Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат
Оқу мақсаттары
1‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Мен зерттеушімін
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
- 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, процестері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру
1.2 Табиғатты тану әдістері
2-бөлім. Жанды табиғат
2.1 Өсімдіктер
- 1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік формаларын анықтау
- 1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату
- 1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату
- 1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу
- 1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттау
2.2 Жануарлар
- 1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
- 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату
- 1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін түсіндіру
2.3 Адам
- 1.2.3.1 адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау
- 1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау
- 1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау
4-бөлім. Жер және ғарыш
4.1 Жер
- 1.4.1.1 Жердің пішінін моделі негізінде анықтау
4.2 Ғарыш
- 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау
- 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау
4.3 Кеңістік және уақыт
5-бөлім. Табиғат физикасы
5.1 Күш және қозғалыс
- 1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалуына мысал келтіру
- 1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау
- 1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
5.2 Жарық
- 1.5.2.1 жарық пен қараңғыны салыстыру
- 1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату
- 1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау
5.3 Дыбыс
- 1.5.3.1 дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсіндіру
- 1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату
5.4 Жылу
- 1.5.4.1 жылыту құрылғыларын анықтау
5.5 Электрлік
- 1.5.5.1 адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
5.6 Магниттілік
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.