Оқу бағдарламалары
Биология пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 11‑сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат
Оқу мақсаттары
11‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.
1-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері
1.2 Қоректену
- 11.1.2.1 хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
- 11.1.2.2 фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
- 11.1.2.3 фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
- 11.1.2.4 фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру
- 11.1.2.5 фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін салыстыру
1.3 Заттардың тасымалдануы
- 11.1.3.1 заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру
- 11.1.3.2 натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалды түсіндіру
- 11.1.3.3 түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасуша-лардың су потенциалын зерттеу
1.7 Координация және реттеу
- 11.1.7.1 биологиядағы басқару жүйесін сипаттау
- 11.1.7.2 гормондардың әрекет ету механизмін түсіндіру
- 11.1.7.3 өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсуді тездететін) әсер етуін зерттеу
2-бөлім. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму
2.1 Көбею
2.3 Өсу және даму
- 11.2.3.1 бағаналы жасуша-лардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру
2.4 Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық тары
- 11.2.4.1 мутациялардың ДНҚ репликациясы арасындағы байланысын табу
- 11.2.4.2 Халықаралық "Адам геномы" жобасының маңызын талқылау
3-бөлім. Ағза мен қоршаған орта
3.1 Биосфера, экожүйе, популяция
- 11.3.1.1 экожүйенің алуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысын орнату
- 11.3.1.2 өз аймағының экожүйесін статистикалық талдау әдістерін қолданып зерттеу
3.2 Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері
- 11.3.2.1 мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау
- 11.3.2.2 Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну
4-бөлім. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
4.1 Молекулалық биология және биохимия
- 11.4.1.1 антиген мен антидененің әрекеттесуін түсіндіру
- 11.4.1.2 фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру
- 11.4.1.3 нәруыз биосинтезі үдерісінің кезеңдерін сипаттау
- 11.4.1.4 генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру
4.2 Жасушалық биология
- 11.4.2.1 микрофотография қолданып жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау және сипаттау
- 11.4.2.2 жасушалардың компоненттерінің нақты мөлшерін анықтау
4.3 Биотехнология
- 11.4.3.1 грамм "оң" және грамм "теріс" бактерияларды зерттеу
- 11.4.3.2 рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру
- 11.4.3.3 ағзаларды клондау тәсілдерін түсіндіру
- 11.4.3.4 ферменттерді медицинада, өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігін талқылау
4.4 Биомедицина және биоинформатика
Ұзақ мерзімді жоспар
Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.
1-тоқсан
Молекулярлық биология және биохимия
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі | 11.4.1.1 |
| Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Ферментативті катализде белсенді орталықтың рөлі. Зертханалық жұмыс "Иммобилизациялаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу" | 11.4.1.2 |
| Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері | 11.4.1.3 |
| Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы | 11.4.1.4 |
Қоректену
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Зертханалық жұмыс "Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу" | 11.1.2.1 |
| Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану | 11.1.2.2 |
| Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі | 11.1.2.3 |
| Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы немесе жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура. Зертханалық жұмыс "Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу" | 11.1.2.4 |
| Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру | 11.1.2.5 |
2-тоқсан
Заттар тасымалы
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалдың механизмі | 11.1.3.1 |
| Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы | 11.1.3.2 |
| Су потенциалы. Зертханалық жұмыс "Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау" | 11.1.3.3 |
Координация және реттелу
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Биологиядағы басқару жүйесі. "Басқару жүйесі" ұғымы. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі | 11.1.7.1 |
| Гормондардың әсер ету механизмі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана - жасушаларға әсер ету механизмі | 11.1.7.2 |
| Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. Ауксин әсері. Зертханалық жұмыс "Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі" | 11.1.7.3 |
Көбею
3-тоқсан
Өсу және даму
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі | 11.2.3.1 |
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Жасушалық биология
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау. Зертханалық жұмыс "Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау" | 11.4.2.1 |
| Органелдердің сызықтық ұлғаюын есептеу. Оптикалық және электронды микроскоптардың үлкейту және айқындау мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтар | 11.4.2.2 |
Биотехнология
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері | 11.4.3.1 |
| "Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы" ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының алу тәсілдері. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы."Клондау" ұғымы | 11.4.3.2 |
| Ағзаларды клондау тәсілдері | 11.4.3.3 |
| Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы | 11.4.3.4 |
4-тоқсан
Биомедицина және биоинформатика
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері | 11.4.4.1 |
| "Биоинформатика" ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану | 11.4.4.2 |
| экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісі және оның маңызы. экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері | 11.4.4.3 |
| Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу | 11.4.4.4 |
Биосфера, экожүйе, популяция
| Тақырып | Оқу мақсаттары |
|---|---|
| Түрлердің биоалуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау | 11.3.1.1 |
| Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы. Зертханалық жұмыс "Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз аймағының экожүйесінің жағдайын анықтау" | 11.3.1.2 |
Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Басқа сыныптар
- Биология, 7-сынып
- Биология, 8-сынып
- Биология, 9-сынып
- Биология, 10-сынып
- Биология, 11-сынып