Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Математика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 1‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 132 сағат

Оқу мақсаттары

1‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Сандар мен шамалар

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

  • 1.1.1.1 натурал сандар/ нөл санының құрылу жолын түсіну, 10/11-20 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
  • 1.1.1.2 біртаңбалы сандарды және 10 санын/11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру
  • 1.1.1.3 біртаңбалы сандардың құрамын/ 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
  • 1.1.1.4 санаудың ірі бірлігі ондықты құрастыру, 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру
  • 1.1.1.5 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау/ тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу

1.2 Сандар мен амалдар орындау

  • 1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну
  • 1.1.2.2 қосу және азайту өзара кері амалдар екенін түсіну, қосумен азайту компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау
  • 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін/ 0 мен 1 сандарының қасиетін қолдану
  • 1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану
  • 1.1.2.5 ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды/ 20 көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау

1.3 Шамалар және өлшем бірліктері

  • 1.1.3.1 ұзындық/масса/ көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу
  • 1.1.3.2 өлшем бірліктерді: ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/ көлем (сыйымдылық) (л), уақыт (сағ) қолданып, шамаларды өлшеу
  • 1.1.3.3 ұзындық (см, дм)/масса (кг)/ көлем (сыйымдылық) (л)/уақыт (сағ) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау
  • 1.1.3.4 ұзындық өлшем бірліктерін (см, дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
  • 1.1.3.5 уақытты циферблат бойынша 12 сағаттық форматта анықтау/ уақыт өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай, жыл) ажырату
  • 1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг монеталармен түрліше төлем жасау

2-бөлім. Алгебра элементтері

2.1 Санды және әріпті өрнектер

  • 1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/ теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
  • 1.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу
  • 1.2.1.3 қосу мен азайту амалдары арасындағы қатынасты әріпті өрнектер түрінде: а+b=c, ca=b, c-b=a көрсету және қолдану
  • 1.2.1.4 қосу және азайту жағдайында 0-дің қасиетін әріпті өрнек түрінде: a+0=a, a-0=a көрсету
  • 1.2.1.5 жақшасыз әріпті/санды өрнектерді салыстыру

2.2 Теңдіктер мен теңсіздіктер. Теңдеулер

  • 1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді тану/ тура және тура емес теңдікті айыра білу
  • 1.2.2.2 таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу

3-бөлім. Геометрия элементтері

3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы

  • 1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық, сынық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау
  • 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
  • 1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру

3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

  • 1.3.2.1 түзу, тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта/ қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу
  • 1.3.2.2 берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу
  • 1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
  • 1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке, қалың-жұқа)
  • 1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау

3.3 Нүктелер кординаттары және қозғалыс бағыты

  • 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

4-бөлім. Жиындар. Логика элементтері

4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар

  • 1.4.1.1 екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін айырып алуды көрнекі түрде кескіндеу
  • 1.4.1.2 жиындарды элементерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру
  • 1.4.1.3 жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыру/ тең жиындарды, бос жиындарды анықтау

4.2 Пікірлер

  • 1.4.2.1 тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтау
  • 1.4.2.2 бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыштар, ребустар шешу, сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығару

4.3 Тізбектер

  • 1.4.3.1 10-ға дейінгі/ 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ ондықтармен 100-ге дейін және кері ретпен сандар тізбегін құрастыру/ 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау
  • 1.4.3.2 іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтау/ сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі-түсті моншақтар тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу

4.4 Нысандардың комбинациялары

  • 1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан "екі -екіден" комбинациялар жиынын құрастыру

5-бөлім. Математикалық модельдеу

5.1 Есептер және математикалық модель

  • 1.5.1.1 есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу/ есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау
  • 1.5.1.2 сандарды, заттарды, тауардың құнын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану/ заттар арасындағыара-қашықтықты, бағытты, орналасуын анықтайтын терминдер пайдалану
  • 1.5.1.3 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару/кері есеп құрастыру және шығару
  • 1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару
  • 1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару
  • 1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру

5.2 Математикалық тіл

  • 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, бір таңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету
  • 1.5.2.2 "+", "-", "=", " 1.5.2.2 мақсатының формуласы ", ">", "<" таңбаларын/ цифрларды, (1.5.2.2 мақсатының формуласы) белгісіз сан символын қолдану
  • 1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын/сандарды салыстыру (артық/кем)/ көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану
  • 1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
  • 1.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және толықтыру/ қолда бар материалдарды пайдаланып, кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1А Сандар мен цифрлар

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 1.1.1.1, 1.1.1.2, 1.1.1.3
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу 1.3.2.5, 1.3.2.4
1.2 Сандармен амалдарды орындау 1.1.2.1, 1.1.2.5, 1.1.2.3
3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты 1.3.3.1
4.3 Тізбектер 1.4.3.1
5.2 Математикалық тіл 1.5.2.1, 1.5.1.2, 1.5.2.3, 1.5.2.2, 1.5.2.4

1В Геометриялық фигуралар

Тақырып Оқу мақсаттары
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар 1.4.1.2
3.1 Геометриялық фигуралар 1.3.1.1, 1.3.1.2
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу 1.3.2.3

1С Шамалар және өлшем бірліктері

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Есептер және математикалық модель 1.5.1.2
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері 1.1.3.1, 1.1.3.2, 1.1.3.3

2-тоқсан

2А 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Сандармен амалдарды орындау 1.1.2.4, 1.1.2.3
1.1Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 1.1.1.1, 1.1.1.4
4.3 Тізбектер 1.4.3.1
1.2 Сандармен амалдарды орындау 1.1.2.5, 1.1.2.1
2.1 Санды және әріпті өрнектер 1.2.1.1
5.2 Математикалық тіл 1.5.2.2, 1.5.2.4

2В Сандар және заңдылықтар

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 1.1.1.5
4.3 Тізбектер 1.4.3.1, 1.4.3.2
4.2 Тұжырымдар 1.4.2.2

2С Шамалар және өлшем бірліктері

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы 1.3.1.3
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу 1.3.2.2
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері 1.1.3.1, 1.1.3.2, 1.1.3.3, 1.1.3.4

3-тоқсан

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 1.1.1.2
5.1 Есептер және математикалық модель 1.5.1.1, 1.5.1.3, 1.5.1.4, 1.5.1.5
5.2 Математикалық тіл 1.5.2.2
1.2 Сандармен амалдарды орындау 1.1.2.2, 1.1.2.3

3В Шамалар. Уақытты бағдарлау

Тақырып Оқу мақсаттары
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері 1.1.3.5, 1.1.3.1, 1.1.3.2

3С Теңдік және теңсіздік. Теңдеу Қосу кестесін қолдану. Есептер

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу 1.2.2.1, 1.2.2.2
2.1 Санды және әріпті өрнектер 1.2.1.1, 1.2.1.2, 1.2.1.3, 1.2.1.4, 1.2.1.5
5.2 Математикалық тіл 1.5.2.2

4-тоқсан

4А Күнделікті өмірдегі есептеулер

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 1.1.1.1, 1.1.1.2, 1.1.1.3, 1.1.1.5
1.2 Сандармен амалдар орындау 1.1.2.5
1.3 Шамалар және өлшем бірліктер 1.1.3.6
4.3 Тізбектер 1.4.3.1
5.1 Есептер және математикалық модель 1.5.1.4, 1.5.1.3, 1.5.1.6

4В Жиын және логика элементтері

Тақырып Оқу мақсаттары
5.2 Математикалық тіл 1.5.2.5
4.2 Тұжырымдар 1.4.2.1, 1.4.2.2
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар 1.4.1.2, 1.4.1.3, 1.4.1.1
4.4 Нысандардың комбинациялары 1.4.4.1
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері 1.1.3.1, 1.1.3.3

4С Нысандардың орналасуы және бағыты

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы 1.3.1.2
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу 1.3.2.1, 1.3.2.2, 1.3.2.3, 1.3.2.4
5.1 Есептер және математикалық модель 1.5.1.2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.