Оқу бағдарламалары
Геометрия пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
2-бөлім. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы
- 10.2.1 стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету
- 10.2.2 кеңістіктегі параллель және айқас түзулердің анықтамаларын білу және оларды анықтау және кескіндеу
- 10.2.3 кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.2.4 түзу мен жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.2.5 жазықтықтардың параллельдігі мен перпендикулярлығының белгілерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану
- 10.2.6 кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу
3-бөлім. Метрикалық қатынастар
- 10.3.1 үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 10.3.2 түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу
- 10.3.3 жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу
- 10.3.4 нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу
- 10.3.5 кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу
4-бөлім. Векторлар және түрлендірулер
- 10.4.1 кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін жазықтықта кескіндей алу және оны сипаттау
- 10.4.2 кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу
- 10.4.3 кеңістіктегі кесінді ортасының координаталарын таба білу
- 10.4.4 сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану
- 10.4.5 кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу
- 10.4.6 кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу
- 10.4.7 векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындау
- 10.4.8 координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
7-9‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 7-9‑сыныптардағы геометрия курсын қайталау |
Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы
2-тоқсан
Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық
3-тоқсан
Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
4-тоқсан
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
10‑сыныптағы геометрия курсын қайталау
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| 10‑сыныптағы геометрия курсын қайталау |
Басқа сыныптар
- Геометрия, 7-сынып
- Геометрия, 8-сынып
- Геометрия, 9-сынып
- Геометрия, 10-сынып
- Геометрия, 11-сынып