Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Жаратылыстану пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 2‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

2‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Мен зерттеушімін

1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

  • 2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау

1.2 Табиғатты тану әдістері

  • 2.1.2.1 "ақпарат көзі" ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру
  • 2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже)
  • 2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу
  • 2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру
  • 2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау
  • 2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже)
  • 2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

2-бөлім. Жанды табиғат

2.1 Өсімдіктер

  • 2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу
  • 2.2.1.2 өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау
  • 2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау
  • 2.2.1.4 өсімдік топтарын тіршілік ортасына және қоршаған ортаның жағдайларына (ылғал) бейімделу жолдары бойынша салыстыру
  • 2.2.1.5 өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау
  • 2.2.1.6 топырақты күтудің маңызын түсіндіру
  • 2.2.1.7 өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру

2.2 Жануарлар

  • 2.2.2.1 жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер
  • 2.2.2.2 жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау
  • 2.2.2.3 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру
  • 2.2.2.4 жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

2.3 Адам

  • 2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау
  • 2.2.3.2 дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
  • 2.2.3.3 бұлшықеттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру
  • 2.2.3.4 денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау
  • 2.2.3.5 тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау

3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері

3.2 Ауа

  • 2.3.2.1 біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру
  • 2.3.2.2 ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі)
  • 2.3.2.3 ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылуөткізгіштігін зерттеу

3.3 Су

  • 2.3.3.1 судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы)
  • 2.3.3.2 судың агрегаттық күйінің өзгеру процесін зерттеу
  • 2.3.3.3 судың табиғи көздерін анықтау

3.4 Табиғат ресурстары

  • 2.3.4.1 табиғат ресурстарының қолданысын анықтау
  • 2.3.4.2 табиғат ресурстарын шығу тегі бойынша жіктеу

4-бөлім. Жер және ғарыш

4.1 Жер

  • 2.4.1.1 Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру
  • 2.4.1.2 Жердің табиғи серігін анықтау

4.2 Ғарыш

  • 2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау
  • 2.4.2.2 Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру

4.3 Кеңістік және уақыт

  • 2.4.3.1 негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату
  • 2.4.3.2 ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру

5-бөлім. Табиғат физикасы

5.1 Күш және қозғалыс

  • 2.5.1.1 түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру
  • 2.5.1.2 жылдамдықты түсіндіруде оның сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу)
  • 2.5.1.3 қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу
  • 2.5.1.4 массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау және пайдалану

5.2 Жарық

  • 2.5.2.1 кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу

5.3 Дыбыс

  • 2.5.3.1 дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу

5.4 Жылу

  • 2.5.4.1 түрлі денелердің температурасын өлшеу

5.6 Магниттілік

  • 2.5.6.1 магниттерді қолдану аясын сипаттау

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі 2.1.1.1
1.2 Табиғатты тану әдістері 2.1.2.1, 2.1.2.2, 2.1.2.3, 2.1.2.4, 2.1.2.5, 2.1.2.6, 2.1.2.7

2 Жанды табиғат

Тақырып Оқу мақсаттары
2.1 Өсімдіктер 2.2.1.1, 2.2.1.2, 2.2.1.3, 2.2.1.4, 2.2.1.5, 2.2.1.6, 2.2.1.7
2.2 Жануарлар 2.2.2.1, 2.2.2.2, 2.2.2.3, 2.2.2.4

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 2.1.2.2, 2.1.2.3, 2.1.2.4, 2.1.2.5

2-тоқсан

2 Жанды табиғат

Тақырып Оқу мақсаттары
2.3 Адам 2.2.3.1, 2.2.3.2, 2.2.3.3, 2.2.3.4, 2.2.3.5

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 2.1.2.1, 2.1.2.2, 2.1.2.3, 2.1.2.4, 2.1.2.5, 2.1.2.6, 2.1.2.7

3 Заттар және олардың қасиеттері

Тақырып Оқу мақсаттары
3.2 Ауа 2.3.2.1, 2.3.2.2, 2.3.2.3
3.3 Су 2.3.3.1, 2.3.3.2, 2.3.3.3

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 2.1.2.1, 2.1.2.2, 2.1.2.3, 2.1.2.4, 2.1.2.5, 2.1.2.6, 2.1.2.7

3-тоқсан

3 Заттар және олардың қасиеттері

Тақырып Оқу мақсаттары
3.4 Табиғат ресурстары 2.3.4.1, 2.3.4.2

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 2.1.2.1, 2.1.2.2

4 Жер және ғарыш

Тақырып Оқу мақсаттары
4.1 Жер 2.4.1.1, 2.4.1.2
4.2 Ғарыш 2.4.2.1, 2.4.2.2
4.3 Кеңістік және уақыт 2.4.3.1, 2.4.3.2

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 2.1.2.1, 2.1.2.4, 2.1.2.5

5 Табиғат физикасы

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Күш және қозғалыс 2.5.1.1, 2.5.1.2, 2.5.1.3, 2.5.1.4

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 2.1.2.1, 2.1.2.5, 2.1.2.6

4-тоқсан

5 Табиғат физикасы

Тақырып Оқу мақсаттары
5.2 Жарық 2.5.2.1
5.3 Дыбыс 2.5.3.1
5.4 Жылу 2.5.4.1
5.6 Магниттілік 2.5.6.1

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 2.1.2.1, 2.1.2.5, 2.1.2.6, 2.1.2.7

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.