Оқу жүктемесі: аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат
Оқу мақсаттары
2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Сандар мен шамалар
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
- 2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
- 2.1.1.2 екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
- 2.1.1.3 екітаңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу/12-ге дейінгі рим сандарын оқу, жазу және қолдану
- 2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі жүздікті құрастыру, 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру
- 2.1.1.5 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау/ жұп/тақ сандарды ажырату/заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету
1.2 Сандар мен амалдар орындау
- 2.1.2.1 көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді заттардың түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну
- 2.1.2.2 көбейту және бөлу өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту мен бөлу компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау
- 2.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін/ көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану
- 2.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану/2, 3, 4, 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану
- 2.1.2.5 біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту/300+200 (3жүзд.+2жүзд.), 170-130 (17онд.-13онд.) түрінде ауызша қосу және азайтуды орындау
- 2.1.2.6 екітаңбалы сандарды: 40+17, 57-40, 57-17, 35±12 жағдайларында ондықтан аттамай ауызша қосу және азайтуды орындау
- 2.1.2.7 45±9, 40-14, жағдайларында: ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау
- 2.1.2.8 34+ 23, 57-23, 45±19, 47+33, 80-47, 100-35 жағдайларында: екітаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
- 2.1.3.1 әртүрлі өлшеу құралдары шкалаларын бір бірінен ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау
- 2.1.3.2 ұзындық (м)/ масса (ц) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
- 2.1.3.3 ұзындық (см, дм, м)/масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт: (сағ, тәул, апта, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар мәндерімен қосу/азайту/ көбейту/бөлу амалын орындау
- 2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м)/масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, тәул, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
- 2.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат және минут
- 2.1.3.6 50 тг, 100 тг монеталарды, 200 тг, 500 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау
2-бөлім. Алгебра элементтері
2.1 Санды және әріпті өрнектер
- 2.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
- 2.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу
- 2.2.1.3 қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: a+b=b+a, (a+b)+c=a+(b+c) ab=ba көрсету және қолдану
- 2.2.1.4 санды 1-ге көбейту және бөлу жағдайларын әріпті теңдік түрінде: a·1=a, a:1=a көрсету
- 2.2.1.5 екі амалдан артық жақшалы және жақшасыз санды өрнектерді салыстыру
- 2.2.1.6 екі/үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
2.2 Теңдіктер мен теңсіздіктер. Теңдеулер
-
2.2.2.1
х <
және х >
түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау
- 2.2.2.2 көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді, х+(25-6)=38, (24-3)-х=8, а+6=7+80 түріндегі күрделі теңдеулерді шешу
3-бөлім. Геометрия элементтері
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы
- 2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір-бірінен ажырату және атау/ тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша ажырату және атау
- 2.3.1.2 көпбұрыштардың классификациясы
- 2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттар қабырғаларының ұзындығын өлшеу, периметрді табуға арналған формулаларды: Р= (а+в)·2, Р=а·4, Р=а+в+с қорытындылау, құру және қолдану
- 2.3.1.4 фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі мен белгілі қабырғалары арқылы табу
- 2.3.1.5 берілген периметрі бойынша жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
- 2.3.2.1 нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу
- 2.3.2.2 тік бұрышты сызу
- 2.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерін бөлу және олардан композиция құрастыру
- 2.3.2.4 бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне кері жартыға, төрттен бірге бұрылу), анықтау айқындайтын нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасау
3.3 Нүктелер кординаттары және қозғалыс бағыты
- 2.3.3.1 сызықта белгіленген нүктелерді бір-біріне қатысты орналасуын анықтау
4-бөлім. Жиындар. Логика элементтері
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
- 2.4.1.1 тең жиындардың бірігуін және жиыннан оның тең бөліктерін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу
- 2.4.1.2 сандардың жазылуындағы цифрлар саны, 2-ге бөлінуі, сандық тізбектегі алатын орындары бойынша сандық жиындар құру және жіктеу (бөліктеу)
- 2.4.1.3 жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу, элементтердің жиынға жиындардың бірігуіне және қиылысуына тиістілігін анықтау
4.2 Пікірлер
- 2.4.2.1 тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру
- 2.4.2.2 сандық есептерді, әртүрлі сандардан тұратын басқатырғыштарды, ауыстырып құюға және өлшеуге берілген логикалық есептерді зерттеу және шығару
4.3 Тізбектер
- 2.4.3.1 100-ге дейінгі сандар/1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау
- 2.4.3.2 берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
4.4 Нысандардың комбинациялары
- 2.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан "үш-үштен" комбинациялар жиынын құрастыру
5-бөлім. Математикалық модельдеу
5.1 Есептер және математикалық модель
- 2.5.1.1 бір-екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу
- 2.5.1.2 есептерді шығару барысында баға, мөлшер (сан), құн/ ұзындығы, ені, периметр шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану
- 2.5.1.3 бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға, мазмұнына қарай және бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару
- 2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру/кемітуге, айырмалық салыстыруға, еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептерді құрастыру және салыстыру
- 2.5.1.5 көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға/тіктөртбұрыштың (шаршының) ұзындығы, ені, периметрін табуға берілген есептерді, тура және жанама тұжырымдармен "бірнеше бірлік артық/кем", "бірнеше есе артық/ кем" берілген есептерді (айырмалық салыстыруға қатысты) талдау және шығару, кері есептерді құрастыру және шығару
- 2.5.1.6 көбейту мен бөлуге берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру
- 2.5.1.7 екі амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге, еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару
- 2.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде/ құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу
5.2 Математикалық тіл
- 2.5.2.1 екітаңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені қолдану
-
2.5.2.2
жиынды белгілеу үшін латын алфавитінің бас әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптерін, жиынға тиістілігін және тиісті еместігін белгілеу үшін
, және
таңбаларын қолдану
- 2.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды, шеңбердің центрін, радиусті, диаметрді латын алфавитінің әріптерімен таңбалау, оларды белгіленуі бойынша оқу
- 2.5.2.4 көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
- 2.5.2.5 деректерді жинақтау, жүйелеу, кестелер және диаграммалар құрастыру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
1А Екітаңбалы сандар
1В Сандармен амалдар орындау. Есептер
1С Шамалар және олардың өлшем бірліктері
2-тоқсан
2A Екітаңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер
2B Шамалар және өлшем бірліктер
2 С Жиын және оның элементін белгілеу. ⟦img:1⟧ және ⟦img:2⟧ таңбалары
3-тоқсан
3А Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы
3В Көбейту және бөлу. Есептер
3С Санды және әріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер
4-тоқсан
4A Тиімді есептеу тәсілдері
4B Есептерді шешу тәсілдері
4C Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы | 2.3.1.3, 2.3.1.4, 2.3.1.5 |
| 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу | 2.3.2.3, 2.3.2.4 |
| 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты | 2.3.3.1 |
| 4.2 Пікірлер | 2.4.2.2 |
| 5.1 Есептер және математикалық модель | 2.5.1.2, 2.5.1.5 |
| 5.2 Математикалық тіл | 2.5.2.3 |
Басқа сыныптар
- Математика, 1-сынып
- Математика, 2-сынып
- Математика, 3-сынып
- Математика, 4-сынып
- Математика, 5-сынып
- Математика, 6-сынып