Оқу бағдарламалары
Химия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Заттардың бөлшектері
1.1 Атомдар, иондар және молекулар
- 8.1.1.1 зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді және Авогадро санын білу
- 8.1.1.2 формула бойынша заттың массасын, зат мөлшерін, құрылымдық бөлшектер санын есептей алу
1.3 Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы. Атомдардан иондардың құрылуы
- 8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну
- 8.1.3.2 әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну
- 8.1.3.3 s және р орбиталдарының пішінін білу
- 8.1.3.4 алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды –графикалық формулаларын жаза білу
- 8.1.3.5 атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
- 8.1.3.6 "нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
1.4 Химиялық байланыстардың түрлері
- 8.1.4.1 электртерістілік ұғымына сүйеніп ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
- 8.1.4.2 иондық байланыстың түзілуін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау
- 8.1.4.3 заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру
2-бөлім. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
2.1 Периодтық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі
- 8.2.1.1 топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру
- 8.2.1.2 бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну
- 8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
- 8.2.1.4 периодтық жүйедегі орны бойынша элементті сипаттау
- 8.2.1.5 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататындығын дәлелдеу
- 8.2.1.6 химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру
- 8.2.1.7 химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау
2.2 Химиялық реакциялардың жіктелуі
- 8.2.2.1 бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
- 8.2.2.2 табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау
2.3 Зат массасы ның сақталу заңы
- 8.2.3.1 заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
- 8.2.3.2 әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау
- 8.2.3.3 реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру
- 8.2.3.4 аттар массасының сақталу заңын білу
- 8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша зат массасын, зат мөлшерін есептеу
- 8.2.3.6 Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану
- 8.2.3.7 газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу
- 8.2.3.8 газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
2.4 Металдар дың электро химиялық кернеу қатары
- 8.2.4.1 кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу
- 8.2.4.2 белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау
- 8.2.4.3 металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу
- 8.2.4.4 қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу
- 8.2.4.5 металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
- 8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу
- 8.2.4.7 эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру
- 8.2.4.8 металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
3-бөлім. Химиядағы энергетика
3.1 Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
- 8.3.1.1 заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксидтер екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну
- 8.3.1.2 парниктік эффектінің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну
- 8.3.1.3 экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу
- 8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіну
- 8.3.1.5 энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы
- 8.3.4.1 заттарды олардың судағы ерігіштігі бойынша жіктеу
- 8.3.4.2 заттар ерітінділерінің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру
- 8.3.4.3 заттың ерігіштігіне температура әсерін түсіндіру
- 8.3.4.4 буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру
- 8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу
- 8.3.4.6 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
- 8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 8.3.4.8 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 8.3.4.9 негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 8.3.4.10 тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
- 8.3.4.11 тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 8.3.4.12 бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
4-бөлім. Химия және қоршаған орта
4.2 Жер химиясы
- 8.4.2.1 сутекті алу және оның қасиеттері мен қолдануын зерттеу
- 8.4.2.2 ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу
- 8.4.2.3 оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
- 8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру
- 8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
- 8.4.2.6 судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру
- 8.4.2.7 табиғаттағы су айналымын түсіндіру
- 8.4.2.8 судың ластану қауіптілігін және салдарын анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру
- 8.4.2.9 судың "кермектігін" анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру
- 8.4.2.10 суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу
- 8.4.2.11 табиғаттағы және тірі ағзалар қызметі мен адамның тіршілігіндегі жүретін химиялық реакцияларды сипаттау
4.3 Көміртек және оның қосылыстары
- 8.4.3.1 көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру
- 8.4.3.2 табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау
- 8.4.3.3 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру
- 8.4.3.4 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу
- 8.4.3.5 көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
- 8.4.3.6 көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру
- 8.4.3.7 көмір-қышқыл газын алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу
- 8.4.3.8 өміртегінің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
8.1 Атомдағы электрондардың қозғалысы
8.1 Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Химиялық формулалар бойынша есептеулер | 8.2.3.1 |
| Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат масссасының сақталу заңы. № 1 көрсетілім "Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе"; № 2 зертханалық тәжірибе "Әрекеттесуші заттардың қатынасы" | 8.2.3.2, 8.2.3.3, 8.2.3.4 |
| Химиялық реакция типтері | 8.2.2.1 |
| Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар | 8.2.2.2 |
8.1 Металдар белсенділігін салыстыру
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. № 2 көрсетілім "Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі" | 8.2.4.1, 8.2.4.2, 8.2.4.3 |
| Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. № 3 зертханалық тәжірибе "Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі" | 8.2.4.4, 8.2.4.5 |
| Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары. № 3 көрсетілім "Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру" | 8.2.4.6 |
| Металдардың белсенділік қатары. № 1 практикалық жұмыс "Металдардың белсенділігін салыстыру" | 8.2.4.7, 8.2.4.8 |
2-тоқсан
8.2 Зат мөлшері
8.2 Стехиометриялық есептеулер
8.2 Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
8.2 Сутек. Оттек және озон
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. № 2 практикалық жұмыс "Сутекті алу және оның қасиеттерін тану" | 8.4.2.1 |
| Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. № 4 көрсетілім "Сутек пероксидінің ыдырауы"; № 3 практикалық жұмыс "Оттекті алу және оның қасиеттерін тану" | 8.4.2.2, 8.4.2.3 |
| Оттек және озон | 8.4.2.4, 8.4.2.5 |
3-тоқсан
8.3 Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы | 8.2.1.1 |
| Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі | 8.2.1.2, 8.2.1.3 |
| Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы | 8.2.1.4 |
| Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері | 8.2.1.5, 8.2.1.6 |
| Металдар және бейметалдар | 9.2.1.7 |
8.3 Химиялық байланыс түрлері
8.3 Ерітінділер және ерігіштік
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Заттардың суда еруі. № 5 зертханалық тәжірибе "Заттардың ерігіштігін зерттеу" | 8.3.4.1, 8.3.4.2 |
| Заттардың ерігіштігі. № 4 практикалық жұмыс "Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері" | 8.3.4.3, 8.3.4.4 |
| Еріген заттың массалық үлесі | 8.3.4.5 |
| Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы. № 5 практикалық жұмыс "Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау" | 8.3.4.6 |
4-тоқсан
8.4 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Оксидтер. № 6 зертханалық тәжірибе "Оксидтердің қасиеттерін зерттеу" | 8.3.4.7 |
| Қышқылдар. № 7 зертханалық тәжірибе "Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу" | 8.3.4.8 |
| Негіздер. № 8 зертханалық тәжірибе "Негіздердің қасиеттерін зерттеу" | 8.3.4.9 |
| Тұздар. № 9 зертханалық тәжірибе "Тұздардың қасиеттері және алынуы" | 8.3.4.10, 8.3.4.11 |
| Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс | 8.3.4.12 |
8.4 Көміртек және оның қосылыстары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Көміртектің жалпы сипаттамасы | 8.4.3.1, 8.4.3.2 |
| Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері | 8.4.3.3, 8.4.3.4 |
| Көміртектің қасиеттері. № 6 практикалық жұмыс "Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері". Көміртектің оксидтері | 8.4.3.5, 8.4.3.6, 8.4.3.7, 8.4.3.8 |
| № 7 практикалық жұмыс "Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу" |
8.4 Су
Басқа сыныптар
- Химия, 7-сынып
- Химия, 8-сынып
- Химия, 9-сынып
- Химия, 10-сынып
- Химия, 11-сынып