Оқу бағдарламалары
Геометрия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Геометриялық фигуралар туралы түсінік
- 10.1.1 тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу
- 10.1.2 тікбұрышты параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін білу
2-бөлім. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы
- 10.2.1 стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету
- 10.2.2 кеңістіктегі параллель және айқас түзулер анықтамаларын білу, оларды анықтау және кескіндеу
- 10.2.3 кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.2.4 түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.2.5 жазықтықтардың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.2.6 перпендикуляр түзулердің анықтамасы мен қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.2.7 түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық анықтамасын, белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.2.8 кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу
- 10.2.9 кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу
- 10.2.10 айқас түзулер арасындағы бұрыш пен олардың ортақ перпендикулярын сызбада кескіндей алу
- 10.2.11 жазық фигураның ортогональ проекциясын жазықтықта салу
3-бөлім. Метрикалық қатыстар
- 10.3.1 үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 10.3.2 түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу
- 10.3.3 жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу
- 10.3.4 жазықтықтардың перпендикулярлық белгісі мен қасиетін білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.3.5 нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу
- 10.3.6 жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы ауданының формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 10.3.7 тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін қорытып шығару және есептер шығаруда қолдану
4-бөлім. Векторлар және түрлендірулер
- 10.4.1 кеңістіктегі вектор, вектордың ұзындығы, тең векторлар анықтамаларын білу
- 10.4.2 векторларды қосу және векторды санға көбейтуді орындау
- 10.4.3 кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын білу
- 10.4.4 кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы мен қасиеттерін білу
- 10.4.5 кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі анықтамасын білу және оны кескіндей алу
- 10.4.6 кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеу
- 10.4.7 кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу
- 10.4.8 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүкте координаталарының формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.4.9 кесінді ортасының координаталары формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.4.10 сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 10.4.11 вектордың координаталары ұғымын білу, вектор координаталарын бірлік векторлар бойынша жіктеп таба білу
- 10.4.12 кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу
- 10.4.13 координаталарымен берілген векторларды қосуды және векторды санға көбейтуді орындау
- 10.4.14 векторлардың коллинеарлық және компланарлық шартын білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 10.4.15 векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу
- 10.4.16 координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 10.4.17 кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты есептеу
- 10.4.18 кеңістіктегі векторлардың перпендикулярлық шартын білу және қолдану
-
10.4.19
жазықтықтың жалпы теңдеуін (ax+by+cz+d=0) нормаль вектор
және осы жазықтықтағы нүкте бойынша қорытып шығару
- 10.4.20 түзудің канондық теңдеуін құрастыру
- 10.4.21 түзу теңдеуінің канондық түрінен параметрлік түріне көше алу
- 10.4.22 берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін құру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
7-9‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 7-9‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау |
Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік
2-тоқсан
Кеңістіктегі перпендикулярлық
3-тоқсан
Кеңістіктегі перпендикулярлық
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану. Коллинеар және компланар векторлар | 10.4.1, 10.4.2, 10.4.3 |
| Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі | 10.4.5, 10.4.6 |
| Кеңістіктегі вектордың координаталары | 10.4.11 |
| Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту | 10.4.13 |
| Векторды үш компланар емес вектор бойынша жіктеу | 10.4.14, 10.4.15 |
| Екі нүктенің арақашықтығы | 10.4.7, 10.4.12 |
| Кесіндіні берілген қатынаста бөлу | 10.4.8 |
| Кесінді ортасының координаталары | 10.4.9 |
4-тоқсан
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
10‑сыныптағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10‑сыныптағы геометрия курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Геометрия, 7-сынып
- Геометрия, 8-сынып
- Геометрия, 9-сынып
- Геометрия, 10-сынып
- Геометрия, 11-сынып