Оқу бағдарламалары
Химия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Заттардың бөлшектері
1.1 Атомдар, иондар және молекулар
- 7.1.1.1 "Химия" ғылымының нені оқытатынын білу
- 7.1.1.2 химиялық зертханада және кабинетінде жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну
- 7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алу
- 7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіре алу
- 7.1.1.5 салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
- 7.1.1.6 судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
1.2 Атом құрамы мен құрылысы
- 7.1.2.1 атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу
- 7.1.2.2 әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу
- 7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктей алу
- 7.1.2.4 заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
- 7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу
- 7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу
- 7.1.2.7 "изотоп" түсінігін білу
- 7.1.2.8 Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну
- 7.1.2.9 табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну
- 7.1.2.10 салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу
- 7.1.2.11 элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу
- 7.1.2.12 химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/формулалық массасын есептеу
2-бөлім. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
2.1 Периодтық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі
- 7.2.1.1 И. ДҰберейнер Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру
- 7.2.1.2 периодтық кестенің кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар және периодтар
2.2 Химиялық реакциялардың жіктелуі
- 7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау
- 7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
- 7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
3-бөлім. Химиядағы энергетика
3.1 Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
- 7.3.1.1 ауа құрамын білу
- 7.3.1.2 заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу
- 7.3.1.3 атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
- 7.3.1.4 затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу
- 7.3.1.5 тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру
- 7.3.1.6 заттардың таза оттекте ауаға қарағанда жақсырақ жанатындығын түсіну
- 7.3.1.7 металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы
- 7.3.4.1 кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің "қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер белгілері болуы мүмкін екендігін білу
- 7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортада түстерінің өзгеруін білу
- 7.3.4.3 рН шкаланың негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу
- 7.3.4.4 "антацидтік заттарды" қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну
4-бөлім. Химия және қоршаған орта
4.1 Заттардың жіктелуі
- 7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну
- 7.4.1.2 таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу
- 7.4.1.3 элемент (жай зат) қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу
- 7.4.1.4 қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу
- 7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу
- 7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
4.2 Жер химиясы
- 7.4.2.1 жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну
- 7.4.2.2 кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын түсіну
- 7.4.2.3 металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
- 7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу
- 7.4.2.5 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
5-бөлім. Химия және өмір
5.1 Биохимия
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Білім алушылар:
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Білім алушылар: |
7.1 Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Химия пәні. №1 практикалық жұмыс "Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу" | 7.1.1.1, 7.1.1.2 |
| Элемент, қоспа және қосылыс. № 1 зертханалық тәжірибе "Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру" | 7.4.1.1, 7.4.1.2, 7.4.1.3, 7.4.1.4 |
| Қоспаларды бөлу әдістері. № 2 зертханалық тәжірибе "Ластанған ас тұзын тазарту" | 7.4.1.5, 7.4.1.6 |
7.1 Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Физикалық және химиялық құбылыстар. № 3 зертханалық тәжірибе "Химиялық реакциялардың белгілері" | 7.1.1.3 |
| Заттардың агрегаттық күйлері | 7.1.1.4 |
| Салқындау үдерісі № 4 зертханалық тәжірибе "Салқындау үдерісін зерттеу" | 7.1.1.5 |
| Қыздыру үдерісі № 5 зертханалық тәжірибе "Судың қайнау үдерісін зерттеу" | 7.1.1.6 |
2-тоқсан
7.2 Атомдар Молекулалар Заттар
7.2 Ауа. Жану реакциясы
3-тоқсан
7.3 Химиялық реакциялар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар. №7 зертханалық тәжірибе "Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау"; №8 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы" | 7.3.4.1, 7.3.4.2, 7.3.4.3, 7.3.4.4 |
| Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 зертханалық тәжірибе "Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі"; №10 зертханалық тәжірибе "Сутекке сапалық реакция" | 7.2.2.1, 7.2.2.2 |
| Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі. № 3 практикалық жұмыс "Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция" | 7.2.2.3 |
7.3 Химиялық элементтердің периодтық кестесі
7.3 Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула
4-тоқсан
7.4 Адам ағзасындағы химиялық элементтер
7.4 Геологиялық химиялық қосылыстар
Басқа сыныптар
- Химия, 7-сынып
- Химия, 8-сынып
- Химия, 9-сынып
- Химия, 10-сынып
- Химия, 11-сынып