Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Химия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

4-бөлім. Химия және қоршаған орта

4.1 Жер химиясы

  • 11.4.1.1 "Жасыл химияның" 12 принципін білу және түсіндіру
  • 11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану көздерін білу, жаһандану мәселелерін шешу жолдарын ұсыну
  • 11.4.1.3 "парниктік эффект" пен озон қабатынының бұзылу мәселелері арасындағы айырмашылықты түсіндіру
  • 11.4.1.4 Қазақстан химиялық өнеркәсібінің әр түрлі саласындағы экологиялық мәселелерді болжау және оның шешу жолдарын ұсыну

4.2 Көміртек және оның қосылыстары

  • 11.4.2.1 көмірсутектердегі көміртектің гибридизациясын зерделеу
  • 11.4.2.2 С-С байланысының түзілу қабылетін және көміртек атомының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру
  • 11.4.2.3 А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстар теориясының негізгі қағидаларын білу
  • 11.4.2.4 көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату
  • 11.4.2.5 изомерлердің түрлерін атау және құрылымдық, байланыстардың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру
  • 11.4.2.6 бос радикалардар туралы ұғымды қалыптастыру
  • 11.4.2.7 тірі ағзалар өміріндегі радикалдардың рөлін білу
  • 11.4.2.8 гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсіну
  • 11.4.2.9 гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіру
  • 11.4.2.10 қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау
  • 11.4.2.11 органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну
  • 11.4.2.12 қазақстандық ғалымдардың органикалық химияны дамуындағы үлесі
  • 11.4.2.13 әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру
  • 11.4.2.14 алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау
  • 11.4.2.15 берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау
  • 11.4.2.16 органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым молекулалық формуларын анықтау
  • 11.4.2.17 циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін. қарастыру
  • 11.4.2.18 изомерлерінің формулаларын құрастыру, IUPAC бойынша атау
  • 11.4.2.19 алкендердің көмірсутектердің алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру
  • 11.4.2.20 полимерлену реакция теңдеулерін құра білу (полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид)
  • 11.4.2.23 алкадиендардің құрылысы, қасиеттерін білу
  • 11.4.2.24 алкадиендердің қасиеттерін құрылысы негізінде түсіндіру
  • 11.4.2.25 диендердің полимерлену реакциялары өнімдерінің шаростерженді модельдерін құрастыру (изопрен)
  • 11.4.2.26 алкиндердің алыну жолдарын,физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру
  • 11.4.2.27 электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласының құрылымын түсіндіру
  • 11.4.2.28 бензолды және оның гомологтарын алу, реакцияларының теңдеулерін құру
  • 11.4.2.29 бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерді сипаттау
  • 11.4.2.30 органикалық синтезде бензолды қолдануды білу
  • 11.4.2.31 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру
  • 11.4.2.32 өнімнің шығымын реагант мөлшері (көлем. масса) және реакция өнімнің берілген шамасы (көлем, массса) бойынша есептеу
  • 11.4.2.33 көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу
  • 11.4.2.34 көмір, мұнай, табиғи газдардың Қазақстандағы кен орындарын карта бойынша анықтау
  • 11.4.2.35 шикі мұнайды айдау үдерісінің маңызын түсіну және өңдіру үдерісін сипаттау
  • 11.4.2.36 шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аясын білу
  • 11.4.2.37 қазба отындар қорының шектеулі екенін түсіну
  • 11.4.2.38 көмірсутек отындарын жағу қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатынын және оның климатқа әсерін білу
  • 11.4.2.39 спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің функционалдық топтарының құрылысын сипаттау
  • 11.4.2.40 спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құру және IUPAC бойынша атау
  • 11.4.2.41 спирттердің құрылымдық, функционалдық топ, класаралық изомерлерінің формуларын құру және жіктелуін атау
  • 11.4.2.42 спирттердің және фенолдың алу жолдарын білу
  • 11.4.2.43 спирттер мен фенолдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
  • 11.4.2.44 спирттер мен фенолдың қолдану аясын атау
  • 11.4.2.45 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу
  • 11.4.2.46 альдегидтер мен кетондардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC бойынша атау
  • 11.4.2.47 альдегидтер мен кетондарды алу реакция теңдеулерін құрастыру
  • 11.4.2.48 альдегидтер мен кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау
  • 11.4.2.49 альдегидтер мен кетондардың тотығу және тотықсыздану реакция өнімдерін атау
  • 11.4.2.50 карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру
  • 11.4.2.51 карбон қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
  • 11.4.2.52 карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қолдану аясын атау
  • 11.4.2.53 синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну
  • 11.4.2.54 аминдердің номенклатурасы мен жіктелуін білу
  • 11.4.2.55 анилин, аминдар, аммиактың негізгі қасиеттері мен құрылымын салыстыру
  • 11.4.2.56 аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру
  • 11.4.2.57 анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру
  • 11.4.2.58 "мономер", "элементарлық буын", "олигомер", "полимер", "полимерлену дәрежесі" ұғымдарын ажырату
  • 11.4.2.59 полимеризация мен поликонденсация реакцияларының теңдеулерін құру
  • 11.4.2.60 кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау
  • 11.4.2.61 тәжірибе жүзінде пластмассалар мен талшықтарды анықтау
  • 11.4.2.62 Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін білу

5-бөлім. Химия және өмір

5.1 Биохимия

  • 11.5.1.1 жай және күрделі эфирлерді алу реакцияларының теңдеулерін құрастыру
  • 11.5.1.2 майлардың құрамы мен құрылысын білу
  • 11.5.1.3 майлардың функциясын түсіну
  • 11.5.1.4 майларға сапалық реакция жасау
  • 11.5.1.5 майлардың сабындану және гидролиз өнімдерін атау
  • 11.5.1.6 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза молекулалары формулаларының айырмашылығын білу
  • 11.5.1.7 глюкозада функционалдық топтардың болуын тәжірибе жүзінде анықтау
  • 11.5.1.8 глюкозаның сүт қышқылды және спирттік ашуының реакция теңдеуін құрастыру
  • 11.5.1.9 крахмалға сапалық реакцияны жасау
  • 11.5.1.10 сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атау
  • 11.5.1.11 крахмал мен целлюлозаның құрылысы мен қасиеттерін салыстыру
  • 11.5.1.12 аминқышқылдарын тривиалды және жүйелі номенклатуралар бойынша атауларын білу
  • 11.5.1.13 аминқышқылдары молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттау
  • 11.5.1.14 аминқышқылдарының екідайлылығын қарастыру
  • 11.5.1.15 a – аминоқышқылдарынан нәруыздарды алудағы пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру
  • 11.5.1.16 нәруыздар гидролизі өнімдерін білу
  • 11.5.1.17 нәруыздардың қызметін білу
  • 11.5.1.18 нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу
  • 11.5.1.19 нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу
  • 11.5.1.20 ДНК мен РНК құрылымдарын салыстыру
  • 11.5.1.21 ДНК мен РНК биологиялық рөлін түсіндіру
  • 11.5.1.22 гендік инженерия мен биотехнологияның маңыздылығын түсіну
  • 11.5.1.23 дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау
  • 11.5.1.24 кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

11.1 Органикалық химияға кіріспе Орагникалық қосылыстардың құрылыс теориясы

Тақырып Оқу мақсаттары
Көміртек атомы құрылысының ерекшеліктері. Гибридизация. Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипатттамасы және электрондық табиғаты.Көрсетілім №1 "Органикалық затттар үлгілері (мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш сүрегі)" 11.4.2.1
.А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары. Изомерия және гомологтық қатар 11.4.2.3, 11.4.2.4, 11.4.2.5
Бос радикалдар туралы ұғым және олардың тірі ағзалар өміріндегі маңызы 11.4.2.6, 11.4.2.7
Органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі. Зертханалық тәжірибе №1 "Метан, этан, этилен, ацетилен, бензол, метанол, этанол, сірке қышқылы молекулаларының модельдері" 11.4.2.8, 11.4.2.9, 11.4.2.10
Органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы. Органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі 11.4.2.11, 11.4.2.12

11. Көмірсутектер және олардың көздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Алкандар. Көрсетілім №2 "Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер.резина, эбонит үлгілерімен танысу" 11.4.2.13, 11.4.2.14, 11.4.2.15, 11.4.2.16
Циклоалкандар 11.4.2.17, 11.4.2.18
Алкендер. Полиэтилен 11.4.2.19, 11.4.2.20

2-тоқсан

11.2 Көмірсутектер және олардың көздері

Тақырып Оқу мақсаттары
Алкадиендер Зертханалық тәжірибе № 2 "Изопренді каучуктің шарөзекті моделін құрастыру" 11.4.2.23, 11.4.2.24, 11.4.2.25
Алкиндер 11.4.2.26
Арендер және олардың туындылары 11.4.2.27, 11.4.2.28, 11.4.2.29, 11.4.2.30
Көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы 11.4.2.31, 11.4.2.32
Көмірсутектердің табиғи көздері және олардың Қазақстандағы кен орындары. Газ, мұнай, көмірді өңдеу. Казақстанда көмір және мұнай-газ өндірістерінің дамуы. Қазақстанда өнімді өндірудегі, өңдеудегі экологиялық аспектілер 11.4.2.33, 11.4.2.34, 11.4.2.35, 11.4.2.36, 11.4.2.37, 11.4.2.38

3-тоқсан

11.3 Оттекті органикалық қосылыстар

Тақырып Оқу мақсаттары
Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы 11.4.2.39, 11.4.2.40
Біратомды және көпатомды спирттер. Фенол Зертханалық тәжірибе №3 "Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары" 11.4.2.41, 11.4.2.42, 11.4.2.43, 11.4.2.44, 11.4.2.45
Альдегидтер. Кетондар. Карбон қышқылдары. Практикалық жұмыс № 1 "Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар" 11.4.2.46, 11.4.2.47, 11.4.2.48, 11.4.2.49, 11.4.2.50, 11.4.2.51
Жай және күрделі эфирлер. Майлар. Сабын және жуғыш заттар.Казақстандағы сабын және синтетикалық жуғыш заттар өндірісі. Көрсетілім № 3 "Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау" 11.5.1.1, 11.5.1.2, 11.5.1.3, 11.5.1.4, 11.5.1.5, 11.4.2.52, 11.4.2.53
Көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі. Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза Дисахаридтер. Сахароза. Лактоза. Полисахаридтер. Крахмал. Целлюлоза. Зертханалық тәжірибе № 4 "Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау" 11.5.1.6, 11.5.1.7, 11.5.1.8, 11.5.1.9, 11.5.1.10, 11.5.1.11

4-тоқсан

11.4 Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар. Нуклеин қышқылдары

Тақырып Оқу мақсаттары
Аминдер. Анилин 11.4.2.54, 11.4.2.55, 11.4.2.56, 11.4.2.57
Аминқышқылдары. Көрсетілім № 4: "Аминқышқылдарында функционалдық топтардың барын дәлелдеу" 11.5.1.12, 11.5.1.13, 11.5.1.14
Нәруыздар Көрсетілім № 5: "Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, белоктар денатурациясы;белоктардың жануы (жүн, құс қауырсыны) Зертханалық тәжірибе № 5 "Нәруыздардың түсті реакциялары 11.5.1.15, 11.5.1.16, 11.5.1.17, 11.5.1.18
Нуклеин қышқылдары Көрсетілім № 6 "ДНК мен РНК молекулаларының модельдері" 11.5.1.19, 11.5.1.20, 11.5.1.21, 11.5.1.22

11.4. Жасанды және синтетикалық полимерлер Химия адам өмірінде

Тақырып Оқу мақсаттары
Жасанады және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, каучуктер, талшықтар Қазақстандағы полимерлер өндірісі. Көрсетілім № 7 "Пластмассалар, синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру" 11.4.2.58, 11.4.2.59, 11.4.2.60, 11.4.2.61, 11.4.2.62
Дәрумендер және гормондар туралы түсінік. Биогенді органикалық заттардың рөлі 11.5.1.23, 11.5.1.24
Химия және өмір. Экологиялық мәселелер 11.4.1.1, 11.4.1.2, 11.4.1.3, 11.4.1.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.