Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Геометрия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Геометриялық фигуралар туралы түсінік

  • 11.1.1 көпжақ анықтамасын және оның элементтерін білу
  • 11.1.2 призманың анықтамасын, оның элементтері, призма түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу
  • 11.1.3 тікбұрышты параллелепипедтің анықтамасы мен қасиеттерін білу және оны жазықтықта кескіндеу
  • 11.1.4 пирамиданың анықтамасын, оның элементтері, пирамида түрлерін білу; оларды жазықтықта кескіндей алу
  • 11.1.5 қиық пирамиданың анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу
  • 11.1.6 дұрыс көпжақтың анықтамасын білу және дұрыс көпжақтардың түрлерін ажырату
  • 11.1.7 цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерін білу; цилиндрді жазықтықта кескіндей алу
  • 11.1.8 конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; конусты жазықтықта кескіндей алу
  • 11.1.9 қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; қиық конусты жазықтықта кескіндей алу
  • 11.1.10 сфера, шардың анықтамаларын білу; оларды жазықтықта кескіндей алу
  • 11.1.11 көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу

2-бөлім. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

  • 11.2.1 цилиндрдің, конустың және шардың жазықтықпен қималарын кескіндеу
  • 11.2.2 сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу
  • 11.2.3 пирамида төбесінің табан жазықтығына проекциясының орналасуын анықтау

3-бөлім. Метрикалық қатынастар

  • 11.3.1 призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану
  • 11.3.2 пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану
  • 11.3.3 көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару
  • 11.3.4 айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару
  • 11.3.5 цилиндрдің бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану
  • 11.3.6 конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану
  • 11.3.7 қиық конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану
  • 11.3.8 сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару
  • 11.3.9 кеңістік денелерінің көлемдерінің қасиеттерін білу және қолдану
  • 11.3.10 призма көлемін табу формуласын қолдану
  • 11.3.11 пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын қолдану
  • 11.3.12 цилиндр көлемін табу формуласын қолдану
  • 11.3.13 конус және қиық конус көлемдерін табу формулаларын қолдану
  • 11.3.14 шар көлемін табу формуласын қолдану

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

10‑сыныптағы геометрия курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
10‑сыныптағы геометрия курсын қайталау

Көпжақтар

Тақырып Оқу мақсаттары
Көпжақ ұғымы 11.1.1
Призма және оның элементтері. Тік және дұрыс призма 11.1.2, 11.3.3
Тікбұрышты параллелепипед және оның қасиеттері 11.1.3
Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары 11.1.11, 11.3.1
Пирамида және оның элементтері 11.1.4, 11.3.3
Қиық пирамида 11.1.5, 11.3.3

2-тоқсан

Көпжақтар

Тақырып Оқу мақсаттары
Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары 11.1.11, 11.3.2
Қиық пирамида бетінің ауданы 11.3.2
Дұрыс көпжақтар 11.1.6

3-тоқсан

Айналу денелері және олардың элементтері

Тақырып Оқу мақсаттары
Цилиндр және оның элементтері 11.1.7, 11.3.4
Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары 11.1.11, 11.3.5
Конус және оның элементтері 11.1.8, 11.3.4
Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары 11.1.11, 11.3.6
Қиық конус және оның элементтері 11.1.9, 11.3.4
Қиық конус бетінің ауданы 11.3.7
Сфера және шар 11.1.10, 11.2.2, 11.3.4
Сфера бетінің ауданы 11.3.8
Айналу денелерінің жазықтықпен қималары 11.2.1

4-тоқсан

Денелер көлемдері

Тақырып Оқу мақсаттары
Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері 11.3.9
Призма көлемі 11.3.10
Пирамида және қиық пирамида көлемдері 11.3.11
Цилиндр көлемі 11.3.12
Конус және қиық конус көлемдері 11.3.13
Шар көлемі 11.3.14

10-11‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
10-11‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.