Мазмұнға өту
Оқу бағдарламалары

Биология пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы, 7‑сынып

Кодтары бар оқу мақсаттары және тоқсандар бойынша ұзақ мерзімді жоспар — № 399 бұйрықтың қолданыстағы редакциясынан. Әр мақсаттың өз сілтемесі бар: кодты әріптесіңізге жіберуге болады.

Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

Оқу мақсаттары

7‑сыныптың оқу мақсаттары бағдарламаның бөлімдері мен бөлімшелері бойынша. Мақсат коды — оған апаратын сілтеме.

1-бөлім. Тірі организмдердің көп түрлілігі, құрылымы мен қызметтері

1.1 Тірі ағзалар дың көптүрлілігі

  • 7.1.1.1 жүйелеудің маңызын түсіндіру
  • 7.1.1.2 жүйеленуде тірі ағзалардың орынын анықтау
  • 7.1.1.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының айырмашылық белгілерін сипаттау
  • 7.1.1.4 жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану

1.2 Қоректену

  • 7.1.2.1 жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау және құрылысы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру
  • 7.1.2.2 фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды зерттеу

1.3 Заттардың тасымалдануы

  • 7.1.3.1 тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру
  • 7.1.3.2 өсімдіктерде заттардың тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу
  • 7.1.3.3 сабақ пен тамырдың ішкі құрылысын зерттеу
  • 7.1.3.4 сабақ және тамырдың құрылысы мен қызметтерінің өзара байланысын сипаттау
  • 7.1.3.5 ксилема мен флоэма элементтерінің құрылысын салыстыру
  • 7.1.3.6 жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу

1.4 Тыныс алу

  • 7.1.4.1 тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын сипаттау
  • 7.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
  • 7.1.4.3 өсімдіктердің тыныс алу үдерісін зерттеу
  • 7.1.4.4 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру
  • 7.1.4.5 адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктерін танып білу
  • 7.1.4.6 тыныс алу мүшелерінің ауыруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын түсіндіру

1.5 Бөліп шығару

  • 7.1.5.1 ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттау
  • 7.1.5.2 өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу
  • 7.1.5.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру

1.6 Қозғалыс

  • 7.1.6.1 өсімдіктердің қозғалу себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизмдер, таксистер)
  • 7.1.6.2 жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін түсіндіру
  • 7.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау
  • 7.1.6.4 омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру

1.7 Координация және реттелу

  • 7.1.7.1 жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру
  • 7.1.7.2 жүйке жүйесінің қызметі мен құрылымдық компонентерін атау
  • 7.1.7.3 жүйке жасушасының құрылымдық бөліктерін анықтау
  • 7.1.7.4 орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін салыстыру
  • 7.1.7.5 рефлекстік доғаны зерттеу
  • 7.1.7.6 мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру
  • 7.1.7.7 вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау
  • 7.1.7.8 ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіру және тынығуы үшін ұйқының маңызын түсіндіру
  • 7.1.7.9 жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принциптерін түсіндіру
  • 7.1.7.10 жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіру

2-бөлім. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму

2.1 Көбею

  • 7.2.1.1 өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау
  • 7.2.1.2 өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру
  • 7.2.1.3 айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау
  • 7.2.1.4 гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау

2.2 Жасушалық айналым

  • 7.2.2.1 әртүрлі ағзалар түрлеріндегі хромосомалардың санын салыстыру
  • 7.2.2.2 сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосомалар сандарын атау

2.3 Өсу және даму

  • 7.2.3.1 ағзадардың өсу мен даму үдерістерін сипаттау
  • 7.2.3.2 өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу үдерісін зерттеу
  • 7.2.3.3 өсімдіктер мен жануарлардың онтогенез кезеңдерін ажырату
  • 7.2.3.4 жануарлардың онтогенезіндегі тура және түрленіп даму типтерін салыстыру

2.4 Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылық-тары

  • 7.2.4.1 адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу
  • 7.2.4.2 үздік және үздіксіз өзгергіштікті атау
  • 7.2.4.3 белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіру
  • 7.2.4.4 хромосомадағы генетикалық ақпарат ДНК-ның маңызын түсіндіру

3-бөлім. Ағза мен қоршаған орта

3.1 Биосфера, экожүйе, популяция

  • 7.3.1.1 жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
  • 7.3.1.2 табиғи қоректік тізбектерді салыстыру
  • 7.3.1.3 қоректік тізбекті және қоректік торларды құру
  • 7.3.1.4 экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау

3.2 Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері

  • 7.3.2.1 адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
  • 7.3.2.2 экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің шаруашылық салаларынан мысалдар келтіру
  • 7.3.2.3 Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктері мен жануарларын сипаттау
  • 7.3.2.4 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жергілікті өңірдің жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру

4-бөлім. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

4.1 Молекулалық биология мен биохимия

  • 7.4.1.1 судың қасиеті мен тірі ағзалар тіршілігі үшін маңызын сипаттау
  • 7.4.1.2 тірі ағзалар тіршілік әрекеті үшін микро-және макроэлементтердің ролін сипаттау
  • 7.4.1.3 азық-түліктер құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың бар болуын дәлелдеу
  • 7.4.1.4 өсімдіктер үшін минералдық тыңайтқыштар құрамындағы азот, калий және фосфордың маңызын оқып білу

4.2 Жасушалық биология

  • 7.4.2.1 жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымын түсіндіру
  • 7.4.2.2 жануарлар және өсімдіктер жасушаларын ажырату

4.3 Микробиология және биотехнология

  • 7.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау
  • 7.4.3.2 ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу
  • 7.4.3.3 антибиотиктер, антисептиктер мен залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау
  • 7.4.3.4 вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тоқсандар бойынша бөлімдер мен тақырыптар, оқу мақсаттарының кодтарымен. Код жоғарыдағы мақсат мәтініне апарады.

1-тоқсан

Экожүйелер

Тақырып Оқу мақсаттары
Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер). Зертханалық жұмыс "Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)" 7.3.1.1
Қоректік тізбектер және қоректік торлар. Модельдеу "Қоректік тізбек пен торды құру" 7.3.1.2, 7.3.1.3
Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы 7.3.1.4
Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор 7.3.2.1
Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері 7.3.2.2
Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары 7.3.2.3
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері 7.3.2.4

Тірі ағзаларды жүйелеу

Тақырып Оқу мақсаттары
Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы 7.1.1.1, 7.1.1.2
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер 7.1.1.3
Дихотомиялықәдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану 7.1.1.4

Жасушалық биология Су және органикалық заттар

Тақырып Оқу мақсаттары
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға 7.4.2.1, 7.4.2.2
Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі. Зертханалық жұмыс "Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу". Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы 7.4.1.1, 7.4.1.2
Азық-түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Зертханалық жұмыс "Азық-түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын зерттеу" 7.4.1.3
Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі жәнефосфорлы) 7.1.1.4

2-тоқсан

Заттардың тасымалдануы

Тақырып Оқу мақсаттары
Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі 7.1.3.1, 7.1.3.2
Сабақ және тамыр. Сабақтың ішкі құрылысы: қабық, камбий, сүрек, өзек. Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары. Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыс "Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу". Зертханалық жұмыс "Тамыр аймақтарын зерттеу" 7.1.3.3, 7.1.3.4
Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері 7.1.3.5
Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар 7.1.3.6

Тірі ағзалардың қоректенуі

Тақырып Оқу мақсаттары
Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы 7.1.2.1
Фотосинтезге қажетті жағдайлар. Зертханалық жұмыс "Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу" 7.1.2.2

Тыныс алу

Тақырып Оқу мақсаттары
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Анаэробты және аэробты тынысалуды салыстыру: оттегінің қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс, жылықанды/суыққанды жануарлар 7.1.4.1, 7.1.4.2
Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы мысалында Зертханалық жұмыс "Өсімдіктер-дің тынысалуын зерттеу" 7.1.4.3
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері (бунақденелілердің демтүтіктері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі). Модельдеу "Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесі мүшелерін салыстыру" 7.1.4.4
Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері 7.1.4.5
Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелері ауруларының себептері мен олардың алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау) 7.1.4.6

3-тоқсан

Бөліп шығару

Тақырып Оқу мақсаттары
Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері 7.1.5.1
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу" 7.1.5.2
Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру 7.1.5.3

Қозғалыс

Тақырып Оқу мақсаттары
Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары). Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі 7.1.6.1, 7.1.6.2, 7.1.6.3
Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыстәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау 7.1.6.4

Координация және реттелу

Тақырып Оқу мақсаттары
Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді 7.1.7.1
Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері 7.1.7.2, 7.1.7.3
Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары 7.1.7.4
Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі. Зертханалық жұмыс "Тізе рефлексі" 7.1.7.5
Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі 7.1.7.6
Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі 7.1.7.7
Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және жылдам ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы. Күйзеліс. Күйзеліс жағдайларымен күрес және олардың алдын алу әдістері 7.1.7.8, 7.1.7.9
Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері 7.1.7.10

4-тоқсан

Тұқымқуалау мен өзгергіштік

Тақырып Оқу мақсаттары
Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік. Модельдеу "Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу" 7.2.4.1, 7.2.4.2, 7.2.4.3, 7.2.4.4
Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны. Соматикалық және жыныс жасушалар. Гаплоидты және диплоидты хромосомалар жиыны 7.2.2.1, 7.2.2.2

Көбею. Өсу және даму

Тақырып Оқу мақсаттары
Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы 7.2.1.1
Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею ұлпаларымен. Зертханалық жұмыс "Өсімдіктердегі вегетативті көбею тәсілдері" 7.2.1.2
Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды). Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы 7.2.1.3, 7.2.1.4
Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю. Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар. Зертханалық жұмыс "Жылдық сақинаны санау" 7.2.3.1, 7.2.3.2
Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері. Бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуына мысалдар. Модельдеу "Жануарлардағы онтогенез типтерін салыстыру" 7.2.3.3, 7.2.3.4

Микробиология және биотехнология

Тақырып Оқу мақсаттары
Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Зертханалық жұмыс "Пішен таяқшасының сыртқы пішінін қарастыру" Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы түйнек бактериялары 7.4.3.1
Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі бактериялардың маңызы. Зертханалық жұмыс "Өндірісте йогурт және ірімшік жасауды зерттеу" 7.4.3.2
Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Зертханалық жұмыс "Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу" 7.4.3.3
Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері 7.4.3.4
БЖБ мен ТЖБ спецификациясы, 7-сынып

Басқа сыныптар

Осы бағдарламаның мақсаттары бойынша ҚМЖ құрыңыз

Telly генераторы 130 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар жазады: тақырып пен оқу мақсатын көрсетіңіз — ол сабақ кезеңдерін, тапсырмалар мен дескрипторларды іріктейді.