Оқу бағдарламалары
Физика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 9‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
9‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Физикалық шамалар мен өлшеулер
1.3 Физикалық өлшеулер
- 9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау
- 9.1.3.2 эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспериментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну
- 9.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
2-бөлім. Механика
2.1 Кинематика негіздері
- 9.2.1.1 материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
- 9.2.1.2 векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту
- 9.2.1.3 вектордың координаталар остеріне проекцияларын анықтау, векторларды құраушыларға жіктеу
- 9.2.1.4 уақытқа тәуелділік графиктерінен орын ауыстыру, жылдамдық, үдеуді анықтау
- 9.2.1.5 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану
- 9.2.1.6 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану
- 9.2.1.7 тең үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау
- 9.2.1.8 тең үдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру
- 9.2.1.9 еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану
- 9.2.1.10 теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау
- 9.2.1.11 горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау
- 9.2.1.12 горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу
- 9.2.1.13 дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау
- 9.2.1.14 сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану
- 9.2.1.15 центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану
2.2 Динамика негіздері
- 9.2.2.1 инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру
- 9.2.2.2 Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
- 9.2.2.3 ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру
- 9.2.2.4 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
- 9.2.2.5 Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
- 9.2.2.6 бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
- 9.2.2.7 ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру
- 9.2.2.8 тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау
- 9.2.2.9 бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
- 9.2.2.10 үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау
- 9.2.2.11 салмақсыздық күйді түсіндіру
2.3 Сақталу заңдары
- 9.2.3.1 дене импульсі мен күш импульсін ажырату
- 9.2.3.2 импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
- 9.2.3.3 табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру
- 9.2.3.4 Байқоныр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру
- 9.2.3.5 механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілмен анықтау
- 9.2.3.6 жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру
- 9.2.3.7 энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
2.5 Тербелістер мен толқындар
- 9.2.5.1 еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру
- 9.2.5.2 эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау
- 9.2.5.3 формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау
- 9.2.5.4 тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау
- 9.2.5.5 гармоникалық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу
- 9.2.5.6 әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру
- 9.2.5.7 маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу
- 9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау
- 9.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау
- 9.2.5.10 еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау
- 9.2.5.11 резонанс құбылысын сипаттау
- 9.2.5.12 толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану
- 9.2.5.13 көлденең және бойлық толқындарды салыстыру
- 9.2.5.14 су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау
- 9.2.5.15 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау
- 9.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру
- 9.2.5.17 резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру
- 9.2.5.18 жаңғырық-тың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау
- 9.2.5.19 табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру
4-бөлім. Электр және магнетизм
4.4 Электромагниттік толқындар және тербеліс
- 9.4.4.1 тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалы сипаттау
- 9.4.4.2 механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру
- 9.4.4.3 электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру
- 9.4.4.4 шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру
6-бөлім. Кванттық физика элементтері
- 9.6.1.1 сәулелік энергияның температураға тәуелділігін сипаттау
- 9.6.1.2 Планк формуласын есептер шығаруда қолдану
- 9.6.1.3 фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру
- 9.6.1.4 фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану
- 9.6.1.5 рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру
- 9.6.1.6 рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру
- 9.6.1.7 a-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау
- 9.6.1.8 ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау
- 9.6.1.9 атом ядросының масса ақауын анықтау
- 9.6.1.10 атом ядросының байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану
- 9.6.1.11 ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану
- 9.6.2.1 a, b және g - сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру
- 9.6.2.2 радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру
- 9.6.2.3 радиоактивті ыдырау заңын есептер шығаруда қолдану
- 9.6.2.4 тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау
- 9.6.2.5 ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау
- 9.6.2.6 ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру
- 9.6.2.7 радиоактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру
- 9.6.2.8 радиациядан қорғану әдістерін сипаттау
- 9.6.2.9 элементар бөлшектерді жіктеу
7-бөлім. Астрономия негіздері
7.2 Астро-физика Элементтері
- 9.7.2.1 абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату
- 9.7.2.2 жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды атау
- 9.7.2.3 аспан сферасының негізгі элементтерін атау
- 9.7.2.4 жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау
- 9.7.2.5 әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау айырмашылығын түсіндіру
- 9.7.2.6 жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты сәйкестендіру
- 9.7.2.7 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру
- 9.7.2.8 Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығы мен өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру
8-бөлім. Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі
8.1 Физиканың дүниетанымдық мәні
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Кинематика негіздері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Механикалық қозғалыс | 9.2.1.1 |
| Векторлар және оларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары | 9.2.1.2, 9.2.1.3 |
| Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу | 9.2.1.4 |
| Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру | 9.2.1.5, 9.2.1.6 |
| № 1‑зертханалық жұмыс. "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау" | 9.2.1.7, 9.1.3.2, 9.2.1.8 |
| Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi | 9.2.1.9 |
| № 2‑зертханалық жұмыс. "Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу" | 9.2.1.10, 9.2.1.11, 9.2.1.12 |
| Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар | 9.2.1.13, 9.2.1.14 |
| Центрге тартқыш үдеу | 9.2.1.15 |
Астрономия негіздері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жұлдызды аспан | 9.7.2.1, 9.7.2.2 |
| Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі | 9.7.2.3, 9.7.2.4 |
| Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт | 9.7.2.5, 9.7.2.6 |
| Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары | 9.7.2.7 |
| Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау | 9.7.2.8 |
2-тоқсан
Динамика негіздері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi | 9.2.2.1, 9.2.2.2 |
| Механикадағы күштер | 9.2.2.3 |
| Ньютонның екiншi заңы, масса | 9.2.2.4 |
| Ньютонның үшінші заңы | 9.2.2.5 |
| Бүкiләлемдiк тартылыс заңы | 9.2.2.6 |
| Дененің салмағы, салмақсыздық | 9.2.2.10, 9.2.2.11 |
| Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы | 9.2.2.9, 9.2.2.7, 9.2.2.8 |
3-тоқсан
Сақталу заңдары
Тербелістер және толқындар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тербелмелі қозғалыс | 9.2.5.1, 9.2.5.2, 9.2.5.3 |
| Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі | 9.2.5.4, 9.2.5.5 |
| Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері | 9.2.5.6, 9.2.5.7 |
| № 3‑зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау" | 9.2.5.8, 9.2.5.9, 9.1.3.1 |
| Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс | 9.2.5.10, 9.2.5.11 |
| Еркін электромагнитік тербелістер | 9.4.4.1 |
| Толқындық қозғалыс | 9.2.5.12, 9.2.5.13 |
| №4‑зертханалық жұмыс. "Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау" | 9.2.5.14 |
| Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық | 9.2.5.15, 9.2.5.16, 9.2.5.17, 9.2.5.18, 9.2.5.19 |
| Электромагниттік толқындар Электромагниттік толқындар шкаласы | 9.4.4.2, 9.4.4.3, 9.4.4.4 |
4-тоқсан
Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар
Атом ядросы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер. Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы | 9.6.1.8, 9.6.1.9, 9.6.1.10 |
| Ядролық реакциялар. Радиоактивті ыдырау заңы | 9.6.1.11, 9.6.2.2, 9.6.2.3 |
| Ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция. Ядролық реакторлар | 9.6.2.4, 9.6.2.5 |
| Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану | 9.6.2.6, 9.6.2.7, 9.6.2.8 |
| Элементар бөлшектер | 9.6.2.9 |
Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі
Басқа сыныптар
- Физика, 7-сынып
- Физика, 8-сынып
- Физика, 9-сынып
- Физика, 10-сынып
- Физика, 11-сынып