • 6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне талдау беру
  • 6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу
  • 6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

5‑сыныптағы математика курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
5‑сыныптағы математика курсын қайталау

Қатынастар және пропорциялар

Тақырып Оқу мақсаттары
Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы 6.1.1.1, 6.1.2.1, 6.1.2.2, 6.5.2.1
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті 6.1.2.3, 6.1.2.4, 6.1.2.5, 6.5.2.2
Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік 6.1.1.2, 6.1.1.3, 6.5.1.1
Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару 6.5.1.2, 6.1.2.6, 6.1.2.7
Масштаб 6.1.1.5, 6.5.1.3
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера 6.3.3.2, 6.3.3.3, 6.3.3.4, 6.3.1.7

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Тақырып Оқу мақсаттары
Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар 6.1.1.4, 6.1.1.7
Бүтін сандар. Рационал сандар 6.1.1.6, 6.5.2.3, 6.1.1.8, 6.1.2.9, 6.1.2.11
Санның модулі 6.1.1.9, 6.2.1.11, 6.3.3.1
Рационал сандарды салыстыру 6.1.2.8, 6.1.2.12
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу 6.1.2.10
Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу 6.1.2.13
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы 6.1.2.14, 6.1.2.24

2-тоқсан

Рационал сандарға амалдар қолдану

Тақырып Оқу мақсаттары
Рационал сандарды көбейту 6.1.2.15
Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері 6.1.2.17
Рационал сандарды бөлу 6.1.2.16
Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру 6.1.2.18, 6.1.2.19, 6.1.2.20, 6.1.2.21
Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану 6.1.2.22
Мәтінді есептерді шығару 6.5.1.4

Алгебралық өрнектер

Тақырып Оқу мақсаттары
Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек 6.2.1.1, 6.2.1.2, 6.2.1.3, 6.2.1.4
Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру 6.2.1.5, 6.2.1.6, 6.2.1.7
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік 6.2.1.8
Алгебралық өрнектерді түрлендіру 6.2.1.9
Мәтінді есептерді шығару 6.5.2.4, 6.2.1.10

3-тоқсан

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Тақырып Оқу мақсаттары
Санды теңдіктер және олардың қасиеттері 6.2.2.1
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу 6.2.2.2, 6.2.2.3
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6.2.2.4
Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару 6.5.1.6

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Тақырып Оқу мақсаттары
Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері 6.2.2.5, 6.2.2.6
Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы 6.2.2.7, 6.2.2.8, 6.2.2.9
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу 6.2.2.10, 6.2.2.11, 6.2.2.12, 6.2.2.13
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу 6.2.2.14
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу 6.2.2.15

Координаталық жазықтық

Тақырып Оқу мақсаттары
Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер 6.3.2.1, 6.3.2.2
Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі 6.3.1.1, 6.3.1.2, 6.3.1.3, 6.3.1.4, 6.3.2.3
Центрлік симметрия. Осьтік симметрия 6.3.1.5, 6.3.1.6, 6.3.2.5

Кеңістіктегі фигуралар

Тақырып Оқу мақсаттары
Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, "көрінбейтін" сызықтар. Вектор ұғымы 6.3.2.4, 6.3.4.1

4-тоқсан

Статистика. Комбинаторика

Тақырып Оқу мақсаттары
Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш 6.4.3.1, 6.4.3.2
Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару 6.5.1.5, 6.4.2.1

Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Тақырып Оқу мақсаттары
Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл 6.5.2.5, 6.5.2.6, 6.5.2.7, 6.5.2.8, 6.5.2.9
Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу 6.5.2.10
Тура пропорционалдық және оның графигі 6.1.2.23, 6.2.1.12, 6.5.2.11, 6.5.2.12, 6.5.2.13

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Тақырып Оқу мақсаттары
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу 6.2.2.16
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері 6.2.2.17, 6.2.2.18
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу 6.2.2.19
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару 6.2.1.13, 6.5.1.7

5-6‑сыныптардағы математика курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
5-6‑сыныптардағы математика курсын қайталау
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 6-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.