Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Геометрия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Геометрия

1.1 Геометрия лық фигуралар туралы түсінік

  • 8.1.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу
  • 8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару
  • 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу
  • 8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану
  • 8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану
  • 8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару
  • 8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану
  • 8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану
  • 8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу
  • 8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу
  • 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу
  • 8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану
  • 8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану

1.3 Метрикалық қатыстар

  • 8.1.3.1 үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану
  • 8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу
  • 8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану
  • 8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
  • 8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу
  • 8.1.3.6 тікбұрышты үшбұрышты 300, 450, 600 -қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін табу үшін қолдану
  • 8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану
  • 8.1.3.8 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу
  • 8.1.3.9 көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу
  • 8.1.3.10 тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу
  • 8.1.3.11 параллелограмм ның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
  • 8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
  • 8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
  • 8.1.3.14 жазықтықта координаталары мен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу
  • 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу
  • 8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу
  • 8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін (x - a)2 + (y - b)2 = r2 білу
  • 8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу
  • 8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ax + by + c = 0, 8.1.3.19 мақсатының формуласы
  • 8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару
  • 8.1.3.21 Пифагор теоремасын пайдаланып, sin2a + cos2a = 1 формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану
  • 8.1.3.22 негізгі тригонометрия лық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану
  • 8.1.3.23 a және (90 - a) бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану
  • 8.1.3.24 sin⁡ a, cos⁡a, tg a және ctg a - ның мәндерін олардың біреуінің берілген мәні бойынша табу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

7‑сыныптағы геометрия курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
7‑сыныптағы геометрия курсын қайталау

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Тақырып Оқу мақсаттары
Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш 8.1.1.1, 8.1.1.2
Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері 8.1.1.3, 8.1.1.4, 8.1.1.5, 8.1.1.6
Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер 8.1.1.7, 8.1.1.8, 8.1.1.9, 8.1.1.10
Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері. Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары 8.1.1.11, 8.1.1.12, 8.1.1.13
Үшбұрыштың тамаша нүктелері 8.1.3.1

2-тоқсан

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Тақырып Оқу мақсаттары
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы 8.1.3.2, 8.1.3.3, 8.1.3.4
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер 8.1.3.21, 8.1.3.22, 8.1.3.23, 8.1.3.24, 8.1.3.5
Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу 8.1.3.6, 8.1.3.7, 8.1.3.8

3-тоқсан

Аудан

Тақырып Оқу мақсаттары
Фигураның ауданы және оның қасиеттері 8.1.3.9, 8.1.3.10
Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары 8.1.3.11, 8.1.3.12, 8.1.3.13

4-тоқсан

Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

Тақырып Оқу мақсаттары
Жазықтықтағы координаталар әдісі 8.1.3.14, 8.1.3.15, 8.1.3.16, 8.1.3.17, 8.1.3.18, 8.1.3.19
Мәтін есептерді шығару 8.1.3.20

8‑сыныптағы геометрия курсын қайталау

Тақырып Оқу мақсаттары
8‑сыныптағы геометрия курсын қайталау
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 8-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.