Оқу бағдарламалары
Физика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 8‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
8‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Физикалық шамалар мен өлшеулер
1.3 Физикалық өлшеулер
- 8.1.3.1 эксперименттен деректерін жинақтау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу
- 8.1.3.2 тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау
- 8.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
3-бөлім. Жылу физикасы
3.1 Молекула лы- кинетикалық теория негіздері
- 8.3.1.1 молекулалы- кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
- 8.3.1.2 температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу
- 8.3.1.3 температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау
- 8.3.1.4 молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау
- 8.3.1.5 молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау
3.2 Термодинамика негіздері
- 8.3.2.1 дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау
- 8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру
- 8.3.2.3 техникада және тұрмыста жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру
- 8.3.2.4 әртүрлі температураға тірі ағзалардың бейімделуі (мысалдар келтіру)
- 8.3.2.5 жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау
- 8.3.2.6 заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру
- 8.3.2.7 отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
- 8.3.2.8 жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу
- 8.3.2.9 жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану
- 8.3.2.10 балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану
- 8.3.2.11 заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау
- 8.3.2.12 эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау
- 8.3.2.13 булану және конденсациялану кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау
- 8.3.2.14 су буының мысалында қанығу күйін сипаттау
- 8.3.2.15 меншікті булану жылуын анықтау
- 8.3.2.16 қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру
- 8.3.2.17 термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру
- 8.3.2.18 термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру
- 8.3.2.19 жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- 8.3.2.20 іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін түсіну және сипаттау
- 8.3.2.21 жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну
- 8.3.2.22 жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау
- 8.3.2.23 жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау
4-бөлім. Электр және магнетизм
4.1 Электро статика негіздері
- 8.4.1.1 электр зарядын сипаттау
- 8.4.1.2 үйкеліс арқылы денені электрлендіру және индукция құбылысын түсіндіру
- 8.4.1.3 электрленудің оң және теріс әсерлеріне мысалдар келтіру
- 8.4.1.4 электр зарядының сақталу заңын түсіндіру
- 8.4.1.5 Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
- 8.4.1.6 электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру
- 8.4.1.7 біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу
- 8.4.1.8 электр өрісін күш сызықтар арқылы графиктік кескіндеу
- 8.4.1.9 потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру
- 8.4.1.10 конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау
4.2 Электр тогы
- 8.4.2.1 электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру
- 8.4.2.2 электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану
- 8.4.2.3 кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру
- 8.4.2.4 электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау
- 8.4.2.5 тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру
- 8.4.2.6 тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану
- 8.4.2.7 кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіну
- 8.4.2.8 есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану
- 8.4.2.9 өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау
- 8.4.2.10 өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау
- 8.4.2.11 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу
- 8.4.2.12 жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
- 8.4.2.13 Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану
- 8.4.2.14 эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау
- 8.4.2.15 кВтсағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практикалық есептеулермен алу
- 8.4.2.16 металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау
- 8.4.2.17 қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру
- 8.4.2.18 сұйықтардағы электр тогын сипаттау
4.3 Магнит өрісі
- 8.4.3.1 магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық бейнелеу
- 8.4.3.2 магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру
- 8.4.3.3 тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасында магнит өрісі сызықтарының бағытын анықтау
- 8.4.3.4 жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру
- 8.4.3.5 магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау
- 8.4.3.6 электр қозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру
- 8.4.3.7 электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру
- 8.4.3.8 Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру
5-бөлім. Геометриялық оптика
5.1 Геометрия лық оптика заңдары
- 8.5.1.1 Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу
- 8.5.1.2 эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау
- 8.5.1.3 айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру
- 8.5.1.4 жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау
- 8.5.1.5 дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау
- 8.5.1.6 жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу
- 8.5.1.7 жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару
- 8.5.1.8 тәжірибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру
- 8.5.1.9 экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау
- 8.5.1.10 сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау
- 8.5.1.11 жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану
- 8.5.1.12 линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану
- 8.5.1.13 жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру
- 8.5.1.14 жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау
- 8.5.1.15 көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
- 8.5.1.16 қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, Обскура камерасы) құрастыру
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Жылу құбылыстары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия | 8.3.1.1 |
| Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары | 8.3.1.3, 8.3.1.2 |
| Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi | 8.3.2.1 |
| Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару | 8.3.2.2 |
| Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу | 8.3.2.3 |
| Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі | 8.3.2.4 |
| Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы | 8.3.2.5, 8.3.2.6 |
| Отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуы | 8.3.2.7 |
| № 1‑зертханалық жұмыс. "Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру" | 8.3.2.8, 8.1.3.2, 8.1.3.3 |
| Жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы | 8.3.2.9 |
Заттың агрегаттық күйлері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы | 8.3.1.4, 8.3.2.10, 8.3.2.11 |
| № 2‑зертханалық жұмыс. "Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау" | 8.3.2.12, 8.1.3.3 |
| Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар | 8.3.1.5, 8.3.2.13, 8.3.2.14 |
| Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау | 8.3.2.15, 8.3.2.16 |
2-тоқсан
Термодинамика негiздерi
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы | 8.3.2.17 |
| Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы | 8.3.2.18 |
| Жылу қозғалтқыштары | 8.3.2.22, 8.3.2.20 |
| Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті | 8.3.2.19, 8.3.2.21 |
| Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер | 8.3.2.23 |
Электростатика негіздері
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер | 8.4.1.1, 8.4.1.2, 8.4.1.3 |
| Электр зарядының сақталу заңы,қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды | 8.4.1.4, 8.4.1.5 |
| Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі | 8.4.1.6, 8.4.1.7, 8.4.1.8 |
| Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор | 8.4.1.9, 8.4.1.10 |
3-тоқсан
Тұрақты электр тогы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Электр тогы, электр тогы көздері | 8.4.2.1 |
| Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу | 8.4.2.2, 8.4.2.3 |
| № 3‑зертханалық жұмыс. "Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу" | 8.4.2.4, 8.1.3.3 |
| № 4‑зертханалық жұмыс. "Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу" | 8.4.2.5, 8.1.3.1 |
| Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы | 8.4.2.6 |
| Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат | 8.4.2.7, 8.4.2.8 |
| № 5‑зертханалық жұмыс. "Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу" | 8.4.2.9, 8.1.3.3 |
| № 6‑зертханалық жұмыс. "Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу" | 8.4.2.10, 8.1.3.3 |
| Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу | 8.4.2.11 |
| Электр тогының жұмысы мен қуаты | 8.4.2.12 |
| Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы | 8.4.2.13 |
| № 7‑зертханалық жұмыс. "Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау" | 8.4.2.14, 8.4.2.15, 8.1.3.3 |
| Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік | 8.4.2.16 |
| Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар | 8.4.2.17 |
| Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы) | 8.4.2.18 |
Электромагниттік құбылыстар
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Тұрақты магниттер, магнит өрiсi. № 8‑зертханалық жұмыс. "Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу" | 8.4.3.1, 8.1.3.3 |
| Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Тогы бар шарғының магнит өрiсi | 8.4.3.2, 8.4.3.3 |
| Электромагниттер және оларды қолдану. № 9‑зертханалық жұмыс. "Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау" | 8.4.3.4, 8.1.3.3 |
| Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш, электр өлшеуіш құралдар | 8.4.3.5, 8.4.3.6 |
| Электромагниттiк индукция, генераторлар | 8.4.3.7, 8.4.3.8 |
4-тоқсан
Жарық құбылыстары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жарықтың түзу сызықты таралу заңы | 8.5.1.1 |
| Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар | 8.5.1.2, 8.5.1.3, 8.5.1.4 |
| Сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу | 8.5.1.5 |
| Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу | 8.5.1.6, 8.5.1.7, 8.5.1.8 |
| № 10‑зертханалық жұмыс. "Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау" | 8.5.1.9, 8.5.1.10 |
| Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу | 8.5.1.11, 8.5.1.12, 8.5.1.13 |
| № 11‑зертханалық жұмыс. "Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау" | 8.5.1.14, 8.1.3.3 |
| Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері | 8.5.1.15 |
| Оптикалық аспаптар | 8.5.1.16 |
Басқа сыныптар
- Физика, 7-сынып
- Физика, 8-сынып
- Физика, 9-сынып
- Физика, 10-сынып
- Физика, 11-сынып