Оқу жүктемесі: аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат
Оқу мақсаттары
3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Сандар мен шамалар
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
- 3.1.1.1 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
- 3.1.1.2 үштаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
- 3.1.1.3 үштаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
- 3.1.1.4 санаудың ірі бірлігі мыңдықты құрастыру, 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау, жазу, салыстыру
- 3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру
- 3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу, бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру
1.2 Сандар мен амалдар орындау
- 3.1.2.1 бөлшек дегеніміз бір бүтіннің бір не бірнеше бөліктері және екі натурал санның қатынасы екенін түсіну/санның квадратын бірдей екі көбейткіштің, ал санның кубы бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну
- 3.1.2.2 көбейту және бөлуді орындауда 0 мен1 сандарының қасиеттерін қолдану, санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу
- 3.1.2.3 тиімді есептеу үшін көбейтудің ауыстырымдылық/ үлестірімділік, терімділік қасиеттерін қолдану
- 3.1.2.4 6, 7, 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану
- 3.1.2.5 үштаңбалы сандарды/ мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
- 3.1.2.6 біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау
- 3.1.2.7 кестеден тыс: 17•5, 96:6, 75:15, 84:4 жағдайларында ауызша көбейту мен бөлуді орындау
- 3.1.2.8 үштаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
- 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
- 3.1.2.10 23·2, 123·2, 46:2, 246:2 жағдайларында: екітаңбалы/ үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
- 3.1.2.11 28·3, 269·2, 84:3, 538:2 жағдайларында: екі/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
- 3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану
- 3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үштаңбалы санды біртаңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану
- 3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу
1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
- 3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу
- 3.1.3.2 ұзындық (мм, км)/масса (г, т) /аудан (см2, дм2, м2)/уақыт (сек) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
- 3.1.3.3 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ көлем (сыйымдылық) (л)/аудан (см2, дм2, м2)/уақыт: (сек, мин, сағ, тәул, ай, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар мәндерімен қосу/азайту/ көбейту/бөлу амалын орындау
- 3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/ масса (г, кг, ц, т)/аудан (см2, дм2, м2)/уақыт (сек, мин, сағ, тәул, ай, жыл, ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
- 3.1.3.5 әртүрлі сағатпен уақытты анықтау: сағат, минут, секунд
- 3.1.3.6 1000 тг, 2000 тг, 5000 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау
2-бөлім. Алгебра элементтері
2.1 Санды және әріпті өрнектер
- 3.2.1.1 бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
- 3.2.1.2 әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу
- 3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc), a(b+c)=ab+ac, a(b-c)=ab-ac көрсету және қолдану
-
3.2.1.4
санды 0-ге көбейту, 0-ге бөлуге болмайтын жағдайларды әріпті теңдік түрінде: a·0 =0, a
0 көрсету
- 3.2.1.5 үш амалдан артық санды өрнектерді салыстыру
- 3.2.1.6 төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
- 3.2.1.7 формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну
2.2 Теңдіктер мен теңсіздіктер. Теңдеулер
- 3.2.2.1 қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу
- 3.2.2.2 көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі х·(25:5)=60, (24·3):х=6, х:(17·2)=2, k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу
3-бөлім. Геометрия элементтері
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы
- 3.3.1.1 шеңбер, дөңгелек және олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
- 3.3.1.2 геометриялық фигуралардың классификациясы
- 3.3.1.3 тіктөртбұрыш S=a·b, шаршы S=a2, тікбұрышты үшбұрыш S=(a.b):2, ауданы формуласын шығарып алу және қолдану
- 3.3.1.4 суретте кескінделген құрастырылған фигуралардың, қоршаған ортадағы жазық фигуралардың периметрін анықтау
- 3.3.1.5 берілген ауданы бойынша жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
- 3.3.2.1 нүктелі қағазда параллель және қиылысатын түзулерді/ қиылысатын геометриялық жазық фигураларды сызу, олардың қиылысу және бірігу аймағын табу
- 3.3.2.2 (берілген қабырғалары бойынша) тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер сызу
- 3.3.2.3 кеңістік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру
- 3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру
3.3 Нүктелер кординаттары және қозғалыс бағыты
- 3.3.3.1 жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау
4-бөлім. Жиындар. Логика элементтері
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
- 3.4.1.1 екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу
- 3.4.1.2 сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру
- 3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру
4.2 Пікірлер
- 3.4.2.1 ақиқат немесе жалған пікірлер құру
- 3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару
4.3 Тізбектер
- 3.4.3.1 1000-ға дейінгі сандар/ мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау
- 3.4.3.2 өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
4.4 Нысандардың комбинациялары
- 3.4.4.1 "мүмкіндік ағашы" туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану
5-бөлім. Математикалық модельдеу
5.1 Есептер және математикалық модель
- 3.5.1.1 екі-үш амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу
- 3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы масса/ бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны, жалпы шығын/ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану
- 3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару
- 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал бөлуге берілген есептерді талдау және шығару
- 3.5.1.5 жанама сұрақтары болатын есептерді ("бірнеше бірлік артық/кем", "бірнеше есе артық/ кем" қатынастарымен байланысты), тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен ауданын табуға, еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару
- 3.5.1.6 есептеу кезінде жауабын алдын ала болжау, нәтижесін құрама есептің шартына сәйкес түсіндіру
- 3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді (шамалар арасындағы тәуелділікке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару
- 3.5.1.8 айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде барлық арифметикалық амалдарға берілген қарапайым есептерді шешуді, қосу мен азайтуға берілген құрама есептерді сандық өрнектер түрінде моделдеу
5.2 Математикалық тіл
- 3.5.2.1 көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану
-
3.5.2.2
екі жиынның қиылысуы
, екі жиынның бірігуі
, бос жиын
таңбаларын қолдану
- 3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу
- 3.5.2.4 қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
- 3.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу және диаграммалар мен пиктограммалар қолданып салыстыру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1А 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер | 3.1.1.1, 3.1.1.2, 3.1.1.3, 3.1.1.4 |
| 5.2 Математикалық тіл | 3.5.2.1, 3.5.2.4 |
| 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.5, 3.1.2.8 |
| 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 3.2.1.1, 3.2.1.2 |
| 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу | 3.2.2.1 |
| 4.3 Тізбектер | 3.4.3.1, 3.4.3.2 |
1В Көбейту және бөлу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1.2 Сандармен амалдар орындау | 3.1.2.2, 3.1.2.3 |
| 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 3.1.3.1, 3.1.3.3 |
| 2.1 Санды және әріпті өрнектер | 3.2.1.4 |
| 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 3.4.1.1, 3.4.1.2, 3.5.2.2 |
| 4.4 Нысандардың комбинациялары | 3.4.4.1 |
| 5.1 Есептер және математикалық модель | 3.5.1.1, 3.5.1.4 |
| 5.1 Математикалық тіл | 3.5.2.4 |
1С Кестелік көбейту және бөлу
2-тоқсан
2А Үлес
2В Аудан. Шамалар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы | 3.3.1.1, 3.3.1.2, 3.3.1.3, 3.3.1.4, 3.3.1.5 |
| 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу | 3.3.2.1, 3.3.2.2 |
| 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты | 3.3.3.1 |
| 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 3.1.3.1, 3.1.3.2, 3.1.3.3, 3.1.3.4 |
| 5.1 Есептер және математикалық модель | 3.5.1.2, 3.5.1.4, 3.5.1.5 |
| 5.2 Математикалық тіл | 3.5.2.3 |
2С Ауызша көбейту және бөлу
3-тоқсан
3А Кестеден тыс көбейту және бөлу
3В Кеңістік фигуралар
3С Жазбаша көбейту және бөлу
4-тоқсан
4А Жазбаша көбейту және бөлу
4В Есепті шешу жолдары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер | 3.1.3.6 |
| 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар | 3.4.1.3 |
| 4.2 Пікірлер | 3.4.2.1, 3.4.2.2 |
| 4.4 Нысандардың комбинациялары | 3.4.4.1 |
| 5.1 Есептер және математикалық модель | 3.5.1.1, 3.5.1.2, 3.5.1.5, 3.5.1.6, 3.5.1.7, 3.5.1.8 |
| 5.2 Математикалық тіл | 3.5.2.5 |
4С Уақыт
Басқа сыныптар
- Математика, 1-сынып
- Математика, 2-сынып
- Математика, 3-сынып
- Математика, 4-сынып
- Математика, 5-сынып
- Математика, 6-сынып