Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Жаратылыстану пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 3‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Оқу мақсаттары

3‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Мен зерттеушімін

1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

  • 3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу

1.2 Табиғатты тану әдістері

  • 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін, артықшылығы мен кемшілігін анықтау
  • 3.1.2.2 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес көрсету мен қорытынды жасау

2-бөлім. Жанды табиғат

2.1 Өсімдіктер

  • 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру
  • 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру
  • 3.2.1.3 адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру
  • 3.2.1.4 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау

2.2 Жануарлар

  • 3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу
  • 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату және өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
  • 3.2.2.3 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты түсіндіру
  • 3.2.2.4 жануарлар санының өзгеруін түсіндіру және осы өзгерістерге әсер ететін факторларды анықтау

2.3 Адам

  • 3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау
  • 3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау
  • 3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
  • 3.2.3.4 қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
  • 3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру

3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері

3.1 Заттардың типтері

  • 3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу

3.2 Ауа

  • 3.3.2.1 ауаның құрамы мен жануды қолдайтын қасиетін сипаттау

3.3 Су

  • 3.3.3.1 судың жанды ағзалар мен жансыз табиғатта кездесетінін түсіндіру және негізгі табиғи көздерін салыстыру
  • 3.3.3.2 судың тіршілік үшін маңыздылығын және тұщы суды үнемді пайдалану қажеттілігін түсіндіру
  • 3.3.3.3 суды тазартудың түрлі тәсілдерін түсіндіру және өз моделін ұсыну

3.4 Табиғат ресурстары

  • 3.3.4.1 топырақтың рөлін және негізгі қасиеттерін түсіндіру
  • 3.3.4.2 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа)

4-бөлім. Жер және ғарыш

4.1 Жер

  • 3.4.1.1 Жер сфераларының орналасу реттілігін түсіндіру және көрсету

4.2 Ғарыш

  • 3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелесу және маңыздылығын түсіндіру

4.3 Кеңістік және уақыт

  • 3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру

5-бөлім. Табиғат физикасы

5.1 Күш және қозғалыс

  • 3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру
  • 3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру
  • 3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру
  • 3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау

5.2 Жарық

  • 3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептерін түсіндіру және мысалдар келтіру
  • 3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру

5.3 Дыбыс

  • 3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру

5.5 Электрлік

  • 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау
  • 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің ұсыну
  • 3.5.5.3 электр энергиясын үнемді пайдалану керектігін түсіндіру

5.6 Магниттілік

  • 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі 3.1.1.1
1.2 Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1, 3.1.2.2

2 Жанды табиғат

Тақырып Оқу мақсаттары
2.1 Өсімдіктер 3.2.1.1, 3.2.1.2, 3.2.1.3, 3.2.1.4
2.2 Жануарлар 3.2.2.1, 3.2.2.2, 3.2.2.3, 3.2.2.4

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1, 3.1.2.2

2-тоқсан

2 Жанды табиғат

Тақырып Оқу мақсаттары
2.3 Адам 3.2.3.1, 3.2.3.2, 3.2.3.3, 3.2.3.4, 3.2.3.5

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1

3 Заттар және олардың қасиеттері

Тақырып Оқу мақсаттары
3.1 Заттардың типтері 3.3.1.1
3.2 Ауа 3.3.2.1
3.3 Су 3.3.3.1, 3.3.3.2, 3.3.3.3

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1, 3.1.2.2

3-тоқсан

3 Заттар және олардың қасиеттері

Тақырып Оқу мақсаттары
3.4 Табиғат ресурстары 3.3.4.1, 3.3.4.2

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1, 3.1.2.2

4 Жер және ғарыш

Тақырып Оқу мақсаттары
4.1 Жер 3.4.1.1
4.2 Ғарыш 3.4.2.1
4.3 Кеңістік және уақыт 3.4.3.1

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1

5 Табиғат физикасы

Тақырып Оқу мақсаттары
5.1 Күш және қозғалыс 3.5.1.1, 3.5.1.2, 3.5.1.3, 3.5.1.4

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1, 3.1.2.2

4-тоқсан

5 Табиғат физикасы

Тақырып Оқу мақсаттары
5.2 Жарық 3.5.2.1, 3.5.2.2
5.3 Дыбыс 3.5.3.1
5.5 Электрлік 3.5.5.1, 3.5.5.2, 3.5.5.3
5.6 Магниттілік 3.5.6.1

1 Мен зерттеушімін

Тақырып Оқу мақсаттары
1.2 Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1, 3.1.2.2

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.