Оқу бағдарламалары
Химия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Заттардың бөлшектері
1.1 Атомдар, молекулалар және иондар
- 10.1.1.1 құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару
1.2 Атомның құрамы мен құрылысы
- 10.1.2.1 атом құрылысының заманауи теориясын білу
- 10.1.2.2 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату
- 10.1.2.3 радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру
1.3 Атомда электрондардың қозғалысы және таралуы
- 10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу
- 10.1.3.2 электрон орбитальдарын толтыру ережелерін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану
- 10.1.3.3 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу
1.4 Химиялық байланыстың түрлері
- 10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
- 10.1.4.2 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
- 10.1.4.3 H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру
- 10.1.4.4 әртүрлі гибридтелу түрлерінің мәнін түсіндіру
- 10.1.4.5 BF3, CH4, NH3, H2O, ВеСl2 мысалында молекуланың электронды және кеңістіктік құрылысына зат қасиетінің тәуелділігін түсіндіру
- 10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау
- 10.1.4.7 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну
- 10.1.4.8 NaCl, CaO, MgF2, KH қосылыстары үшін Льюис диаграммасын құру
- 10.1.4.9 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру
- 10.1.4.10 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру
- 10.1.4.11 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау
2-бөлім. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
2.1 Периодтық заң және периодтық жүйе
- 10.2.1.1 периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіру
- 10.2.1.2 валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру
- 10.2.1.3 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі
- 10.2.1.4 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
- 10.2.1.5 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау
- 10.2.1.6 периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу
- 10.2.1.7 химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу
- 10.2.1.8 радиоактивті заттар ұғымын білу
- 10.2.1.9 радиоактивті ыдырау типін білу және қарапайым ядролық реакциялар теңдеуін құра алу (a, b-, b+, g ыдырау)
- 10.2.1.10 Қазақстан энергетикалық потенциалында ядролық реакциялар мәнін түсіну
- 10.2.1.11 металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы
- 10.2.1.12 период және топта металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау
- 10.2.1.13 металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру
- 10.2.1.14 электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіну
- 10.2.1.15 металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 10.2.1.16 типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу
- 10.2.1.17 металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы білу
- 10.2.1.18 атом құрылысы негізінде s-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру
- 10.2.1.19 s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру
- 10.2.1.20 натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының алыну әдістерін білу
- 10.2.1.21 натрий, калий және кальцийдің сумен реакциясының химиялық белсенділігін ажыратуды түсіндіру
- 10.2.1.22 кальций, магний және олардың қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 10.2.1.23 калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы)
- 10.2.1.24 атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру
- 10.2.1.25 мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстарының қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
- 10.2.1.26 Cu2+, Zn2+ иондарын тани білу
- 10.2.1.27 хром және оның қосылыстарың қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
- 10.2.1.28 темір және оның қосылыстарының алынуын, тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау
- 10.2.1.29 Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу
- 10.2.1.30 темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделеу
- 10.2.1.31 атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
- 10.2.1.32 алюминий оксиді және гидроксидінің екәдайлы қасиеттерін оқып білу
- 10.2.1.33 алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау
- 10.2.1.34 көміртек, кремний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу
- 10.2.1.35 иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау
- 10.2.1.36 молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіру
- 10.2.1.37 газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
- 10.2.1.38 ортофосфор қышқылының және фосфаттардың физикалық, хиииялық қасиеттерін оқып білу
- 10.2.1.39 құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау
- 10.2.1.40 сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру
- 10.2.1.41 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
- 10.2.1.42 тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу
- 10.2.1.43 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу
- 10.2.1.44 аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру
- 10.2.1.45 күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің жанасу үдерісін сипаттаужәне оның өнеркәсіп үшін мәнін білу
- 10.2.1.46 аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын сипаттау
2.2 Заттар массасының сақталу заңы
- 10.2.2.1 металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару
- 10.2.2.2 металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі) есептер шығару
2.3 Стандартты электрондық потенциалдар
- 10.2.3.1 зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу
- 10.2.3.2 электронды баланс әдісін қолданып тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу
- 10.2.3.3 ерітінді және балқыма арқылы электр тоғы өткен кезде жүретін үдерістерді оқу және түсіндіру
- 10.2.3.4 электролит ерітінділерін және балқымаларын электролиздеу кезінде электродтарда түзілетін электролиз өнімдерін болжау
- 10.2.3.5 ерітінді және балқыма электролизі үдерісі сызбанұсқасын құра алу
- 10.2.3.6 электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептей алу
- 10.2.3.7 коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру
- 10.2.3.8 өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу
- 10.2.3.9 тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюраль
- 10.2.3.10 шойын және болаттың алыну әдістерін және қасиеттерін сипаттау
- 10.2.3.11 шыны, цемент өндіру үдерісін және олардың қолданылуын сипаттау
3-бөлім. Химиялық реакциялардың энергетикасы
3.1 Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
- 10.3.1.1 жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алу
- 10.3.1.2 химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін тұсіндіру
- 10.3.1.3 химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептей алу
3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы
- 10.3.2.1 химиялық реакция жылдамдығына температура, концентрация, қысымның әсерін тәжірибелік зерттеу
- 10.3.2.2 химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіру
- 10.3.2.3 әрекеттесуші заттар концентрациясы және температурасы өзгеруі кезіндегі реакция жылдамдығының өзгерісін есептей алу
- 10.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру
- 10.3.2.5 гомогенді және гетерогенді катализ механизмін түсіндіру
- 10.3.2.6 Қазақстанда катализдік химияның дамуын білу
3.3 Химиялық тепе-теңдік
- 10.3.3.1 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу
- 10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау
- 10.3.3.3 тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу
3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер
- 10.3.4.1 ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу
- 10.3.4.2 оның сапалық құрамы бойынша тұз ерітінділерінің ортасын болжау
4-бөлім. Химия және қоршаған орта
4.1 Жер химиясы
- 10.4.1.1 кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу
- 10.4.1.2 тірі ағзалардың іс- әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық рөлін түсіндіру
- 10.4.1.3 натрий және калий қосылыстарының биологиялық рөлін түсіндіру
- 10.4.1.4 кальций және магнийдің биологиялық рөлін түсіндіру
- 10.4.1.5 судың кермектілігін және оны жою әдістерін түсіндіру
- 10.4.1.6 Қазақстанда таралған сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосылыстарын білу
- 10.4.1.7 Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау
- 10.4.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу
- 10.4.1.9 азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну
- 10.4.1.10 қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
- 10.4.1.11 тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіру
- 10.4.1.12 адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін білу және Қазақстан территориясында йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну
- 10.4.1.13 Қазақстандағы химиялық өндірістердің экологиялық мәселелерін түсіндіру
- 10.4.1.14 химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
10.1 Атом құрылысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрон күйі және қозғалысы. Көрсетілім №1 "Атом құрылысы моделі" | 10.1.2.1, 10.1.2.2 |
| Квант саны. Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережесі | 10.1.3.1, 10.1.3.2, 10.1.3.3 |
| Изотоптар. Есеп шығару: "Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу" | 10.1.2.3, 10.1.1.1 |
| Радиоактивті заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық потенциалындағы маңызы | 10.2.1.8, 10.2.1.9, 10.2.1.10 |
10.1 Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан. Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі. Атомның тотығу дәрежесі Негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі | 10.2.1.1, 10.2.1.2, 10.2.1.3 |
| Периодта және топта қосылыстардың қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары | 10.2.1.4 |
| Қоршаған ортаның химиялық бейнесін және технология мен ғылымның дамуы үшін периодтық заңның мәнін түсіну | 10.2.1.5, 10.2.1.6 |
10.1 Химиялық байланыс және зат құрылысы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Химиялық байланыс түрінің біртұтас электронды табиғаты Ковалентті химиялық байланыс. Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері Ковалентті байланыстың донорлы- акцепторлы механизммен түзілуі Көрсетілім №2 "Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық тор моделі" | 10.1.4.1, 10.1.4.2, 10.1.4.3 |
| Атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3) және молекула геометриясы | 10.1.4.4, 10.1.4.5 |
| Электртерістілік және байланыс полярлығы | 10.1.4.6 |
| Ионды химиялық байланыс және иондық кристалдық тор. Металдық байланыс және металдық кристалдық тор. Көрсетілім №3 "Натрий, мыс хлоридтерінің кристалдық тор моделі" | 10.1.4.7, 10.1.4.8, 10.1.4.9 |
| Сутектік байланыс. Жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс және кристалдық тор типіне тәуелділігі. Зертханалық тәжірибе № 1 "Әртүрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Түрлі кристалдық торлы заттардың қасиеттерін оқу" | 10.1.4.10, 10.1.4.11 |
2-тоқсан
10.2 Химиялық реакциялар заңдылығы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Химиялық реакциялардың жіктелуі | 10.2.1.7 |
| Жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық заттардың қатысуымен тотығу-тотығу реакциялары | 10.2.3.1, 10.2.3.2 |
| Тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі. Көрсетілім №4 "Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің өнеркәсіптік өндірісі" | 10.2.3.3, 10.2.3.4, 10.2.3.5, 10.2.3.6 |
| Қышқыл, сілті және тұз ерітінділерінің рН-і Тұздар гидролизі Зертханалық тәжірибе № 2 "Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі" | 10.3.4.1, 10.3.4.2 |
| Химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы Көрсетілім №5 "Экзо – эндотермиялық реакциялар" | 10.3.1.1, 10.3.1.2, 10.3.1.3 |
10.2 Кинетика
10.2 Химиялық тепе-теңдік
3-тоқсан
10.3 Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар. Металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы және кристалдық торларының ерекшелігі, металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі Көрсетілім №6 "Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері; металдардың кристалдық тор модельдері" | 10.2.1.11, 10.2.1.12 |
| Металдар және бейметалдар: негізгі физикалық және химиялық қасиеттері. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Зертханалық тәжірибе №4 "Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері" | 10.2.1.13, 10.2.1.14, 10.2.1.15, 10.2.1.16 |
| Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі | 10.2.1.17, 10.4.1.1 |
| Тірі ағзалардың іс- әрекетінде метлдар және бейметалдардың биологиялық ролі | 10.4.1.2 |
10.3 Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру | 10.2.1.18, 10.2.1.19 |
| Натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы. Көрсетілім №7 "Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі. Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі) | 10.2.1.20, 10.2.1.21, 10.4.1.3 |
| Кальций, магний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы Зертханалық тәжірибе №5 "Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру. Сілтілік және сілтілік-жер металдары тұздарының жалынды бояуы" | 10.2.1.22, 10.2.1.23, 10.4.1.4 |
| Судың кермектігі, оны жою жолдары. Сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары | 10.4.1.5, 10.4.1.6, 10.2.2.1 |
10.3 Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары | 10.2.1.24, 10.4.1.7 |
| Мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары. Зертханалық тәжірибе №6 "Cu2+, Zn2+ иондарын тануға сапалық реакция" | 10.2.1.25, 10.2.1.26 |
| Хром және оның қосылыстары | 10.2.1.27 |
| Темір және оның қосылыстары. Зертханалық тәжірибе №7 "Fe2+, Fе3+ иондарын тануға сапалық реакция" | 10.2.1.28, 10.2.1.29 |
| Практикалық жұмыс №1 "Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу" | 10.2.1.30 |
| Коррозия түрлері және коррозияның алдын алу шаралары | 10.2.3.7, 10.2.2.2 |
4-тоқсан
10.4 Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері. Алюминий және олардың қосылыстары | 10.2.1.31, 10.2.1.32, 10.2.1.33 |
| Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы. Көрсетілім № 8 "Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция) | 10.2.1.34, 10.2.1.35 |
| Азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктері. Аммиак, аммоний тұздары. Ортофосфор қышқылы және фосфаттар. Азот және фосфор қосылыстарының тыңайтқыш ретінде қолданылуы. Азот оксидтерінің, нитраттар және фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері | 10.2.1.36, 10.2.1.37, 10.4.1.8, 10.4.1.9, 10.2.1.38 |
| Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері | 10.2.1.39, 10.4.1.10, 10.2.1.40, 10.4.1.11 |
| Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер. Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі. Йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары | 10.2.1.41, 10.2.1.42, 10.4.1.12 |
| Практикалық жұмыс № 2 "Кейбір аниондарға сапалық реакция" тақырыбына эксперименттік есептер шығару | 10.2.1.43, 10.2.1.44 |
10.4 Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өңдіру
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу | 10.2.3.8, 10.2.3.9, 10.2.3.10, 10.4.1.13 |
| Жанасу әдісімен күкірт қышқылын өндіру | 10.2.1.45 |
| Аммиак, азот қышқылыш өндіру | 10.2.1.46 |
| Қазақстандағы силикат өндірісі | 10.2.3.11 |
| Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануы | 10.4.1.14 |
Басқа сыныптар
- Химия, 7-сынып
- Химия, 8-сынып
- Химия, 9-сынып
- Химия, 10-сынып
- Химия, 11-сынып