Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Физика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

Бөлімсіз

  • 11.4.1.1 экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу
  • 11.4.2.1 еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау
  • 11.4.2.2 механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықтарды сәйкестендіру
  • 11.4.3.1 генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу
  • 11.4.3.2 физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен элерктр қозғаушы күші максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау
  • 11.4.3.3 резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына саласына мысал келтіру
  • 11.4.3.4 Резонанстық жиілікті есептеу
  • 11.4.3.5 электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру
  • 11.4.3.6 трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау
  • 11.4.3.7 Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
  • 11.5.1.1 электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау
  • 11.5.1.2 жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекциясын сипаттау
  • 11.5.1.3 радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру
  • 11.5.1.4 аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру
  • 11.5.1.5 байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну
  • 11.6.1.1 жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін түсіндіру
  • 11.6.1.2 дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану
  • 11.6.1.3 жарықтың интерференциясы, дифракция және поляризация құбылыстарын талдау арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын тәжірибелік түрде дәлелдеу
  • 11.6.2.1 шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау
  • 11.6.2.2 жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру
  • 11.6.2.3 телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру
  • 11.7.1.1 электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру(элементар бөлшектердің толқындық табиғаты)
  • 11.7.1.2 спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау
  • 11.7.1.3 электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажырату
  • 11.7.1.4 фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру
  • 11.7.1.5 фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау
  • 11.7.1.6 компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру
  • 11.7.1.7 лазер құрылғысының әсері мен қолданылуын түсіндіру
  • 11.7.1.8 голографияның даму кезеңдерін талқылау
  • 11.7.2.1 радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру
  • 11.7.2.2 графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау периодын анықтау
  • 11.7.2.3 ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану
  • 11.7.2.4 радиоактивті сәулелердің иондалу және өтімділік қабілеттерін түсіндіру
  • 11.7.2.5 радиоактивті материалдарды өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттау
  • 11.7.2.6 ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау
  • 11.7.2.7 ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау
  • 11.8.1.1 наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын, қолдануын түсіндіру
  • 11.9.1.1 жұлдыздардың жырақтылығы бойынша жіктелетінін, көрінерлік жұлдыздық шамамен және абсолют жұлдыздық шамамен сипатталатынын түсіндіру
  • 11.9.1.2 Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану
  • 11.9.1.3 қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау
  • 11.9.1.4 ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын "жаңа тәсілдерді" әдісін пайдалануды сипаттау
  • 11.9.1.5 Әлемнің ұлғаюы мен күңгірт энергия туралы пікірталасты талқылау
  • 11.9.1.6 берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып әлемнің ұлғаюы туралы болжамды талқылау
  • 11.9.1.7 Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу
  • 11.9.1.8 микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Механикалық тербелістер

Тақырып Оқу мақсаттары
Гармоникалық тербелістер 11.4.1.1

Электромагниттік тербелістер

Тақырып Оқу мақсаттары
Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер 11.4.2.1, 11.4.2.2

Айнымалы ток

Тақырып Оқу мақсаттары
Айнымалы ток генераторы 11.4.3.1
Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток 11.4.3.2
Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс 11.4.3.3, 11.4.3.4
Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор 11.4.3.5
№ 1 Зертханалық жұмыс: "Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау" 11.4.3.6
Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану 11.4.3.7

2-тоқсан

Электромагниттік толқындар

Тақырып Оқу мақсаттары
Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы 11.5.1.1
Радиобайланыс 11.5.1.2, 11.5.1.3
Аналогты-сандық түрлендірулер. Байланыс арналары 11.5.1.4
Байланыс құралдары 11.5.1.5

Толқындық оптика

Тақырып Оқу мақсаттары
Жарықтың интерференциясы Жарықтың дифракциясы 11.6.1.1
Дифракциялық торлар № 2 Зертханалық жұмыс: "Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау" 11.6.1.2
Жарықтың поляризациясы. № 3 Зертханалық жұмыс: "Жарықтың поляризациясын бақылау" 11.6.1.3

Геометриялық оптика

Тақырып Оқу мақсаттары
Геометриялық оптика заңдары № 4 Зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткішін анықтау 11.6.2.1, 11.6.2.2
Оптикалық құралдар 11.6.2.3

3-тоқсан

Кванттық физика

Тақырып Оқу мақсаттары
Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы 11.7.1.1
Спектрлік талдау 11.7.1.2
Электромагниттік сәулелену шкаласы 11.7.1.3
Фотоэффектіні қолдану 11.7.1.4
Жарықтың химиялық әсері 11.7.1.5
Рентгендік сәулелену 11.7.1.6
Лазерлер 11.7.1.7, 11.7.1.8

Атом ядросының физикасы

Тақырып Оқу мақсаттары
Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы 11.7.2.1
№5 Зертханалық жұмыс: "Жартылай ыдырау периодын анықтау" 11.7.2.2
Ядролық реакциялар. Ауыр ядролардық бөлінуі. Тізбекті ядролық реакция 11.7.2.3
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану 11.7.2.4, 11.7.2.5
Ядролық реактор. Ядролық энергетика 11.7.2.6, 11.7.2.7

Нанотехнология және наноматериалдар

Тақырып Оқу мақсаттары
Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, наноматериалдарды дамытудың проблемалары және келешегі 11.8.1.1

4-тоқсан

Космология

Тақырып Оқу мақсаттары
Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздық шамалар 11.9.1.1
Жұлдыздардың классификациясы 11.9.1.2, 11.9.1.3
Қашықтықты анықтау 11.9.1.4
Күңгірт энергия. Әлемнің үдеуі мен ұлғаюы 11.9.1.5, 11.9.1.6
Үлкен жарылыс теориясы. Қызыл ығысу 11.9.1.7, 11.9.1.8
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 11-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.