Оқу бағдарламалары
Физика пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 10‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
10‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
Бөлімсіз
- 10.1.1.1 кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу
- 10.1.1.2 жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру
- 10.1.1.3 қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау
- 10.1.2.1 Ньютон заңдарын түсіну және теңәрекетті күшті табу
- 10.1.2.2 бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау
- 10.1.2.3 көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау
- 10.1.3.1 абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау
- 10.1.3.2 Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы
- 10.1.3.3 гидростатикалық қысым терминін түсіндіру
- 10.1.4.1 сақталу заңдарын түсіндіру
- 10.1.5.1 сұйықтар мен газдардың ағыстарын сипаттау
- 10.1.5.2 тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескереру
- 10.1.5.3 эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну
- 10.2.1.1 молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттау
- 10.2.1.2 қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау
- 10.2.1.3 кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату
- 10.2.2.1 идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газдардың процестерінің графиктерін ажырату
- 10.2.3.1 термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру
- 10.2.3.2 жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау
- 10.2.4.1 ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
- 10.2.4.2 сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы
- 10.3.1.1 электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау
- 10.3.1.2 электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау
- 10.3.1.3 гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру
- 10.3.1.4 қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролі
- 10.3.2.1 ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергі ұғымын түсіну
- 10.3.2.2 сыртқы тізбектегі элерктр қозғаушы күші мен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну
- 10.3.2.3 толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну
- 10.3.2.4 тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу
- 10.3.3.1 әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру
- 10.3.3.2 электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтау
- 10.3.3.3 жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру
- 10.3.3.4 асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау
- 10.3.4.1 өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну
- 10.3.4.2 сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау
- 10.3.4.3 магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау
- 10.3.4.4 жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру
- 10.3.4.5 соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау
- 10.3.5.1 магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру
- 10.3.5.2 Ленц ережесін түсіндіру
- 10.3.5.3 электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну
- 10.3.5.4 магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Кинематика
Динамика
Статика және гидростатика
Сақталу заңдары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары | 10.1.4.1 |
Гидродинамика
2-тоқсан
Молекулалық физика
Газ заңдары
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Газ заңдары | 10.2.2.1 |
Термодинамика негiздерi
Сұйық және қатты денелер
3-тоқсан
Электростатика
Тұрақты ток
Әртүрлі ортадағы электр тогы
4-тоқсан
Магнит өрiсi
Электромагниттiк индукция
Басқа сыныптар
- Физика, 7-сынып
- Физика, 8-сынып
- Физика, 9-сынып
- Физика, 10-сынып
- Физика, 11-сынып