Оқу бағдарламалары
Геометрия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Геометриялық фигуралар туралы түсінік
- 11.1.1 көпжақты бұрыш пен геометриялық дене ұғымдарын білу, оларды жазықтықта кескіндеу алу
- 11.1.2 көпжақтың анықтамасын және оның элементтерін білу
- 11.1.3 призманың анықтамасын, оның элементтерін, призма түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу
- 11.1.4 пирамиданың анықтамасын, оның элементтерін, пирамида түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу
- 11.1.5 қиық пирамида анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу
- 11.1.6 дұрыс көпжақтың анықтамасын білу, дұрыс көпжақтардың түрлерін ажырата білу
- 11.1.7 цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерін білу; цилиндрді жазықтықта кескіндей алу
- 11.1.8 конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; конусты жазықтықта кескіндей алу
- 11.1.9 қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу, қиық конусты жазықтықта кескіндей алу
- 11.1.10 сфера, шардың анықтамаларын білу; жазықтықта кескіндей алу
- 11.1.11 көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу
2-бөлім. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы
- 11.2.1 көпжақтың жазықтықпен қималарын сала білу
- 11.2.2 цилиндрдің, конустың және шардың жазықтықпен қималарын кескіндеу
- 11.2.3 сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу
- 11.2.4 пирамида төбесінің табан жазықтығына проекциясының орналасуын анықтау
- 11.2.5 көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу
3-бөлім. Метрикалық қатыстар
- 11.3.1 призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.3.2 пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.3.3 көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару
- 11.3.4 цилиндрдің бүйір беті және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.3.5 айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару
- 11.3.6 конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.3.7 қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандары формуларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.3.8 сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару
- 11.3.9 сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиетін білу
- 11.3.10 шар мен сфераның жазықтықпен қималарына байланысты есептер шығару
- 11.3.11 кеңістік денелерінің көлемдерінің қасиеттерін білу және қолдану
- 11.3.12 призма көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 11.3.13 пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.3.14 цилиндр көлемін табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 11.3.15 конус және қиық конус көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 11.3.16 шар және оның бөліктері көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есеп шығаруда қолдану
- 11.3.17 кеңістіктегі ұқсас фигуралар көлемдерінің қасиетін білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 11.3.18 геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару
4-бөлім. Векторлар және түрлендірулер
- 11.4.1 нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 11.4.2 түзулер арасындағы бұрышты (түзулердің теңдеулері бойынша) табу
- 11.4.3 координаталардағы түзулердің параллельдігі мен перпендикулярлығы шартын есептер шығаруда қолдану
- 11.4.5 түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
10‑сыныптағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10‑сыныптағы геометрия курсын қайталау |
Көпжақтар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Көпжақты бұрыш, геометриялық дене туралы түсінік | 11.1.1 |
| Көпжақ ұғымы | 11.1.2, 11.3.3 |
| Призма және оның элементтері, призма түрлері | 11.1.3, 11.3.3 |
| Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары | 11.3.1, 11.1.11 |
| Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида | 11.1.4, 11.2.4, 11.3.3 |
| Қиық пирамида | 11.1.5, 11.3.3 |
2-тоқсан
Көпжақтар
Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы
3-тоқсан
Айналу денелері және олардың элементтері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары | 11.1.7, 11.3.4, 11.3.5, 11.1.11 |
| Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары | 11.1.8, 11.3.5, 11.3.6, 11.1.11 |
| Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары | 11.1.9, 11.3.5, 11.3.7, 11.1.11 |
| Сфера, шар және олардың элементтері. Сфера бетінің ауданы | 11.1.10, 11.3.8 |
| Сфераға жүргізілген жанама жазықтық | 11.2.3, 11.3.9, 11.3.10 |
| Цилиндр, конус және шардың жазықтықпен қималары | 11.2.2 |
4-тоқсан
Денелердің көлемдері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері | 11.3.11 |
| Призма көлемі | 11.3.12 |
| Пирамида және қиық пирамида көлемдері | 11.3.13 |
| Цилиндр көлемі | 11.3.14 |
| Конус және қиық конус көлемдері | 11.3.15 |
| Кеңістік фигураларының ұқсастығы | 11.3.17 |
| Шар және оның бөліктерінің көлемдері | 11.3.16 |
| Геометриялық денелердің комбинациялары | 11.2.5, 11.3.18 |
10-11‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10-11‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Геометрия, 7-сынып
- Геометрия, 8-сынып
- Геометрия, 9-сынып
- Геометрия, 10-сынып
- Геометрия, 11-сынып