Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Физика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 10.1.1.1 кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу
  • 10.1.1.2 жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру
  • 10.1.1.3 қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау
  • 10.1.2.1 бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру
  • 10.1.2.2 бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау
  • 10.1.2.3 көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау
  • 10.1.3.1 абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау
  • 10.1.3.2 Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы
  • 10.1.3.3 гидростатикалық қысым терминін түсіндіру
  • 10.1.4.1 сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану
  • 10.1.5.1 сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау
  • 10.1.5.2 тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеру
  • 10.1.5.3 эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну
  • 10.2.1.1 температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау
  • 10.2.1.2 қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау
  • 10.2.1.3 кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату
  • 10.2.2.1 идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газ процестерінің графиктерін ажырату
  • 10.2.3.1 термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру
  • 10.2.3.2 жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау
  • 10.2.4.1 ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
  • 10.2.4.2 сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы
  • 10.2.4.4 серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау
  • 10.3.1.1 электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау
  • 10.3.1.2 электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау
  • 10.3.1.3 гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру
  • 10.3.1.4 конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану
  • 10.3.2.1 сыртқы тізбектегі электр қозғаушы күші пен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну
  • 10.3.2.2 өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу
  • 10.3.2.3 толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну
  • 10.3.2.4 эксперимент арқылы ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау
  • 10.3.3.1 әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру
  • 10.3.3.2 электролиттердегі электр тогыныың пайда болу шартын эксперимент арқылы анықтау
  • 10.3.3.3 жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру
  • 10.3.3.4 асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау
  • 10.3.4.1 өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну
  • 10.3.4.2 сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау
  • 10.3.4.3 магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау
  • 10.3.4.4 жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру
  • 10.3.4.5 соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау
  • 10.3.5.1 магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру
  • 10.3.5.2 Ленц ережесін түсіндіру
  • 10.3.5.3 электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіндіру
  • 10.3.5.4 магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Кинематика

Тақырып Оқу мақсаттары
Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері 10.1.1.1
Салыстырмалы қозғалыс 10.1.1.2
Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы 10.1.1.3

Динамика

Тақырып Оқу мақсаттары
Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары 10.1.2.1
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы 10.1.2.2
Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы 10.1.2.3

Статика және гидростатика

Тақырып Оқу мақсаттары
Массалар центрі. Тепе-теңдік түрлері 10.1.3.1
Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. Паскаль заңын қолдану Торичелли тәжірибесі 10.1.3.2, 10.1.3.3

Сақталу заңдары

Тақырып Оқу мақсаттары
Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары 10.1.4.1

Гидродинамика

Тақырып Оқу мақсаттары
Сұйықтық кинематикасы 10.1.5.1
№ 1 Зертханалық жұмыс: "Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу" 10.1.5.2, 10.1.5.3

2-тоқсан

Молекулалық физика

Тақырып Оқу мақсаттары
Молекулалық физика 10.2.1.1, 10.2.1.2, 10.2.1.3

Газ заңдары

Тақырып Оқу мақсаттары
Газ заңдары 10.2.2.1

Термодинамика негiздерi

Тақырып Оқу мақсаттары
Термодинамика негiздерi 10.2.3.1, 10.2.3.2

Сұйық және қатты денелер

Тақырып Оқу мақсаттары
Сұйық және қатты денелер 10.2.4.1, 10.2.4.2

3-тоқсан

Электростатика

Тақырып Оқу мақсаттары
Электр өрісі 10.3.1.1, 10.3.1.2, 10.3.1.3
Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері 10.3.1.4

Тұрақты ток

Тақырып Оқу мақсаттары
Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі. Кернеу және потенциалдар айырмасы № 2 Зертханалық жұмыс "Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену" 10.3.2.1, 10.3.2.2
Толық тізбек үшін Ом заңы 10.3.2.3
Электр тогының жұмысы мен қуаты № 3 Зертханалық жұмыс "Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау" 10.3.2.4

Әртүрлі ортадағы электр тогы

Тақырып Оқу мақсаттары
Металдардағы, жартылай өткізгіштердегі, электролиттердегі, газдар мен вакуумдағы электр тогы. № 4 Зертханалық жұмыс: "Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу" 10.3.3.1, 10.3.3.2
Жартылай өткізгішті құралдар 10.3.3.3
Асқын өткiзгiштiк 10.3.3.4

4-тоқсан

Магнит өрiсi

Тақырып Оқу мақсаттары
Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі 10.3.4.1
Ампер күші, Лоренц күші 10.3.4.2
Заттың магниттік қасиеттері 10.3.4.3
Жасанды магниттер.Соленоид 10.3.4.4, 10.3.4.5

Электромагниттiк индукция

Тақырып Оқу мақсаттары
Электромагниттiк индукция заңы. Электромагниттік құралдар 10.3.5.1, 10.3.5.2, 10.3.5.3
Магниттік-резонанстық томография 10.3.5.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 10-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.