Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Физика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Физикалық шамалар мен өлшеулер

1.1 Физика –табиғат туралы ғылым

  • 7.1.1.1 физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
  • 7.1.1.2 табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату

1.2 Физикалық шамалар

  • 7.1.2.1 физикалық шамаларды олардың Халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
  • 7.1.2.2 скаляр және векторлық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру
  • 7.1.2.3 үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану, санды: стандартты түрде жазу

1.3 Физикалық өлшеулер

  • 7.1.3.1 дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу
  • 7.1.3.2 кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау
  • 7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

2-бөлім. Механика

2.1 Кинематика негіздері

  • 7.2.1.1 келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру - материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
  • 7.2.1.2 механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
  • 7.2.1.3 түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты және бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
  • 7.2.1.4 қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу
  • 7.2.1.5 s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координата осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу
  • 7.2.1.6 дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дененің тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын
  • 7.2.1.7 бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау

2.2 Динамика негіздері

  • 7.2.2.1 инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
  • 7.2.2.2 күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
  • 7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
  • 7.2.2.4 серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау
  • 7.2.2.5 Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
  • 7.2.2.6 тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау
  • 7.2.2.7 үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру
  • 7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету
  • 7.2.2.9 денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
  • 7.2.2.10 масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
  • 7.2.2.11 электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу
  • 7.2.2.12 әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді(мензурка) қолдану
  • 7.2.2.13 тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру
  • 7.2.2.14 сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау
  • 7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану

2.3 Сақталу заңдары

  • 7.2.3.1 механикалық жұмыс деген физикалық ұғымның мағынасын түсіндіру
  • 7.2.3.2 механикалық энергияның екі түрін ажырату
  • 7.2.3.3 кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану
  • 7.2.3.4 жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану
  • 7.2.3.5 энергияның түрленуіне мысалдар келтіру
  • 7.2.3.6 механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
  • 7.2.3.7 қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
  • 7.2.3.8 механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану

2.4 Статика

  • 7.2.4.1 "Механиканың алтын ережесін" тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру
  • 7.2.4.2 күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
  • 7.2.4.3 жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау
  • 7.2.4.4 тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
  • 7.2.4.5 тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
  • 7.2.4.6 көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде анықтау

3-бөлім. Жылу физикасы

3.1 Молекула лы- кинетикалық теория негіздері

  • 7.3.1.1 заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау
  • 7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау
  • 7.3.1.3 есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану
  • 7.3.1.4 газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру
  • 7.3.1.5 сұйықтықтағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
  • 7.3.1.6 қатынас ыдыстардың қолданылуына мысалдар келтіру
  • 7.3.1.7 гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау
  • 7.3.1.8 гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу
  • 7.3.1.9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
  • 7.3.1.10 манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау
  • 7.3.1.11 кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу
  • 7.3.1.12 сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру
  • 7.3.1.13 есептер шығару кезінде Архимед заңын қолдану
  • 7.3.1.14 дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу

7-бөлім. Астрономия негіздері

7.1 Жер және Ғарыш

  • 7.7.1.1 геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру
  • 7.7.1.2 Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
  • 7.7.1.3 жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуын және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Физика – табиғат туралы ғылым

Тақырып Оқу мақсаттары
Физика – табиғат туралы ғылым 7.1.1.1
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері 7.1.1.2

Физикалық шамалар мен өлшеулер

Тақырып Оқу мақсаттары
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) 7.1.2.1
Скаляр және векторлық физикалық шамалар 7.1.2.2
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу. №1‑зертханалық жұмыс. "Кішкентай денелердің өлшемін анықтау" №2‑зертханалық жұмыс. "Физикалық шамаларды өлшеу" 7.1.2.3, 7.1.3.1, 7.1.3.2, 7.1.3.3

Механикалық қозғалыс

Тақырып Оқу мақсаттары
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы Санақ жүйесі 7.2.1.1
Қозғалыстың салыстырмалылығы 7.2.1.2
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар 7.2.1.3
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу 7.2.1.4
Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері 7.2.1.5, 7.2.1.6, 7.2.1.7

2-тоқсан

Тығыздық

Тақырып Оқу мақсаттары
Масса және денелердің массасын өлшеу 7.2.2.11
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу 7.2.2.12
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. №3‑зертханалық жұмыс. "Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау" 7.2.2.13, 7.2.2.14, 7.1.3.3
Тығыздықты есептеу 7.2.2.15

Денелердің өзара әрекеттесуі

Тақырып Оқу мақсаттары
Инерция құбылысы 7.2.2.1
Күш 7.2.2.2
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ 7.2.2.10
№4‑зертханалық жұмыс. "Серпімді деформацияларды зерделеу" 7.2.2.4, 7.1.3.3
Деформация 7.2.2.3
Серпімділік күші, Гук заңы 7.2.2.5
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру №5‑зертханалық жұмыс. "Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу" 7.2.2.6, 7.2.2.7
Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу 7.2.2.8, 7.2.2.9

3-тоқсан

Қысым

Тақырып Оқу мақсаттары
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы 7.3.1.1
Қатты денелердегі қысым 7.3.1.2, 7.3.1.3
Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы 7.3.1.4, 7.3.1.5
Қатынас ыдыстар 7.3.1.6
Гидравликалық машиналар 7.3.1.7, 7.3.1.8
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу 7.3.1.9
Манометрлер. Сорғылар 7.3.1.10
№ 6‑зертханалық жұмыс. "Архимед заңын зерделеу" 7.3.1.11, 7.1.3.3
Кері итеруші күш 7.3.1.12, 7.3.1.13
№ 7‑зертханалық жұмыс. "Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау" 7.3.1.14, 7.1.3.3

Жұмыс және қуат

Тақырып Оқу мақсаттары
Механикалық жұмыс Қуат 7.2.3.1, 7.2.3.7, 7.2.3.8

4-тоқсан

Энергия

Тақырып Оқу мақсаттары
Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия 7.2.3.2, 7.2.3.3, 7.2.3.4
Энергияның сақталуы және айналуы 7.2.3.5, 7.2.3.6

Күш моменті

Тақырып Оқу мақсаттары
Жай механизмдер 7.2.4.1, 7.2.4.2
Дененің массалық центрі №8‑зертханалық жұмыс. "Жазық фигураның массалар центрін анықтау" 7.2.4.3
№9‑зертханалық жұмыс. "Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау" 7.2.4.5, 7.1.3.3
Иіндіктің тепе-теңдік шарты 7.2.4.4
Пайдалы әрекет коэффициенті. №10‑зертханалық жұмыс. "Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау" 7.2.4.6, 7.1.3.3

Жер және Ғарыш

Тақырып Оқу мақсаттары
Аспан денелері туралы ғылым 7.7.1.1
Күн жүйесі 7.7.1.2
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл) 7.7.1.3
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 7-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.