Оқу бағдарламалары
Геометрия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Геометрия
1.1 Геометрия лық фигуралар туралы түсінік
- 9.1.1.1 доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану
- 9.1.1.2 сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдану
- 9.1.1.3 іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу
- 9.1.1.4 дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану
1.2 Геоме Трия лық фигуралардың өзара орналасуы
- 9.1.2.1 шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану
- 9.1.2.2 дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу
- 9.1.2.3 дұрыс көпбұрыштарды салу
- 9.1.2.4 дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланысты білу және қолдану
- 9.1.2.5 дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану
- 9.1.2.6 үшбұрыш медианаларының қасиеттерін білу және қолдану
1.3 Метрикалық қатыстар
- 9.1.3.1 вектордың координаталарын табу
- 9.1.3.2 вектордың ұзындығын табу
- 9.1.3.3 координаталары мен берілген векторларға амалдар қолдану
- 9.1.3.4 векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану
- 9.1.3.5 векторлар арасындағы бұрышты есептеу
- 9.1.3.6 косинустар теоремасын білу және қолдану
- 9.1.3.7 синустар теоремасын білу және қолдану
-
9.1.3.8
іштей сызылған үшбұрыштың ауданын (
, мұндағы a, b – үшбұрыштың қабырғалары, – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының (S = p. r мұндағы r – іштей сызылған шеңбер радиусы, p - көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану
- 9.1.3.9 шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және қолдану
- 9.1.3.10 синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану
1.4 Вектор лар және түрлендірулер
- 9.1.4.1 вектордың, коллинеар векторлардың, тең векторлардың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың және вектор ұзындығының анықтамаларын білу
- 9.1.4.2 векторларды қосу, векторды санға көбейту ережелерін білу және қолдану
- 9.1.4.3 векторлардың коллинеарлық шартын қолдану
- 9.1.4.4 векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу
- 9.1.4.5 екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын білу
- 9.1.4.6 векторлардың скаляр көбейтіндісін табу
- 9.1.4.7 есептерді векторлық әдіспен шешу
- 9.1.4.8 қозғалыстың түрлерін, композициясын және олардың қасиеттерін білу
- 9.1.4.9 симметрия, параллель көшіру және бұру кезінде фигуралардың бейнелерін салу
- 9.1.4.10 жазықтықта түрлендіруді қолдана отырып есептер шығару
- 9.1.4.11 гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін білу
- 9.1.4.12 гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу
- 9.1.4.13 ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу
- 9.1.4.14 үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану
- 9.1.4.15 тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығын білу және қолдану
- 9.1.4.16 үшбұрыш биссектрисасының қасиетін білу және қолдану
- 9.1.4.17 ұқсас фигуралардың аудандары және ұқсастық коэффициенті арасындағы тәуелділік формуласын білу
- 9.1.4.18 дұрыс көрбұрыштардың симметрияларын білу
- 9.1.4.19 есептер шығаруда векторларды қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
8‑сыныптағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 8‑сыныптағы геометрия курсын қайталау |
Жазықтықтағы векторлар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Вектор. Векторларға амалдар қолдану. Коллинеар және коллинеар емес векторлар | 9.1.4.1, 9.1.4.2, 9.1.4.4, 9.1.4.5, 9.1.4.6, 9.1.4.7 |
| Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану | 9.1.3.1, 9.1.3.2, 9.1.4.3, 9.1.3.3, 9.1.3.4, 9.1.3.5 |
| Есептерді шешуде векторларды қолдану | 9.1.4.19 |
2-тоқсан
Жазықтықтағы түрлендірулер
3-тоқсан
Үшбұрыштарды шешу
4-тоқсан
Шеңбер. Көпбұрыштар
7-9‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 7-9‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Геометрия, 7-сынып
- Геометрия, 8-сынып
- Геометрия, 9-сынып
- Геометрия, 10-сынып
- Геометрия, 11-сынып