Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Химия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Заттардың бөлшектері

1.4 Химиялық байланыстардың түрлері

  • 9.1.4.1 металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу
  • 9.1.4.2 металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
  • 9.1.4.3 құйма ұғымын білу және оның артықшылықтарын түсіндіру
  • 9.1.4.4 шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру
  • 9.1.4.5 галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрлері мен байланыс типтерін анықтау
  • 9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру
  • 9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру
  • 9.1.4.8 кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін сипаттау

2-бөлім. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

2.1 Периодтық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі

  • 9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру
  • 9.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
  • 9.2.1.3 1 (I) және 2 (IІ) -топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және химиялық реакция теңдеулерін құрастыру
  • 9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негізгі қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
  • 9.2.1.5 атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау
  • 9.2.1.6 алюминийдің, оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
  • 9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) -топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу
  • 9.2.1.8 топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
  • 9.2.1.9 хлордың физикалық қасиеттерін сипаттау және металдармен, сутекпен және галогенидтермен реакция теңдеулерін құру
  • 9.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және оның қолдану аясын білу
  • 9.2.1.11 16 (VI) топ элементтерінің жалпы қасиеттерін сипаттау
  • 9.2.1.12 күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру
  • 9.2.1.13 күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру
  • 9.2.1.14 күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
  • 9.2.1.15 азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру
  • 9.2.1.16 аммиакты алу және қасиеттері мен қолданылуын түсіндіру
  • 9.2.1.17 аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу
  • 9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру
  • 9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу
  • 9.2.1.20 сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металдармен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және электронды баланс әдісімен реакция теңдеуін құрастыру
  • 9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру
  • 9.2.1.22 фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру
  • 9.2.1.23 фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
  • 9.2.1.24 кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру
  • 9.2.1.25 кремний және оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру

2.2 Химиялық реакциялардың жіктелуі

  • 9.2.2.1 реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құру
  • 9.2.2.2 бейтараптану және ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру
  • 9.2.2.3 тотығу дәрежесі ұғымының мәнін түсіндіру және оны заттың формуласы бойынша анықтау
  • 9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
  • 9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
  • 9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
  • 9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою

2.3 Зат массасы ның сақталу заңы

  • 9.2.3.1 әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
  • 9.2.3.2 қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
  • 9.2.3.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу
  • 9.2.3.4 газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық немесе элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау

3-бөлім. Химиядағы энергетика

3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы

  • 9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру
  • 9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
  • 9.3.2.3 катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру
  • 9.3.2.4 реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру

3.3 Химиялық тепе-теңдік

  • 9.3.3.1 тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау
  • 9.3.3.2 Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау
  • 9.3.3.3 химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату
  • 9.3.3.4 химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
  • 9.3.3.5 аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау

3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы

  • 9.3.4.1 қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру
  • 9.3.4.2 қышқылдар және негіздер,орта тұздардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау
  • 9.3.4.3 орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау
  • 9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру
  • 9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау

4-бөлім. Химия және қоршаған орта

4.1 Заттардың жіктелуі

  • 9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
  • 9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
  • 9.4.1.3 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру
  • 9.4.1.4 электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу
  • 9.4.1.5 ерітінділердің қышқылдылығы мен сілтілігін ажырату
  • 9.4.1.6 қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
  • 9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
  • 9.4.1.8 Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау
  • 9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізу
  • 9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап, нәтижесін сипаттау
  • 9.4.1.11 белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру

4.2 Жер химиясы

  • 9.4.2.1 қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру
  • 9.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау
  • 9.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді білу
  • 9.4.2.4 азот және фосфор тыңайтқыш-тарының қоршаған ортаға әсерін оқып білу
  • 9.4.2.5 Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру процестерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
  • 9.4.2.6 кеннен металды алу үдерісін сипаттау

4.3 Көміртек және оның қосылыстары

  • 9.4.3.1 органикалық
  • 9.4.3.2 көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдарының жіктелуін білу
  • 9.4.3.3 функционалдық топ түсінігін берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру
  • 9.4.3.4 гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу
  • 9.4.3.5 органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер, альдегидтер карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану
  • 9.4.3.6 көмірсутектердің құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыра алужәне изомерия құбылысын білу
  • 9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу
  • 9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру
  • 9.4.3.9 қанықпағандық ұғымын сипаттау
  • 9.4.3.10 этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
  • 9.4.3.11 полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру
  • 9.4.3.12 пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу
  • 9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
  • 9.4.3.14 бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау
  • 9.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау
  • 9.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
  • 9.4.3.17 мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау
  • 9.4.3.18 оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу
  • 9.4.3.19 спирттердің жіктелуін метанол мен этанолдың, қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру
  • 9.4.3.20 метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру
  • 9.4.3.21 этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу
  • 9.4.3.22 карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау
  • 9.4.3.23 күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру
  • 9.4.3.24 сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу
  • 9.4.3.25 синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
  • 9.4.3.26 көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
  • 9.4.3.27 нәруыздағы a- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру
  • 9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу
  • 9.4.3.29 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру

5-бөлім. Химия және өмір

5.1 Биохимия

  • 9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)
  • 9.5.1.2 Қазақстан тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру
  • 9.5.1.3 кальций мен темірдің адам ағзасындағы рөлін түсіндіру
  • 9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау
  • 9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

9.1 Электролиттік диссоциация

Тақырып Оқу мақсаттары
Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы" 9.4.1.1, 9.4.1.2
Электролиттік диссоциациялану теориясы 9.4.1.3, 9.4.1.4
Қышқыл, негіз, тұздардың электролиттік диссоциациясы. № 1 зертханалық тәжірибе "Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН анықтау" 9.4.1.5, 9.4.1.6
Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 9.4.1.7
№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары" 9.2.2.1, 9.2.2.2
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері 9.3.4.1, 9.3.4.2
Тұздар гидролизі. № 2 зертханалық тәжірибе "Тұздар гидролизі" 9.3.4.3, 9.3.4.4, 9.3.4.5

9.1 Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы

Тақырып Оқу мақсаттары
Катиондарға сапалық реакциялар. № 3 зертханалық тәжірибе "Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау"; № 4 зертханалық тәжірибе "Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар" 9.4.1.8, 9.4.1.9
Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау" 9.4.1.10
№ 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы" 9.4.1.11
Есептер шығару "Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер" 9.2.3.1

9.1 Химиялық реакция жылдамдығы

Тақырып Оқу мақсаттары
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. № 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы"; № 6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері" 9.3.2.1, 9.3.2.2
Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері" 9.3.2.3, 9.3.2.4

9.1 Қайтымды реакциялар

Тақырып Оқу мақсаттары
Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. № 3 көрсетілім "Қайтымды химиялық реакциялар"; № 7 зертханалық тәжірибе "Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы" 9.3.3.1, 9.3.3.2, 9.3.3.3, 9.3.3.4

2-тоқсан

9.2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тақырып Оқу мақсаттары
Тотығу дәрежесі. Тотығу және тотықсыздану 9.2.2.3, 9.2.2.4
Тотығу-тотықсыздану реакциялары 9.2.2.5, 9.2.2.6
Электрондық баланс әдісі 9.2.2.7

9.2 Металдар мен құймалар

Тақырып Оқу мақсаттары
Металдардың жалпы сипаттамасы. № 4 көрсетілім "Металдардың кристалдық тор модельдері" 9.1.4.1, 9.1.4.2
Металдар құймалары. № 5 көрсетілім "Металдар және құймалар" 9.1.4.3, 9.1.4.4, 9.4.2.5
Металдарды алу 9.4.2.6
Есептер шығару "Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу" 9.2.3.2

9.2 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары

Тақырып Оқу мақсаттары
1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары. № 6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі" 9.2.1.1, 9.2.1.2
2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары. № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі" 9.2.1.3, 9.2.1.4
13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары. № 7 көрсетілім "Алюминий мен оның құймалары"; № 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі" 9.2.1.5, 9.2.1.6
№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару 9.2.1.7

3-тоқсан

9.3 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары

Тақырып Оқу мақсаттары
Галогендер 9.1.4.5, 9.2.1.8
Хлор 9.2.1.9
Хлорсутек қышқылы. № 10 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу" 9.2.1.10
16 (VI)-топ элементтері. Күкірт. № 8 көрсетілім "Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері" 9.2.1.11, 9.2.1.12
Күкірттің қосылыстары 9.2.1.13, 9.4.2.1
Күкірт қышқылы және оның тұздары. № 5 практикалық жұмыс "Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу" 9.2.1.14
Есеп шығару. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер 9.2.3.3
Азот.№ 11 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделі" 9.2.1.15
Аммиак. № 12 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі" 9.1.4.6
Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы. № 6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу". Аммиак өндірісі 9.2.1.16, 9.2.1.17, 9.3.3.5
Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері" 9.1.4.7, 9.2.1.18, 9.2.1.19
Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері 9.2.1.20, 9.2.1.21
Фосфор және оның қосылыстары 9.2.1.22, 9.4.2.2, 9.2.1.23
Минералды тыңайтқыштар. № 9 көрсетілім "Минералды тыңайтқыштар" 9.4.2.3, 9.4.2.4
Кремний және оның қосылыстары. № 10 көрсетілім "Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері" 9.2.1.24, 9.1.4.8, 9.2.1.25

9.3 Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Тақырып Оқу мақсаттары
Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы 9.5.1.1, 9.5.1.2
Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. № 14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау"; № 15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау" 9.5.1.3, 9.5.1.4
Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы 9.5.1.5

4-тоқсан

9.4 Органикалық химияға кіріспе

Тақырып Оқу мақсаттары
Органикалық заттардың ерекшеліктері 9.4.3.1
Органикалық қосылыстардың жіктелуі. № 11 көрсетілім "Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері" 9.4.3.2, 9.4.3.3
Органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары. № 12 көрсетілім "Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері" 9.4.3.4
Органикалық қосылыстардың номенклатурасы 9.4.3.5
Органикалық қосылыстардың изомериясы. № 13 көрсетілім "Пентан изомерлерінің модельдері" 9.4.3.6
Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын табу" 9.2.3.4

9.4 Көмірсутектер. Отын

Тақырып Оқу мақсаттары
Алкандар 9.4.3.7, 9.4.3.8
Алкендер. № 14 көрсетілім "Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі" 9.4.3.9, 9.4.3.10, 9.4.3.11, 9.4.3.12
Алкиндер 9.4.3.13
Ароматты көмірсутектер. Бензол 9.4.3.14
Көмірсутекті отындар. № 15 көрсетілім "Отын түрлері" 9.4.3.15, 9.4.3.16
Мұнай. № 16 көрсетілім "Мұнай және мұнай өнімдері" 9.4.3.17

9.4 Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Тақырып Оқу мақсаттары
Оттекті органикалық заттар. Спирттер 9.4.3.18, 9.4.3.19, 9.4.3.20, 9.4.3.21
Карбон қышқылдары. № 16 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу" 9.4.3.22
Күрделі эфирлер мен майлар 9.4.3.23
Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар 9.4.3.24, 9.4.3.25
Көмірсулар 9.4.3.26
Амин қышқылдары. Нәруыздар. № 17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы" 9.4.3.27, 9.4.3.28, 9.4.3.29
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 9-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.