Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Математика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 5‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат

Оқу мақсаттары

5‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Сандар

1.1 Сандар және шамалар туралы түсініктер

  • 5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру
  • 5.1.1.2 тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру
  • 5.1.1.3 натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу
  • 5.1.1.4 натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету
  • 5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу
  • 5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
  • 5.1.1.7 ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік ұғымдарының анықтамаларын білу
  • 5.1.1.8 өзара жай сандардың анықтамасын білу
  • 5.1.1.9 жай бөлшек ұғымын меңгеру
  • 5.1.1.10 дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату
  • 5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу
  • 5.1.1.12 өзара кері сандар анықтамасын білу
  • 5.1.1.13 ондық бөлшек ұғымын меңгеру
  • 5.1.1.14 ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30
  • 5.1.1.15 санның жуық мәні ұғымын меңгеру
  • 5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру

1.2 Сандарға амалдар қолдану

  • 5.1.2.1 натурал сандарды салыстыру, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыру
  • 5.1.2.2 амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін табу
  • 5.1.2.3 санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану
  • 5.1.2.4 бірдей сандардың көбейтіндісін дәреже түрінде жазу
  • 5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану
  • 5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану
  • 5.1.2.7 құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
  • 5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу
  • 5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу
  • 5.1.2.10 көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау
  • 5.1.2.11 қосындының және айырымның берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау
  • 5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші мен ең кіші ортақ еселігін табу
  • 5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
  • 5.1.2.14 жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану
  • 5.1.2.15 жай бөлшекті жаңа бөлімге келтіру
  • 5.1.2.16 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру
  • 5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
  • 5.1.2.18 бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
  • 5.1.2.19 натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау
  • 5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау
  • 5.1.2.21 жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау
  • 5.1.2.22 берілген санға кері санды табу
  • 5.1.2.23 жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау
  • 5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу
  • 5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру
  • 5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру
  • 5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
  • 5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау
  • 5.1.2.29 ондық бөлшектерді 10, 100, 1000,... және 0,1; 0,01; 0,001;... сандарына көбейту ережелерін қолдану
  • 5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау
  • 5.1.2.31 ондық бөлшектерді 10, 100, 1000,... және 0,1; 0,01; 0,001;... сандарына бөлу ережелерін қолдану
  • 5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу
  • 5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру
  • 5.1.2.34 берілген санның пайызын табу
  • 5.1.2.35 бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және екінші санның бірінші санға пайыздық қатынасын табу
  • 5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу

2-бөлім. Алгебра

2.1 Алгебралық өрнектер және түрлендірулер

  • 5.2.1.1 қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру
  • 5.2.1.2 әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу

2.2 Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары

  • 5.2.2.1 арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу
  • 5.2.2.2 теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану

2.3 Тізбектер және қосындылау

  • 5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау
  • 5.2.3.2 натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу
  • 5.2.3.3 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу
  • 5.2.3.4 бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау
  • 5.2.3.5 бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу

3-бөлім. Геометрия

3.1 Геометриялық фигуралар туралы түсінік

  • 5.3.1.1 өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну
  • 5.3.1.2 шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру
  • 5.3.1.3 циркульдің көмегімен шеңберді салу
  • 5.3.1.4 бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру
  • 5.3.1.5 бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық)
  • 5.3.1.6 дөңгелек сектор ұғымын меңгеру
  • 5.3.1.7 көпбұрыш ұғымын меңгеру
  • 5.3.1.8 тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы туралы түсінігі болу

3.2 Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

  • 5.3.2.1 фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару

3.3 Метрикалық қатыстар

  • 5.3.3.1 бұрышты транспортир көмегімен өлшеу
  • 5.3.3.2 градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу
  • 5.3.3.3 бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару

4-бөлім. Статистика және ықтималдықтар теориясы

4.1 Жиындар теориясы және логика элементтері

  • 5.4.1.1 жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру
  • 5.4.1.2 жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу
  • 5.4.1.3 берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу, нәтижесін 5.4.1.3 мақсатының формуласы, 5.4.1.3 мақсатының формуласы символдарын қолданып жазу
  • 5.4.1.4 ішкі жиын ұғымын меңгеру
  • 5.4.1.5 жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар)

4.3 Статистика және деректерді талдау

  • 5.4.3.1 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу
  • 5.4.3.2 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу
  • 5.4.3.3 кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу

5-бөлім. Математикалық модельдеу мен талдау

5.1 Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару

  • 5.5.1.1 натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару
  • 5.5.1.2 мәтінді есептерді шығаруда, ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті қолдану
  • 5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа)
  • 5.5.1.4 санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару
  • 5.5.1.5 бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару
  • 5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару
  • 5.5.1.7 Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару
  • 5.5.1.8 әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану
  • 5.5.1.9 мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану

5.2 Математикалық тіл және Математикалық модель

  • 5.5.2.1 жай бөлшектерді оқу және жазу
  • 5.5.2.2 натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
  • 5.5.2.3 жай бөлшектерді, аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
  • 5.5.2.4 ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу
  • 5.5.2.5 ондық бөлшектерді оқу және жазу
  • 5.5.2.6 натурал сандарды салыстырудың нәтижесін >, <, = белгілері арқылы жазу
  • 5.5.2.7 натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу
  • 5.5.2.8 жиындармен жұмыс істеуде 5.5.2.8 мақсатының формуласы, 5.5.2.8 мақсатының формуласы, 5.5.2.8 мақсатының формуласы, 5.5.2.8 мақсатының формуласы, 5.5.2.8 мақсатының формуласы, 5.5.2.8 мақсатының формуласы символдарын қолдану
  • 5.5.2.9 жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед)

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Натурал сандар және нөл саны

Тақырып Оқу мақсаттары
Натурал сандар және нөл 5.1.1.1, 5.1.1.2
Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік 5.3.1.1, 5.5.2.2, 5.1.2.1, 5.5.2.6, 5.5.2.7
Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану 5.1.2.2, 5.1.2.3
Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау 5.2.1.1, 5.2.1.2
Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу 5.2.2.1, 5.2.2.2
Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі 5.5.1.1, 5.5.1.8, 5.5.1.9, 5.2.3.1, 5.2.3.2, 5.2.3.3

Натурал сандардың бөлінгіштігі

Тақырып Оқу мақсаттары
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері 5.1.1.5, 5.1.2.8, 5.1.2.9
Жай және құрама сандар 5.1.1.6
Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері 5.1.2.10, 5.1.2.11
2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері 5.1.2.5, 5.1.2.6
Дәреже 5.1.1.3, 5.1.1.4, 5.1.2.4
Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу 5.1.2.7
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік 5.1.1.7, 5.1.2.12, 5.1.1.8, 5.5.1.2

Жай бөлшектер

Тақырып Оқу мақсаттары
Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу 5.1.1.9, 5.5.2.1
Жай бөлшектің негізгі қасиеті 5.1.2.14, 5.1.2.15
Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер 5.1.1.10
Аралас сандар 5.1.1.11, 5.1.2.13
Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу 5.5.2.3

2-тоқсан

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Тақырып Оқу мақсаттары
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру 5.1.2.16
Жай бөлшектерді косу және азайту 5.1.2.17, 5.1.2.18
Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту 5.1.2.19, 5.1.2.20
Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар 5.1.2.21, 5.1.1.12, 5.1.2.22
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу 5.1.2.23

3-тоқсан

Мәтінді есептер

Тақырып Оқу мақсаттары
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер 5.1.2.24, 5.5.1.4
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер 5.5.1.3

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Тақырып Оқу мақсаттары
Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру 5.1.1.13, 5.5.2.5, 5.1.1.14, 5.1.2.25
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру 5.5.2.4, 5.1.2.26
Ондық бөлшектерді қосу және азайту 5.1.2.27
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту 5.1.2.28
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу 5.1.2.30
Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;... және 0,1; 0,01; 0,001;... сандарына көбейту және бөлу 5.1.2.29, 5.1.2.31
Ондық бөлшектерді дөңгелектеу 5.1.1.15, 5.1.2.32
Мәтінді есептерді шығару. Бөлшектерден тұратын сандар тізбектері 5.5.1.5, 5.2.3.4, 5.2.3.5

Жиын

Тақырып Оқу мақсаттары
Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу 5.4.1.1, 5.5.2.8
Жиындар арасындағы қатынастар. Ішкі жиын 5.4.1.4, 5.4.1.5
Жиындардың бірігуі мен қиылысуы 5.4.1.2, 5.4.1.3
Мәтінді есептерді шығару 5.5.1.7

4-тоқсан

Пайыздар

Тақырып Оқу мақсаттары
Пайыз 5.1.1.16, 5.1.2.33
Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу 5.1.2.34, 5.1.2.35, 5.1.2.36
Мәтінді есептерді шығару 5.5.1.6

Бұрыш. Көпбұрыш

Тақырып Оқу мақсаттары
Бұрыш 5.3.1.4, 5.3.1.5, 5.3.3.1, 5.3.3.2, 5.3.3.3
Көпбұрыш 5.3.1.7

Диаграмма

Тақырып Оқу мақсаттары
Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор 5.3.1.2, 5.3.1.3, 5.3.1.6
Диаграмма 5.4.3.1, 5.4.3.2
Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері 5.4.3.3

Кеңістік фигураларының жазбалары

Тақырып Оқу мақсаттары
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы 5.3.1.8, 5.5.2.9
Фигураларды қиюға берілген есептер. Фигураларды құрастыруға берілген есептер 5.3.2.1

5‑сыныптағы математика курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
5‑сыныптағы математика курсын қайталау
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 5-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.