Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Математика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 4‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат

Оқу мақсаттары

4‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Сандар мен шамалар

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

  • 4.1.1.1 көптаңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау
  • 4.1.1.2 көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру/ сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу
  • 4.1.1.3 көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
  • 4.1.1.4 санаудың ірі бірлігі миллионды құрастыру, жүз миллион көлемінде санау, жазу, салыстыру
  • 4.1.1.5 пайыз бүтіннің жүзден бір бөлігі екенін түсіну
  • 4.1.1.6 бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру, сан сәулесінде салыстыру/ дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату

1.2 Сандар мен амалдар орындау

  • 4.1.2.1 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайтуды бөлімдерін өзгертпей қалдырып, сәйкес алымдарны қосу және азайту деп түсіну
  • 4.1.2.2 көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану
  • 4.1.2.3 көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдану
  • 4.1.2.4 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыру
  • 4.1.2.5 көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау, микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу
  • 4.1.2.6 10, 100, 1000 сандарына қалдықсыз және қалдықпен бөлу
  • 4.1.2.7 екітаңбалы/ үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға ауызша көбейту мен бөлуді орындау
  • 4.1.2.8 көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
  • 4.1.2.9 санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге көбейту және бөлу ережелерін қолдану
  • 4.1.2.10 көптаңбалы сандарды біртаңбалы/ екітаңбалы/ үштаңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау
  • 4.1.2.11 екітаңбалы/ үштаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану
  • 4.1.2.12 нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды біртаңбалы/ екітаңбалы/ үштаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану
  • 4.1.2.13 бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды біртаңбалы/ екітаңбалы/ үштаңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану
  • 4.1.2.14 аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру
  • 4.1.2.15 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолдану

1.3 Шамалар және өлшем бірліктері

  • 4.1.3.1 кеңістік геометриялық фигураларды атау, көлемді өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдау, текшелермен (кубиктермен) (1 см3) өлшеу
  • 4.1.3.2 көлем (сыйымдылық) (мм3,см3, дм3, м3), аудан (га, ар) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
  • 4.1.3.3 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса: (г, кг, ц, т)/көлем (сыйымдылық) (л, мм3, см3, дм3, м3)/ аудан: (мм2, см2, дм2, м2, ар, га)/уақыт (сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар мәндерімен қосу/азайту/көбейту/ бөлу амалын орындау
  • 4.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/ масса (г, кг, ц, т)/ аудан (мм2, см2, дм2, м2, га, ар)/көлем: (мм3, см3, дм3, м3)/ уақыт (сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
  • 4.1.3.5 уақыт өлшем бірлігінің үлесін табу (1/60 сағ=1 мин, 1/2 сағ=30 мин, 1/7 апта=1 күн)
  • 4.1.3.6 10 000 тг, 20 000 тг купюраларын және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажырату және түрлі төлем жасау

2-бөлім. Алгебра элементтері

2.1 Санды және әріпті өрнектер

  • 4.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді түрлендіру
  • 4.2.1.2 әріптердің берілген мәндеріндегі бірнеше әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу
  • 4.2.1.3 әріпті өрнектерді құру және есептер шығару барысында қолдану
  • 4.2.1.4 бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындау
  • 4.2.1.5 алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыру, сан сәулесінде салыстыру
  • 4.2.1.6 бөлімдері бірдей жай бөлшектері бар өрнектердің мәндерін салыстыру
  • 4.2.1.7 төрт амалдан артық жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
  • 4.2.1.8 бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы арақашықтық формуласын s=v·t, t=s:v, v=s:t/қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды/ қалдықпен бөлу формуласын a=b·c+r/ шығарып алу және қолдану

2.2 Теңдіктер мен теңсіздіктер. Теңдеулер

  • 4.2.2.1 қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу
  • 4.2.2.2 39+490:k=46, 230·а+40=1000:2 түріндегі теңдеулерді шешу

3-бөлім. Геометрия элементтері

3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы

  • 4.3.1.1 тікбұрышты үшбұрышты, текше, тікбұрышты параллелепипед және олардың элементтерін (төбесі, қабырғалары, қырлары) бір-бірінен ажырату және атау
  • 4.3.1.2 үшбұрыштардың классификациясы
  • 4.3.1.3 тікбұрышты параллепипед көлемінің формуласын (V=a∙b∙c) қорытып шығару және қолдану
  • 4.3.1.4 суретте бейнеленген құрама фигуралардың, қоршаған ортадағы жазық фигуралардың ауданын анықтау
  • 4.3.1.5 жазық фигураларды осіне қатысты симметриялы болатын фигуралармен нүктелі қағазда толықтыру, бұрыштың шамасын табу

3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

  • 4.3.2.1 нүктелі қағазда перпендикуляр түзулер, симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды сызу
  • 4.3.2.2 градустық өлшемі бойынша бұрыш, тік бұрышқа тиісті екі қабырғасы бойынша тікбұрышты үшбұрыш, шеңбер және дөңгелекті радиусы бойынша, тікбұрышты сызғыштың көмегімен түзуге перпендикуляр түзу сызу
  • 4.3.2.3 кеңістік геометриялық фигуралардың (пирамида, цилиндр, конус) жазбасын ажырату, фигураларды олардың жазбасымен сәйкестендіру және олардың моделін құрастыру
  • 4.3.2.4 симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды бір бірінен ажырату және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

3.3 Нүктелер кординаттары және қозғалыс бағыты

  • 4.3.3.1 қозғалыстың басталуы мен бағытын пайдалана отырып, нысандар қозғалысы сызбасын құру, сәйкес есептеулер жүргізу
  • 4.3.3.2 нысандардың бастапқы орны мен қозғалыс бағытын (бір-біріне қарама қарсы, біріненбірі қарама-қарсы бағытта) анықтау

4-бөлім. Жиындар. Логика элементтері

4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар

  • 4.4.1.1 жиындар арасындағы қатынастың (тең, қиылысатын, қиылыспайтын жиындар, ішкі жиын) сипатын анықтай білу
  • 4.4.1.2 түзу сызықтардың, геометриялық фигуралардың қиылысуын көрсету, қиылысу және бірігу аймақтарын белгілеу
  • 4.4.1.3 есептерді/ теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдану

4.2 Пікірлер

  • 4.4.2.1 математикалық мазмұндағы пікірлер құру, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау
  • 4.4.2.2 кеңістік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді шығару

4.3 Тізбектер

  • 4.4.3.1 1 000 000-ға дейінгі сандар/алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектермен өрнектелген сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтау
  • 4.4.3.2 заңдылықты немесе ережені өзі таңдап, сандар/сандар тобы тізбектерін құру

4.4 Нысандардың комбинациялары

  • 4.4.4.1 таңдап алу әдісімен комбинаторлық есептерді шығару

5-бөлім. Математикалық модельдеу

5.1 Есептер және математикалық модель

  • 4.5.1.1 есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу
  • 4.5.1.2 есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/ егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт/биіктік, ені, ұзындық, көлемі шамаларырының өзара тәуелділігін пайдалану
  • 4.5.1.3 бүтіннің бөлігін табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру, шығару
  • 4.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке/ пропорционал бөлуге/ белгісізді екі айырым бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару
  • 4.5.1.5 тікбұрышты параллелепипедтің (кубтың) көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдау және шығару
  • 4.5.1.6 әртүрлі құрама есептерді құрастыру, салыстыру, шығару
  • 4.5.1.7 үш-төрт амалмен шығарылатын есептерді модельдеу және түрлі әдіспен шығару, ең тиімді әдісті анықтау
  • 4.5.1.8 теңдеу мен сандық өрнек арқылы құрама есепті шығарудың моделін құрастыру
  • 4.5.1.9 бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс, артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу

5.2 Математикалық тіл

  • 4.5.2.1 жай бөлшектердің құрылуын, салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі және сан сәулесін қолдану
  • 4.5.2.3 текшені, тікбұрышты параллелепипедті латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу
  • 4.5.2.4 (10 %, 20 %, 25 %, 50 %, 75%, 100 %) пайызды % символымен/ бұрыштың градустық өлшемін 0 символымен белгілеуді қолдану
  • 4.5.2.5 ақпаратты түсіндіру, салыстыру және мәліметтерді жиынтықтау, қозғалыс графиктерін құру, қозғалысқа арналған есептерге сызба құрастыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1А Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 4.1.1.1, 4.1.1.2, 4.1.1.3, 4.1.1.4
1.2 Сандармен амалдар орындау 4.1.2.2, 4.1.2.5, 4.1.2.8
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері 4.1.3.1, 4.1.3.2, 4.1.3.3, 4.1.3.4, 4.1.3.5, 4.1.3.6
4.3 Тізбектер 4.4.3.1

1В Біртаңбалы санға көбейту және бөлу

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Сандармен амалдар орындау 4.1.2.3, 4.1.2.4, 4.1.2.5, 4.1.2.6, 4.1.2.7, 4.1.2.10
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар 4.4.1.1

1С Жылдамдық, уақыт, арақашықтық

Тақырып Оқу мақсаттары
2.1 Санды және әріпті өрнектер 4.2.1.8
5.1 Есептер және математикалық модель 4.5.1.2
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар 4.4.1.3

1D Геометриялық фигуралар

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы 4.3.1.1, 4.3.1.3, 4.3.1.4
5.2 Математикалық тіл 4.5.2.3
5.1 Есептер және математикалық модель 4.5.1.2

2-тоқсан

2А Көбейту және бөлу

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Сандармен амалдар орындау 4.1.2.9, 4.1.2.12, 4.1.2.10, 4.1.2.11, 4.1.2.13
2.1 Санды және әріпті өрнектер 4.2.1.8

2В Есеп шығару

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Есептер және математикалық модель 4.5.1.2, 4.5.1.4, 4.5.1.9

3-тоқсан

3А Қозғалысқа, өнімділікке берілген есептер

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Есептер және математикалық модель 4.5.1.1, 4.5.1.2, 4.5.1.9
4.2 Пікірлер 4.4.2.1, 4.4.2.2
4.4 Заттардың комбинациялары 4.4.4.1
3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты 4.3.3.1, 4.3.3.2
2.1 Сандық және әріптік өрнектер 4.2.1.8
5.2 Математикалық тіл 4.5.2.5

3В Бөлшектер және пайыз

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 4.1.1.5, 4.1.1.6, 4.2.1.5
4.3 Тізбектер 4.4.3.1
1.2 Сандармен амалдар орындау 4.1.2.1, 4.1.2.14, 4.1.2.15
2.1 Санды және әріпті өрнектер 4.2.1.4, 4.2.1.5, 4.2.1.6
5.1 Есептер және математикалық модель 4.5.1.3
5.2 Математикалық тіл 4.5.2.1, 4.5.2.4

3С Шеңбер, дөңгелек

Тақырып Оқу мақсаттары
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу 4.3.2.2

4-тоқсан

4А Теңдеу, теңсіздік, өрнектер

Тақырып Оқу мақсаттары
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер 4.2.2.1, 4.2.2.2
2.1 Санды және әріпті өрнектер 4.2.1.1, 4.2.1.2, 4.2.1.3, 4.2.1.6, 4.2.1.7
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар 4.4.1.3

4В Есептер

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Сандармен амалдар орындау 4.1.2.5
5.1 Есептер және математикалық модель 4.5.1.4, 4.5.1.5, 4.5.1.6, 4.5.1.7, 4.5.1.8

4С Үшбұрыштар Симметрия

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың классификациясы 4.3.1.1, 4.3.1.2, 4.3.1.4, 4.3.1.5, 4.3.2.1, 4.3.2.2, 4.3.2.3, 4.3.2.4
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар 4.4.1.2
4.3 Тізбектер 4.4.3.2
5.2 Математикалық тіл 4.5.2.4

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.