Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Химия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Заттардың бөлшектері

1.1 Атомдар, молекулалар және иондар

  • 10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы

1.2 Атомның құрамы мен құрылысы

  • 10.1.2.1 "нуклидтер" мен "нуклондар" ұғымының мағынасын түсіндіру
  • 10.1.2.2 қоспадағы химиялық элементтің табиғи изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу
  • 10.1.2.3 радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру

1.3 Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы

  • 10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін атау
  • 10.1.3.2 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу

1.4 Химиялық байланыстың түрлері

  • 10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
  • 10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру
  • 10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
  • 10.1.4.4 әртүрлі гибридтену түрлерін түсіндіру
  • 10.1.4.5 заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру
  • 10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау
  • 10.1.4.7 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну
  • 10.1.4.8 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру
  • 10.1.4.9 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру

2-бөлім. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе

  • 10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі
  • 10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
  • 10.2.1.3 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
  • 10.2.1.4 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру
  • 10.2.1.5 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу
  • 10.2.1.6 табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау

2.2 Заттар массасының сақталу заңы

  • 10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда "молярлық концентрация", "молярлық көлем" шамаларын қолданып есептеулер жүргізу
  • 10.2.2.2 бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу

2.3 Стандартты электрондық потенциалдар

  • 10.2.3.1 электронды баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру
  • 10.2.3.2 жартылай иондық реакция әдісімен тотығу – тотықсыздану реакцияларының электрондық-иондық теңдеулерін құрастыру
  • 10.2.3.4 гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру
  • 10.2.3.5 аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау

3-бөлім. Химиялық реакциялардың энергетикасы

  • 10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу
  • 10.3.2.2 қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу
  • 10.3.2.3 қайтымды реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру
  • 10.3.2.4 әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу
  • 10.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру
  • 10.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына температураның және концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу
  • 10.3.2.7 гомогенді және гетерогенді катализді ажырату
  • 10.3.3.1 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау
  • 10.3.3.2 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу
  • 10.3.3.3 реакция үшін тепе-теңдік константасының өрнегін құру
  • 10.3.3.4 тепе-теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау
  • 10.3.3.5 тепе-теңдік константасына қатысты есептерді шығару

4-бөлім. Химия және қоршаған орта

4.2 Көміртек және оның қосылыстары

  • 10.4.2.1 органикалық химия - бұл көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы деп түсіну
  • 10.4.2.2 көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату
  • 10.4.2.3 гомологтық қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру
  • 10.4.2.4 қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау
  • 10.4.2.5 изомерия түрлерін атау және изомерлер формулаларын құрастыру: құрылымдық, байланыстың орны бойынша, функционалдық топтар және классаралық изомерлер
  • 10.4.2.6 әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру
  • 10.4.2.7 алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау
  • 10.4.2.8 берілген жану өнімдері бойынша заттың гомологтық қатары бойынша молекулалық формуласын анықтау
  • 10.4.2.9 алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру
  • 10.4.2.10 "қанықпағандық" терминін және оның қосылыстың қасиеттеріне әсерін түсіндіру
  • 10.4.2.11 алкендердің қанықпағандығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу
  • 10.4.2.12 химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу
  • 10.4.2.13 полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру
  • 10.4.2.14 алкадиендердің құрылысы негізінде олардың қасиеттерін түсіндіру
  • 10.4.2.15 каучук пен резинаның табиғатта таралуын, алыну жолдарын оқу
  • 10.4.2.16 алкиндердің құрылымдық формулаларын құрастыру, химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын оқу
  • 10.4.2.17 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру
  • 10.4.2.18 мұнайға серік газдардан маңызды өнімдер алу жолдарын білу
  • 10.4.2.19 спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу
  • 10.4.2.20 біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу
  • 10.4.2.21 этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру
  • 10.4.2.22 этанолды алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
  • 10.4.2.23 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу
  • 10.4.2.24 фенолдың құрамы мен құрылысын, пластмасса өндіруде фенолдың қолданылуын білу
  • 10.4.2.25 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру
  • 10.4.2.26 галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

10.1 Атом құрылысы

Тақырып Оқу мақсаттары
Атом – күрделі бөлшек. "Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу" тақырыбына есептер шығару 10.1.2.1, 10.1.2.2
Радиоактивтілік 10.1.2.3
Энергетикалық деңгейлер. Кванттық сандар және орбитальдар 10.1.3.1, 10.1.3.2

10.1 Элементтер мен олардың қосылыстарының периодты өзгеруі

Тақырып Оқу мақсаттары
Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары 10.2.1.1
Периодтар және топтарда қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары 10.2.1.2

10.1 Химиялық байланыс

Тақырып Оқу мақсаттары
Ковалентті байланыс.Ковалентті байланыс қасиеттері 10.1.4.1, 10.1.4.2, 10.1.4.3
Гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3. №1 зертханалық тәжірибе " Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) моделін құрастыру" 10.1.4.4, 10.1.4.5
Электртерістілік және байланыс полярлығы 10.1.4.6
Иондық байланыс 10.1.4.7
Металдық байланыс 10.1.4.8
Сутектік байланыс 10.1.4.9

10.1 Стехиометрия

Тақырып Оқу мақсаттары
Химияның негізгі стехиометриялық заңдары 10.1.1.1
Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. "Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің проценттік шығымын есептеу" 10.2.2.1, 10.2.2.2

2-тоқсан

10.2 Кинетика

Тақырып Оқу мақсаттары
Химиялық реакция жылдамдығы 10.3.2.1, 10.3.2.2
Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері.Қысымның реакция жылдамдығына әсері. Есеп шығару "Әрекеттесуші массалар заңы" 10.3.2.3, 10.3.2.4, 10.3.2.5
Температураның реакция жылдамдығына әсері.№ 1 практикалық жұмыс "Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу" 10.3.2.6
Катализ. №2 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу" 10.3.2.7

10.2 Химиялық тепе-теңдік

Тақырып Оқу мақсаттары
Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар. Ле-Шателье-Браун принципі. №3 зертханалық тәжірибе "Динамикалық тепе-теңдік күйіне әр түрлі факторларды зерттеу" 10.3.3.1, 10.3.3.2
Тепе-теңдік константасы. "Тепе-теңдік константасын мен тепе-теңдік күйдегі концентрацияларды табу" тақырыбына есептер шығару 10.3.3.3, 10.3.3.4, 10.3.3.5

3-тоқсан

10.3 Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тақырып Оқу мақсаттары
Тотығу-тотықсыздану процесі 10.2.3.1, 10.2.3.2
Гальваникалық элементтер 10.2.3.4, 10.2.3.5

10.3 17‑топ элементтері 10.3 топ элементтері 2 (II) группы

Тақырып Оқу мақсаттары
Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары 10.2.1.3
Галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері 10.2.1.4
2 (ІІ)-топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттеріқасиеттері 10.2.1.5
Табиғи карбонаттар 10.2.1.6

10.3 Органикалық химияға кіріспе

Тақырып Оқу мақсаттары
Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы 10.4.2.1, 10.4.2.2
Гомологтық қатар.Алифатты қосылыстардың Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы. №4 зертханалық тәжірибе "Органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру" 10.4.2.3, 10.4.2.4
Изомерия түрлері 10.4.2.5
Алкандар. Алкандардың жану өнімдері. "Жану өнімдері және гомологтық қатарлар бойынша заттардың формулаларын анықтау" тақырыбына есептер шығару 10.4.2.6, 10.4.2.7, 10.4.2.8
Алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі. Галогендеу 10.4.2.9

4‑тоқсан

Тақырып Оқу мақсаттары
4‑тоқсан
Алкендердің құрамы, құрылымы және реакцияға түсу қабілеті.№5 зертханалық тәжірибе "Байланыстың қанықпағандығына сапалық реакция" 10.4.2.10, 10.4.2.11
Полимеризация 10.4.2.12, 10.4.2.13
Алкадиендер 10.4.2.14, 10.4.2.15
Алкиндер 10.4.2.16
Мұнай, құрамы, алыну жолдары.Табиғи газдар және көмір: негізгі өнімдер және оны өндіру жолдары 10.4.2.17, 10.4.2.18

10.4 Галоген-алкандар

Тақырып Оқу мақсаттары
Галогеналкандарды алу 10.4.2.25, 10.4.2.26

10.4 Спирттер

Тақырып Оқу мақсаттары
Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиетттері. №6 зертханалық тәжірибе "Біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу" 10.4.2.19, 10.4.2.20
Этил спиртін өнеркәсіптік өндіру Көрсетілім "Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу" 10.4.2.21, 10.4.2.22, 10.4.2.23
Фенол, оның құрамы мен қасиеттері 10.4.2.24
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.