Оқу бағдарламалары
Геометрия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Геометрия
1.1 Геометрия лық фигуралар туралы түсінік
- 7.1.1.1 планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу
- 7.1.1.2 нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын білу және қолдану
- 7.1.1.3 аксиоманың теоремадан айырмашылығын түсіну: теореманың шарты мен қорытындысын ажырату
- 7.1.1.4 теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және "кері жору" әдістері
- 7.1.1.5 кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу
- 7.1.1.6 кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану
- 7.1.1.7 тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану
- 7.1.1.8 кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын білу және қолдану
- 7.1.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу
- 7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
- 7.1.1.11 берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу
- 7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу
- 7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату
- 7.1.1.14 теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу
- 7.1.1.15 сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру
- 7.1.1.16 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу
- 7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану
- 7.1.1.18 үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу
- 7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану
- 7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану
- 7.1.1.21 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу
- 7.1.1.22 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану
- 7.1.1.23 теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану
- 7.1.1.24 теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану
- 7.1.1.25 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдеу
- 7.1.1.26 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану
- 7.1.1.27 тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану
- 7.1.1.28 шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу
- 7.1.1.29 центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану
- 7.1.1.30 шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану
- 7.1.1.31 нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу
- 7.1.1.32 перпендикуляр ұғымын біледі
1.2 Геоме Трия лық фигуралардың өзара орналасуы
- 7.1.2.1 нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы)
- 7.1.2.2 түзулердің параллельдік аксиомасын білу
- 7.1.2.3 екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу
- 7.1.2.4 түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу
- 7.1.2.5 түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану
- 7.1.2.6 параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу
- 7.1.2.7 параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану
- 7.1.2.8 перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру
- 7.1.2.9 нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану
- 7.1.2.10 перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану
- 7.1.2.11 шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу
- 7.1.2.12 түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау
- 7.1.2.13 есептер шығаруда шеңбер жанамасының қасиеттерін білу және қолдану
- 7.1.2.14 үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу
- 7.1.2.15 үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлерінің орналасуын түсіндіру
- 7.1.2.16 берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу
- 7.1.2.17 кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу
- 7.1.2.18 берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу
1.3 Метрикалық қатыстар
- 7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Геометрияның алғашқы мәліметтері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема | 7.1.1.1, 7.1.1.5, 7.1.1.2, 7.1.1.3, 7.1.2.1, 7.1.1.6, 7.1.1.8, 7.1.1.11, 7.1.2.2 |
| Фигуралар теңдігі | 7.1.1.7 |
| Теореманы дәлелдеу әдістері: тура дәлелдеу және "кері жору" әдісі | 7.1.1.4 |
| Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері | 7.1.1.9, 7.1.1.10, 7.1.1.32 |
2-тоқсан
Үшбұрыштар
3-тоқсан
Түзулердің өзара орналасуы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері | 7.1.2.3, 7.1.2.4, 7.1.2.5, 7.1.2.6, 7.1.2.7 |
| Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы | 7.1.1.16, 7.1.1.17, 7.1.1.18, 7.1.1.19 |
| Үшбұрыш теңсіздігі | 7.1.1.20, 7.1.3.1 |
| Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері. Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері | 7.1.1.25, 7.1.1.26, 7.1.1.27 |
| Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы | 7.1.2.8, 7.1.2.9, 7.1.2.10 |
4-тоқсан
Шеңбер. Геометриялық салулар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш | 7.1.1.28, 7.1.1.29, 7.1.1.30, 7.1.1.31 |
| Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы | 7.1.2.12 |
| Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттері | 7.1.2.11, 7.1.2.13 |
| Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер | 7.1.2.14, 7.1.2.15 |
| Салу есептері | 7.1.2.16, 7.1.2.17, 7.1.2.18 |
7‑сыныптағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 7‑сыныптағы геометрия курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Геометрия, 7-сынып
- Геометрия, 8-сынып
- Геометрия, 9-сынып
- Геометрия, 10-сынып
- Геометрия, 11-сынып