Оқу бағдарламалары
Жаратылыстану пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 6‑сынып
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
6‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Ғылым әлемі
1.1 Ғылымның рөлі
- 6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау
1.2 Зерттеу сұрағы
- 6.1.2.1 тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау
1.3 Зерттеуді жоспарлау
- 6.1.3.1 жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу
- 6.1.3.2 қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау
1.4 Деректерді жинау және жазу
- 6.1.4.1 Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану
1.5 Деректерді талдау
- 6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету
1.6 Қорытынды және талқылау
- 6.1.6.1 алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету
2-бөлім. Ғалам. Жер. Адам
2.1 Макро-және микроәлем
- 6.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау
2.2 Жер туралы жалпы мағлұматтар
- 6.2.2.1 жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру
- 6.2.2.2 жердің қасиеттерін түсіндіру
2.3 Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері
- 6.2.3.1 жердің сыртқы қабықтарының өзара байланысын түсіндіру
2.4 Жердегі тіршілік
- 6.2.4.1 жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру
- 6.2.4.2 адамның жердегі тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау
2.5 Жер бетін бейнелеу тәсілдері
- 6.2.5.1 географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу
- 6.2.5.2 шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу
- 6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу
- 6.2.5.4 географиялық координаттарды анықтау
- 6.2.5.5 сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау
2.6 Материктер мен мұхиттар
- 6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау
- 6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау
2.7 Халық географиясы
- 6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау
- 6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру
- 6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру
3-бөлім. Заттар және материалдар
3.1 Заттардың құрылысы мен қасиеттері
- 6.3.1.1 атомдар мен молекулаларды, жай және күрделі заттарды ажырату
- 6.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау
- 6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау
3.2 Заттардың жіктелуі
- 6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу
- 6.3.2.2 тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырату және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау
- 6.3.2.3 бейтараптану үдерісін түсіндіру
3.3 Заттардың түзілуі және алынуы
- 6.3.3.1 табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- 6.3.3.2 тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру
- 6.3.3.3 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың кен орындарын және қолдану салаларын анықтау
- 6.3.3.4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету
- 6.3.3.5 пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
4-бөлім. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
4.1 Өлі табиғаттағы үдерістер
- 6.4.1.1 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (тау түзілу, үгілу, заттардың табиғаттағы айналымы)
- 6.4.1.2 табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру
4.2 Тірі табиғаттағы үдерістер
- 6.4.2.1 жасуша компоненттерін анықтау
- 6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру
- 6.4.2.3 ағзалардың қоректену типтерін ажырату
- 6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру
- 6.4.2.5 азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеу
- 6.4.2.6 ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу
- 6.4.2.7 тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу
- 6.4.2.8 ағзадағы бөлініп шығатын өнімдерді атау
- 6.4.2.9 тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу
5-бөлім. Энергия және қозғалыс
5.1 Энергия түрлері мен көздері
- 6.5.1.1 энергия көздерін атау
- 6.5.1.2 энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру
- 6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау
- 6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу
- 6.5.1.5 энергияны алудың балама көздерін ұсыну
5.2 Қозғалыс
- 6.5.2.1 қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру
- 6.5.2.2 қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу
- 6.5.2.3 адам қаңқасының құрылысын сипаттау
- 6.5.2.4 бұлшық еттің құрылысын сипаттау
- 6.5.2.5 тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіру
- 6.5.2.6 атмосфералық қысымды өлшеу және оның мәнін түсіндіру
6-бөлім. Экология және тұрақты даму
6.1 Экожүйелер
- 6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын графикалық түрде көрсету және түсіндіру
- 6.6.1.2 экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіру
- 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру
6.2 Тірі ағзалардың сан алуандығы
- 6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану
- 6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу
6.3 Табиғатты қорғау
- 6.6.3.1 өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау
- 6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
7-бөлім. Әлемді өзгертетін жаңалықтар
7.1 Әлемді өзгертетін жаңалықтар
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
6.1 Ғылым әлемі
6.1 Адам. Жер. Ғалам
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Макро- және микроәлем | 6.2.1.1 |
| Жер туралы жалпы мағлұматтар | 6.2.2.1, 6.2.2.2 |
| Жер өрістері және олардың құрамдас бөліктері | 6.2.3.1 |
| Жердегі тіршілік | 6.2.4.1, 6.2.4.2 |
| Жер бетін бейнелеу тәсілдері | 6.2.5.1, 6.2.5.2, 6.2.5.3, 6.2.5.4, 6.2.5.5 |
| Материктер мен мұхиттар | 6.2.6.1, 6.2.6.2 |
| Халық географиясы | 6.2.7.1, 6.2.7.2, 6.2.7.3 |