Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Химия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

2-бөлім. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

  • 11.2.1.1 14 (ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
  • 11.2.1.2 14 (ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
  • 11.2.1.3 14 (ІV) топэлементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіре алу
  • 11.2.1.4 14 (ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерін сипаттау
  • 11.2.1.5 азот молекуласының төмен химиялық белсенділігін түсіндіріңіз
  • 11.2.1.6 аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін түсіндіру
  • 11.2.1.7 азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісін түсіндіру
  • 11.2.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау
  • 11.2.1.9 азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну
  • 11.2.1.10 күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру
  • 11.2.1.11 сульфид-ионының сапалық реакциясын білу
  • 11.2.1.12 атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін атау
  • 11.2.1.13 тағам өнеркәсібінде күкірт (IV) оксидін қолданылу аймағын атау
  • 11.2.1.14 күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру
  • 11.2.1.15 күкірт қышқылының қолдану аймағын атау
  • 11.2.1.16 ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу
  • 11.2.1.17 атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру
  • 11.2.1.18 кешенді қосылыстың құрылымын сипаттау
  • 11.2.1.19 гемоглобин құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну
  • 11.2.1.20 иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау

2.2 Заттар массасының сақталу заңы

  • 11.2.2.1 параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару

2.3 Стандартты электрондық потенциалдар

  • 11.2.3.1 металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
  • 11.2.3.2 ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын білу: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий
  • 11.2.3.3 шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау
  • 11.2.3.4 металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру
  • 11.2.3.5 гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату
  • 11.2.3.6 коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу
  • 11.2.3.7 металлургия өнеркәсібінің экологиялық проблемаларын түсіндіру

3-бөлім. Химиялық реакциялардың энергетикасы

  • 11.3.4.1 Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау және түсіну
  • 11.3.4.2 судың иондық көбейтіндісін білу
  • 11.3.4.3 күшті қышқыл және күшті негіздің pH ін есептеу
  • 11.3.4.4 буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау

4-бөлім. Химия және қоршаған орта

4.1 Жер химиясы

  • 11.4.1.1 "Жасыл химияның" 12 принципін атау және оны түсіндіру
  • 11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру
  • 11.4.1.3 озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу
  • 11.4.1.4 "парникті эффектінің" салдарларын болжау
  • 11.4.1.5 ғаламдық мәселелерді шешудің жолдарын бағалау

4.2 Көміртек және оның қосылыстары

  • 11.4.2.1 альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының функциональды топтарының құрылысын сипаттау
  • 11.4.2.2 альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды IUPAC бойынша атау
  • 11.4.2.3 альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру
  • 11.4.2.4 карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
  • 11.4.2.5 карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру
  • 11.4.2.6 карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау
  • 11.4.2.7 майлардың құрамы мен құрылысын білу
  • 11.4.2.8 бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру
  • 11.4.2.9 толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру
  • 11.4.2.10 "мономер", "құрылымдық буын", "олигомер", "полимер", "полимерлену дәрежесі" негізгі ұғымдарын ажырату
  • 11.4.2.11 полимерлену реакциясының теңдеуін құрастыру, поликонденсация реакциясының теңдеуін құру
  • 11.4.2.12 поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну
  • 11.4.2.13 пластмасса және наноталшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау
  • 11.4.2.14 қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау
  • 11.4.2.15 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау
  • 11.4.2.16 жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын атау
  • 11.4.2.17 аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау
  • 11.4.2.18 синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау
  • 11.4.2.19 дәрілік заттарды өндіру проблемаларын атау
  • 11.4.2.20 "нанобөлшек", "нанохимия" және "нанотехнология" ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру
  • 11.4.2.21 нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау
  • 11.4.2.22 нанобөлшектердің қолдану аймағын атау
  • 11.4.2.23 наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау
  • 11.4.2.24 сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау
  • 11.4.2.25 физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау
  • 11.4.2.26 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау
  • 11.4.2.27 қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау

5-бөлім. Химия және өмір

5.1 Биохимия

  • 11.5.1.1 аминдердің жіктелуін және номенклатурасын білу
  • 11.5.1.2 аммиак және аминдер құрылымын салыстыру
  • 11.5.1.3 аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру
  • 11.5.1.4 аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуын білу
  • 11.5.1.5 аминқышқылдар молекулаларының құрамын, құрылысын сипаттау
  • 11.5.1.6 алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру
  • 11.5.1.7 аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру
  • 11.5.1.8 аминқышқылдардан нәруыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіну
  • 11.5.1.9 нәруыздар гидролизнің реакция теңдеуін құрастыру
  • 11.5.1.10 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру
  • 11.5.1.11 крахмалға сапалық реакция жүргізе алу
  • 11.5.1.12 сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау
  • 11.5.1.13 крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру
  • 11.5.1.14 нәруыздардың өмір үшін ролін сипаттау
  • 11.5.1.15 ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау
  • 11.5.1.16 "құлып және кілт" моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру
  • 11.5.1.17 ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру
  • 11.5.1.18 ДНҚ құрылымының моделін сипаттау
  • 11.5.1.19 биологиялық маңызды металдардың: темір, магний, кальций, калий, натрийдің ролін бағалау
  • 11.5.1.20 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау
  • 11.5.1.21 ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

11.1 Ароматты қосылыстар қатары

Тақырып Оқу мақсаттары
Бензол және оның гомологтарын алу 11.4.2.7
Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері 11.4.2.8

11.1 Карбонилді қосылыстар

Тақырып Оқу мақсаттары
Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы 11.4.2.1, 11.4.2.2
Альдегидтер және кетондардың алынуы 11.4.2.3
Карбон қышқылдарының қасиеттері. №1 зертханалық тәжірибе: "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу" 11.4.2.4, 11.4.2.5
Этерификация реакциясы.Күрделі эфирлер және сабын 11.4.2.6
Майлар. Майлардың құрылысы мен қасиеттері 11.4.2.7

11.2 Тірі ағза химиясы

Тақырып Оқу мақсаттары
Көмірсулар: глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза 11.5.1.10
Құрылысы, қасиеттері және қолданылуы. №2 зертханалық тәжірибе "Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция" 11.5.1.11, 11.5.1.12, 11.5.1.13

2-тоқсан

11.2 Аминдер және аминқышқылдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы. №3 зертханалық тәжірибе "Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру" 11.5.1.1, 11.5.1.2
Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы 11.5.1.3
Аминқышқылдар: құрамы, құрылысы, биологиялық ролі. №4 зертханалық тәжірибе "Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртегі атомдарын анықтау" 11.5.1.4, 11.5.1.5, 11.5.1.6
Аминқышқылдар қасиеттері. №5 зертханалық тәжірибе "Аминқышқылдар қасиеттері" 11.5.1.7
Пептидтік байланыс. Нәруыздың түзілуі 11.5.1.8, 11.5.1.9

11.2 Тірі ағза химиясы

Тақырып Оқу мақсаттары
Нәруыздар.Нәруыз молекулаларының құрылымы 11.5.1.14, 11.5.1.16
Полипептидтер құрылымын анықтау.№1 практикалық жұмыс "Денатурация және нәруыздардың түсті реакциялары" 11.5.1.15
Ферменттер ролі және қолданылуы 11.5.1.17
ДНҚ және РНҚ құрылымы. № 6‑зертханалық тәжірибесі "ДНҚ моделін жасау" 11.5.1.18
Биологиялық маңызды металдар 11.5.1.19
Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы 11.5.1.20
Ауыр металдардың нәруызға әсері 11.5.1.21

11.2 Синтетикалық полимерлер

Тақырып Оқу мақсаттары
Жоғары молекулалы қосылыстар 11.4.2.10
Полимерлену реакциясы. №7 зертханалық тәжірибе "Полимерлену реакциясы" Поликонденсация реакциялары: полиамидтер мен полиэфирлер 11.4.2.11, 11.4.2.12
Пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері. № 2 практикалық жұмыс "Пластмассаларды және талшықтарды тану" 11.4.2.13, 11.4.2.14, 11.4.2.15

3-тоқсан

11.3 Органикалық синтез

Тақырып Оқу мақсаттары
Органикалық қосылыстардағы негізгі функционалдық топтар 11.4.2.24, 11.4.2.25
Органикалық заттардың генетикалық байланысы 11.4.2.26, 11.4.2.27

11.3 14‑топ элементтері

Тақырып Оқу мақсаттары
14 (ІV)топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі 11.2.1.1
14(ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері 11.2.1.2, 11.2.2.1
Әр түрлі тотығу дәрежелерін көрсететін 14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері 11.2.1.3
Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері 11.2.1.4

11.3 Азот және күкірт

Тақырып Оқу мақсаттары
Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері 11.2.1.5
Аммиак және аммоний тұздары 11.2.1.6
Азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы 11.2.1.7
Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері 11.2.1.8, 11.2.1.9
Күкірттісутек және сульфидтер 11.2.1.10, 11.2.1.11
Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар.Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. Көрсетілім "Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері" 11.2.1.12, 11.2.1.13
Күкірт қышқылын алудың контакт әдісі 11.2.1.14, 11.2.1.15

11.3 Қышқыл және негіз ерітінділері

Тақырып Оқу мақсаттары
Қышқыл-негіздік теория 11.3.4.1
Судың иондық көбейтіндісі.Сутектік көрсеткіш 11.3.4.2, 11.3.4.3
Буферлі ерітінділер 11.3.4.4

4-тоқсан

11.4 Металдар өндірісі

Тақырып Оқу мақсаттары
Металдар және құймаларды алу 11.2.3.1, 11.2.3.2, 11.2.3.3
Электролизді өнеркәсіпте қолдану 11.2.3.4, 11.2.3.5, 11.2.3.6
Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары 11.2.3.7

11.4 Ауыспалы металдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы 11.2.1.16, 11.2.1.17
Кешенді қосылыстар
Ауыспалы металдардың биологиялық ролі 11.2.1.19, 11.2.1.20

11.4 Жаңа заттарды және материалдарды өндіру

Тақырып Оқу мақсаттары
Жаңа материалдар 11.4.2.16
Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар 11.4.2.17
Дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру 11.4.2.18, 11.4.2.19
Нанотехнология 11.4.2.20, 11.4.2.21, 11.4.2.22
Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы 11.4.2.23

11.4 "Жасыл химия"

Тақырып Оқу мақсаттары
"Жасыл химияның" 12 принципі. Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы 11.4.1.1, 11.4.1.2
Жердің озон қабатының бұзылуы 11.4.1.3
Ғаламдық жылыну 11.4.1.4, 11.4.1.5
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.